Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар



Орындаған: Марденова Гауһар
Тексерген: Кауымбаева Эльмира

Асқабақ пен орамжапырақ тұқымдастар қосжарнақтылар класына жатады. Бұлар -бақша өсімдіктері. Онда өсірілетін өсімдіктерді бақшада өсетін дақылдар деп есептейді. Бақшада негізінен асқабақ тұқымдас өсімдіктер өсіріледі. Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр-бақшада өсірілетін қосжарнақты өсімдіктер. Қазір бақша өсімдіктерінің 900 түрі белгілі. Қазақстанда 9 түрі бар. Бұл өсімдіктердің көпшілігі бізге бұрыннан таныс.
Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері-шөптекті, біржылдық өсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол- құтырған қияр деп аталады. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар- жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша- өзгерген өркен.
Асқабақ тұқымдастар тропиктік және субтропиктік елдерде таралған. Олар - негізінен алғанда мәдени өсімдіктер.
Құтырған қияр
Көпжылдық өсімдік


Асқабақ тұқымдастар ұзын сағақты, жай жапырақты болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражынысты, қосжыныстылары да кездеседі.
Мысалы, жабайы өсетін итжүзім (переступень) - екі үйірлі, көпжылдық өсімдік. Оның тамыры өте жуан. Сабақтары-жіңішке, жемісі-нағыз жидек. Халықтық медицинада тамырын іш босатуға пайдаланады.
Итжүзім
(переступень) - (Bryonia)
Екі үйлі өсімдік

Асқабақ тұқымдастары - Cucurbitaceae

Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу, оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында бағана түзеді. Аталық тозаңдығы- имек. Аналық жатыны-үш ұялы. Жемісі-қабақ (тыквина) . Қабақ деген- өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектес жемісі. Асқабақ тұқымдастарының тұқымы өте көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар (мысалы, мексикалық чайот)
Чайот - chayote
Бір тұқымды

Қияр- көкөністік өсімдік. Гүлдері дара жынысты. Бір өсімдікте аталық та, аналық та гүл кездеседі. Құрамы 95-98% судан тұрады. Корнишоны - кішкентай маринадталған қиярлар кеңінен танымал.
Қиярдың гүлі
Қияр - Cucumis

Қауын (Cucumis melo) - біржылдық щөптекті өсімдік. Көпшілігі даражынысты, қосжыныстылары аз кездеседі. Жемісі - қабақ 20кг дейін тартады. . Жемісінен:
қауынқақ, қауынқұрт, бал-бекмес
алады. Оның құрамында-
60 % қант болады.
Қауынның тұқымынан
25-30 % тағамдық май алынады.

Асқабақ (Cucurbita) - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдіктер. Оның ұзындығы 5 метрге жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама- қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша- түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы-ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі даражынысты, бірүйірлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер- ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл- қысқа гүлсағақтарда болады. Жатыны ұзарып, төмен орналасқан. Сонда аталық гүлінің формуласы Т(5) К(5) А(2) +(2) +1Ж0, ал аналық гүлінің формуласы Т(5) К(5) А0Ж(3) . Жемісі- қабақ.

Жемісінің салмағы 100кг жететін түрлері де бар.

Аққауданды орамжапырақтан жасалған тағамдар
Асқабақтан жасалған тағамдар

Орамжапырақгүлділер (Brassicaceae) немесе Шаршыгүлділер тұқымдасы (Cruciferae)
Олар шөптекті, кейде шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3000-ға жуық түрлері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, бөбешік жапырақтары болмайды. Қосжынысты гүлі шаршы (крест) болып орналасқандықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған. Гүлі шашақ гүл шоғырына жиналған. Тостағанша жапырақшасы 4, күлтесі 4-еу, аталығы 6-ау, оның 4-еуі ұзын, 2-еуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Жемісі - бұршаққын немесе бұршаққынша.

Орамжапырақгүлділер тұқымдасының көпшілігі халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Орамжапырақ, шомыр, шалғам, тарна - көкөніс өсімдіктері.
Қыша, ақжелкек - татымды; рапс, арыш - майлы; ақбасқурай -дәрілік өсімдіктер. Қышабас, жұмыршақ тәрізді арамшөптер де бар.
Орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер) тұқымдасы гүлінің формуласы: жабайы шомырдікі - Т2+2К4А2+4 Ж(2) .

Орамжапырақтардың түрлері:
1 -аққауданды;
2- қызылқауданды;
3 - савой орамжапы-
рағы

Брокколи - Brassica sylvestris
Түсті орамжапырақ - Brassica gemmifera
Брюссель орамжапырағы - Brassica oleracea

Қышабас
Қышабас (Barbarea), жұмыршақ (Capsella) - орамжапырақ тұқымдастардың ішіндегі арамшөптері

Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Марденова Гауһар
Тексерген: Кауымбаева Эльмира
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz