Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы: биоәртүрлілік, аумақтық көрсеткіштер және Арал теңізінің тартылуының әсері


Slide 1 Slide 2

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық мәртебеге ие. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды.

Slide 3

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41, 5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі - құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай жыланның уы медицинаға аса қажет.

Slide 4

Қорық екі кластерден тұрады. Мұның біріншісіне бұрынғы Барсакелмес аралының 50 884, 0 гектарлық алабы жатса, екіншісін байырғы Ұзынқайыр және Қасқақұлан аралдарынан қалған 10 9942, 0 гектарлық танап қамтиды.

Slide 5

Жалпы алғанда қорықтың ауданы 105879 га жерге жетеді, ал буферлік аумағы - 54947 га. Бұл аймақтар оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен, яғни, экологиялық апат ошағымен қатар жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда.

Slide 6

Бұл аймақтар оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен, яғни, экологиялық апат ошағымен қатар жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда. Қорықтың қорғалатын бағалы жануарлары - тұяқтылар: сайғақтар, жейрандар және құландар, олар аралдың қатаң шөлдi жағдайына бейiмделген және оның биоценозының негiзгi компоненттерi болып табылады. Жейран шөлдi ландшафтардың әшекейi. Бұл өте жеңiл және сымбатты антилопа. Құлан - жабайы есек, және сыртқы тұрқы бойынша ол жылқыға көбiрек ұқсайды, бiрақ одан кiшiрек және құйрығы қысқа. Алғаш 8 құлан Барсакелмеске 1953 жылы Бадхыз қорығынан әкелiндi. 1985 жылы «Құландар аралында» 260 жануар болды.

Slide 7

Көгiлдiр Аралдың жазығында жарты ғасыр бұрын түзiлген қорық өлiп бара жатқан теңiздiң тағдырын бөлiседi. Солтүстiк Аралдың эталоны, оның өзгерiстерiнiң жылнамасы әрқашанда Барсакелмес қорығы болып қалуы керек. Оның ландшафтары, флорасы және өсiмдiк жамылғысы, жануары қазіргі кезде ерекше назарда. Өйткені ол аймақта тіршілік көзі жыл өткен сайын азайып барады.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!

Орындаған: Марденова Гаухар

Тексерген: а. о. Аманбаева М. Б.


Ұқсас жұмыстар
Барсакелмес қорығы: флора мен фауна, Арал теңізінің құрғауы және жергілікті аңыздар
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы: география, климат және биоәртүрлілік
Барсакелмес мемлекеттік қорығы: тарихы, орналасуы және флора мен фаунасы
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы: аумақтық құрылымы және физико-географиялық сипаттамасы
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы: тарихы мен биоәртүрлілігі
Арал теңізінің экологиялық дағдарысы: себептері, денсаулыққа әсері және қалпына келтіру перспективалары
Арал теңізінің тартылуы: себептері, салдары және қалпына келтіру ұсыныстары
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы: тарихы, табиғи жағдайы және биологиялық әртүрлілігі
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы: табиғи жағдайы, құрылымы және биоәртүрлігі
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы: құрылуы, экожүйелері мен қорғалатын түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz