Коллоидты ерітінділерді тазалау әдістері
Презентация қосу
Жоғары молекулалық қосылыстардың гидрофобты
зольдері мен ерітінділерін алу кезінде олар түрлі
қосымшалармен ластанады; көбінесе мұндай
системада бастапқы электролит кездеседі; системаға
артығымен қосылатын тұрақтандырғыштармен
ластанады. Тұрақты коллоидты ерітінді алу үшін
оларды қажетсіз заттардан тазарту керек. Енді жоғары
молекулалық қосылыстардың және басқа да коллоидты
системалар мен ерітінділерді тазалаудың кейбір
түрлерін қарастырайық.
Коллоидты ерітінділерді тазалау
әдістері:
Коллоидты ерітінділерді электролит-
терден және төменгі молекулалы
қосылыстардан тазалаудың бірнеше
тәсілдері бар: диализ, электродиализ
және ультрафильтрация.
Диализ
Жартылай өтізгіш мембранадан өткізу арқылы коллоидты бөлшектерді
ұстап қалу қасиетіне негізделген коллоидты ерітінділерді иондар мен
молекулалар қоспаларынан тазарту әдісін диализ деп атайды. Диализ
әдісі коллоидты ерітіндіні тазалағанда жартылай өткізетін кеуектен нағыз
ерітінділер өтеді де, ал бөлшек өлшемі ірілері сү-зіліп, өтпей қалу
құбылысына негізделген. Қолданылатын аспап диализатор деп аталады.
Ол үлкен науа ішіндегі жартылай өткізетін кеуектен жасалған қалтадан
тұрады. Қалта ішіне коллоидты ерітінді құйылады да, науа ішінде ылғи су
ағызылып тұрады. Осы кезде кеуектен өткен қоспа ерітінділер су мен
науадан ағып кетеді. Қалта ішіндегі және сыртындағы ерітінді
концентрация айырмасы артқан сайын диализатордың өнімділігі
жоғарылай түседі. Диализатордьщ басты кемшілігі диализ проце-сінің
баяу жүретіндігінде. Бұл өте қарапайым және жеңіл әдісті Томас Грэм
ұсынған болатын.
Қарапайым диализатордағы диализ көп
уақытты алады. Кейінгі кезде коллоидтарды
электролиттерден жылдам әрі толығымен
тазартатын электродиализ әдісі қолданылуда.
Бұл тұрақты токты қолдана отырып
электродиализаторда (екі мембрана арқылы үш
бөлікке бөлінген ыдыс) жүргізіледі.
Электродиализ.
Бұл — диализ әдісін электр тогын пайдаланып, жеделдетілген әдіс. Әр
түрлі үлгі бойынша құрастырылған электродиализаторлардың жұмыс
істеу негізі бір. Ол ішкі қабырғалары жартылай өткізетін қабілеті бар
кеуектен жасалған үш науадан тұрады. Осы үш науаның
ортасындағысына тазаланатын коллоидты ерітінді, ал сыртқы екі науаға
ағын су — еріткіш құйылады. Сыртқы науа ішіндегі электродка тұрақты
ток кернеуі беріледі. Ондағы потенциал 2 — 5-103 В/м-деп кеміген кезде,
коллоидты ерітіндідегі әрбір ион өзіне сәйкес келетін полюстегі
электродқа қарай бағытталады. Кеуек арқылы тек иондар ғана
өткендіктен, коллоидты ерітінді өзіндегі қосымша электролиттерден
тазалана бастайды. Кәдімгі жай диализаторлардағы тазарту процесі
тәуліктеп жүрсе, ал электродиализаторлардағы бүл процесс өте жылдам
өтеді және еріткіш шығымы барынша азаяды. Соңғы кезде электродиализ
әдісі биохимияда, медицинада, тамақ өнеркәсібінде жиі қолданылуда.
Электродиализатордың схемасы
Ультрафильтрация.
Коллоидты ерітінділерді жартылай өткізгіш
мембрана арқылы фильтрлеу жолымен
дисперстік фазаны дисперстік ортадан бөлу
процесін ультрафильтрация деп атайды.
Ультрафильтрация кезінде коллоидты
бөлшектер фильтрде (мембранада) қалады,
ал құрамында электролиттері бар фильтрат
еріткішке өтеді.
Ультрафильтрация
Ультрасүзу.
Ултьтрасүзу деп қатты, қуысты денеге арнайы бекітілген жартылай өткізгіштік
қабілеті бар кеуек сүзгіштер арқылы коллоидты ерітіндіні сүзу процесін айтады.
Кәдімгі сүзгіш қағаз арқылы коллоидты ерітінділер оңай өтетіндіктен, ультрасүзу
кезінде арнаулы целлофан немесе коллоид сіңірілген сүзгіш қағаздар
пайдаланылады. Әдетте ультрасүзу процесі үлкен кысымда не вакуумда жүргізіледі.
Мұндайда не сығу, не сору құбылыстары пайда болып, олар сүзу ісін тездетеді және
осы кезде дисперсті фаза, яғни коллоидты бөлшектер сүзгіште қалады да, “керексіз
ерітінді” сүзгіштен өтеді. Ультрасүзу әдісі жоғары молекулалық қосылыстардың
зольдері мен ерітінділерін концентрлеу үшін жиі колданылады. Бұл әдіс, әсіресе,
коллоидты система температураға төзімсіз болған жағдайда аса кұнды. Ультрасүзу
кезінде тек белгілі дисперстік дәрежедегі коллоидты бөлшектерді өткізетін
сүзгіштерді қолдану аркылы олардың өлшемін анықтап, сұрыптауға да болады. Осы
негізге сүйене келіп, көптеген вирустар мен бактерия-лардың өлшемі алғаш рет дәл
анықталған. Соңғы кезде электродиализ және ультрасүзу әдісі бір кондырғыда
біріктіріліп қолданылуда. Мұндай құрама әдісті электроультрасүзу дейді. Әрине
оның жылдамдығы өзіне дейінгі әдістегіден едәуір жоғары.
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Марденова Гауһар
Тексерген: Жаксыбаева Жанар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz