Карл Линнейдің еңбектері
Презентация қосу
Карл Линнейдің
еңбектері
Орындаған: Марденова Гауһар
Тексерген: Саимова Рита
Карл Линней (Carl
von Linné)
Карл Линней -
организмдерді
алғаш рет
топтастырып
жүйеге келтірген
швед ғалымы,
жаратылыстануш
ы.
Қысқаша өмірбаяны:
Туған күні, туған жері: 1707
жылы 23 мамырда Швецияның
Росхульт қаласында дүниеге
келген.
Қайтыс болған күні, жері: 1778
жылы 10 қаңтарда 70 жасқа
келгенде Швецияның Упсале
қаласында дүниеден өтті.
Тұратын жері: Швеция
Ұлты: швед
Зерттеу салалары: ботаника,
биология, зоология
Карл Линней
(1707-1778)
Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778)
эволюционистердің маңызды әуелгері) деуге болады. Оның
«Табиғат жүйесі» еңбегі 1735 жылы жарыққа шығьп,
К. Линнейді дүниежүзілік даңққа бөледі. Онда өсімдіктер мен
жануарлар ағзаларын жіктеудің негізгі қағидалары
сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса бағынған жүйелік
санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы
проблемаға арналған тағы бір еңбегі: «Ботаника
философиясы» кейінірек жарық көрді.
Өсімдіктер мен жануарларды класқа, отрядқа, туысқа, түрге бөлуді де
бірінші болып ұсынған. Биологияға 1000 - ға жуық терминдерді
енгізген. Жүйелеуде өсімдіктер мен жануарларды латын тілінде түрі
мен туысын білдіретін қос атпен атауды ұсынды. «Табиғат жүйесі"
атты еңбегі өте құнды болғандықтан 12 рет басылып
шыққан.Ботаника ғылымының президенті. «Жүйелеу атасы» атанған
Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының
саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал
жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына
қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер,
құстар, балықтар, бунақденелілер және құрттарды жатқызды.
Өсімдіктер мен жануарлар адам үшін пайдалы және
зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер адамның
пайдалану ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік
өсімдіктер деп топтастырылды. Тірі организмдерді
мұндай жүйелеу ғалымдарды қанағаттандырмады.
Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды
құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты белгілі
топтарға бөлуге әрекет жасады. Бұл кезде
өсімдіктерді және жануарларды жеке сипаттап
жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді осындай
өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда
жүйелеу кажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар
өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше
белгілеріне қарап топтастыра бастады.
К.Линней 8000-нан астам өсімдікке және 4000-нан астам жануарға сипаттама жазды. Ол тірі организмдерді ұқсас белгілеріне
қарап:
түрлерді—туысқа,
туыстарды—отрядқа,
отрядтарды — класқа
топтастырды. Ол, осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейде белгілеп, әрбір түрді латынның қос сөзімен атауды
ұсынды. Мұндағы бірінші сөз — туыстың, екінші сөз — түрдің атын білдіреді. Мұны ғылымда түрді қос сөзбен атау (бинарлық
номенклатура) деп атайды. К.Линней ұсынған түрді қос сөзбен атау казіргі кезде де колданылады. Оның жүйелеуіндегі ең жоғары
жүйелік топ—класс, ең кішісі — түр тармағы деп аталды. Кейінгі кездегі ғылымның дамуына сәйкес жануарларды жүйелеуде —
отряд, тип; өсімдіктерде — қатар, бөлім деген жүйелік топтар косылды. К.Линней өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің
жетілдірілген жүйесін жасады. Ол сол кездегі ғылымға белгілі өсімдіктер мен жануарларды толық жүйелік топтарға жіктеп шықты.
К. Линней, сондықтан да өз заманының көрнекті ғалымы болды.
Құстарды отрядка жіктегенде тұмсықтарының пішініне,
сүтқоректілерді тістерінің құрылысына қарап топтастырды. мұндай
кездейсоқ белгілеріне қарап жүйелеудің нәтижесінде, К.Линней
көптеген кемшіліктерге жол берді. Сондықтан оның жүйесі "жасанды
жүйе" болды, осыған сәйкес бір- біріне туыстық қатысы жоқ
организмдер бір туысқа жатқызылды. Мысалы, сәбіз бен зығырдың
гүлдеріндегі аталықтарының саны бесеу болғандықтан бір туысқа
біріктірген. Шын мәнінде бұл екі өсімдік екі түрлі туысқа жатады. Ол
тауық пен түйеқұсты бір отрядка топтастырды. Негізінде, тауықтар—
қырлы төссүйекті құстар, ал түйеқұстар — қырсыз төссүйектілер
болып, жеке отрядтан да жоғары жүйелік топтарға жатады. К.
Линней өз жүйелеуінде осындай кемшіліктеріне қарамастан,
биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп үлес қосты. Ол адамды
сүтқоректілер класына, оның приматтар(маймылдар) отрядына
жатқызып, түрін—саналы адам (Homo
(Homo sapiens) деп ғылыми дұрыс
жүйеледі.
Қорытынды:
Жіберген кемшіліктеріне қарамастан К. Линней органикалық
дүниенің дамуына жаңалықтар қосып, ен алғашқы жүйені
құрды. К. Линней өзіне дейінгі ғалымдардың өсімдіктерді
қалай жүйелегендеріне талдау жасады.
Олардың өсімдік атауларының бас әрпінің ретіне, гүл
күлтесінің пішініне, тұқым санына, пайда - зиянына қарай
жүйелегенін байқады. Сондықтан ол ғалымдардың бұрынғы
жүйесіне ұқсамайтын ерекше жүйе жасады. Туыс пен түрдің
қос атауы бүгінгі күнге дейін ғылымда кеңінен қолданылуда.
Сондықтан К. Линней өсімдіктер мен жануарларды
жүйелеудің алғаш негізін салған ғалым болып саналады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Марденова Гауһар
Тексерген: Саимова Рита
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz