митоз
Презентация қосу
МИТОЗ
Орындаған: Марденова Гауһар
Тексерген: Джунусова Раушан
Митоз - соматикалық жасушалардың бөлінуі.
Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін
әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас
жасушаларға тең бөлінуін және жасуша
ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын
қамтамасыз етеді.
Митоздың биологиялық маңызы - хромосома
санының екі еселенуі және олардың жас
еншелес жасушаларға тең бөлінуі. Митоз
процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға
бөлінуге даярлана бастаған шақта,
хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер
байқалады. Әр хромосома ұзын бойына екіге
бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең
генетикалық материал алады яғни хромосома
жиынтығы тең болады.
Митоз процесі 4 сатыдан
өтеді: профаза, метафаза,
анафаза және телофаза.
Интерфаза – жасушаның
екіге бөлінуі аралығындағы
дайындық кезеңі. Бұл кезеңде
боялып бекітілген ядроның
боялған жіңішке
жіпшелерден тұратын торлы
құрылымын байқауға
болады.Интерфаза G1,S,G2
бөлім, кезеңдерінен тұрады.
G1- кезеңінде жасуша ішінде
метаболизм үдерісі қарқында
жүзеге асады.
S- кезеңінде жасушадағы генетикалық кодты
сақтайтын ДНҚ репрликациясы болады яғни ДНҚ
екі еселенеді. G2- кезеңінде жасушадағы
органойдтар екі еселенеді. Сонымен интерфаза
кезеңінде жасуша митозға толығымен дайындалады.
Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші
сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде
шиыршықталып бұратылуының салдарынан
хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза
кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ
жерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар
бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы
бұзылады да хромосомалар цитоплазма мен
кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы –
миксоплазманың ортасында қалады.
Метафаза фаза сатысының екі
кезеңі бар: метакинез –
хромосомалар жасушаның
экватор аймағына жиналып
шоғырланады, жасуша бөлінуге
дайындалады; нағыз метафаза –
хромосома жіпшелері
центромералармен
байланысады, хромосомалар
хроматидтерге жіктеледі. Клетка
цитоплазмасы бұл кезде
тұтқырлығын жоғалтады. Бұл
кезеңде әрбір хромосоманың
центромерасы дәл экваторда, ал
қалған денесі экватордан тыс
жазықта болуы мүмкін.
Анафаза – хроматин жіпшелерінің
болашақ жас жасушалардың
полюстеріне қарай созылып,
ахроматин ұршығын құрау кезеңі.
Ахроматин ұршығының белдеуінде
хромосомалар түрліше орналасып,
ең алдымен аналық жұлдызын
құрайды. Сонан кейін аналық
жұлдыздағы қосарланып орналасқан
гомологиялық хромосомалардың
ұзынынан бөлінуі нәтижесінде
пайда болған жас хромосомалар
жасушаның полюстеріне қарай
ығысады да, екі жас хромосома
жұлдыздары пайда болады. Осының
нәтижесінде бір жасуша екіге
бөлініп, жас жасушалар түзіледі.
Анафазада хромосомалардың
жасуша полюсіне ығысуы бірден
басталып, өте тез арада бітеді.
Телофаза митоздың ақырғы
сатысы. Телофаза кезінде
хромосомалардың қозғалуы
аяқалады, митоздық аппарат
бұзылады, ядрошықтар пайда
болады. Клетканың қарама-қарсы
полюсінде жаңа пайда болған
хромосомалардың сыртынан
ядролық қабық пайда болады.
Жаңа ядролардың қайта
құрылуымен қатар әдетте клетка
денесі бөлініп, цитотомия не
цитокинез өтеді де, екі жасуша
құрылады. Телофаза кейде
цитотомиямен аяқталмай екі
ядролы жасуша құрылады.
Митоздың тұқым
қуалаушылықтағы маңызы
1.Митоз әрекеті өсу барысының маңызды кезеңі.
2.Аналық жасушадағы митоз барысында пайда
болған генетикалық материал жас жасушаларға тең
бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат
аналық жасушадағы генетикалық ақпараттың
көшірмесі болып табылады. 3. Бөлінгеннен кейінгі
жас жасушалардағы хромосомалар аналық
жасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді.
Егермитоз әрекеті зақымдалса, хромосомалар санында
ауытқу болады, көбейеді немесе азаяды. Хромосомалар
санының ауытқуына байланысты жасуша үлкен
өзгеріске ұшырайды. Жасуша тіршілігін жояды немесе
мутация пайда болады.
Митоздың ұзақтығы әр түрлі болады.
Хромосомалардың саны
Бәр түр екінші түрден
хромосомалар санына
байланысты ажыратылады. Әр
түрдің хромосомаларында сол
түрдің тұқым қуалау қасиеттерін
сақтайтын генетикалық ақпарат
болады. Бір түрдің ядросындағы
хромосомалардың толық
жиынтығын диплоидты деп, ал
оның
жартысын гаплоидты жиынтық
деп атайды. Адамның 46
хромосомасы бірігіп, 23 жұп
түзеді.
Сомалық(дене) жасушалардың ядросында
диплоидты(қосарлы) хромосомалар, ал
жыныс жасушаларында хромосомалардың
гаплоидты (сыңар) жиынтығы сақталады. Әр
түрдің хромосомалары пішіні, саны бірінші
реттік және екінші реттік үзбелердің
орналасуы жөнінен бір-бірінен өзгеше
болады
Назарларыңызға
рахмет!!!
Орындаған: Марденова Гауһар
Тексерген: Джунусова Раушан
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz