Міндеттемелік құқық. Міндеттемені орындау негіздері


Slide 1

Тақырыбы: Міндеттемелік құқық. Міндеттемені орындау негіздері. Орындаған:Аманбай Д. Ю-201 Тексерген:з. ғ. к Смағұлова А.

Slide 2

Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышкер) басқа адамның (кредитордың) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы да сол сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал кредитордың борышкерден өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқығы бар. Кредитор борышкерден атқарылғанды қабылдауға мiндеттi. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінде өзгеше көзделмесе, міндеттемелерге осы кіші бөлімнің ережелері қолданылады.

Slide 3

Мiндеттеме тараптары

1. Алынып тасталды - ҚР 1998. 03. 02 N 211 Заңымен.

2. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады (Азаматтық Кодекстiң 286-288-баптары) .

Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.

3. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.

Slide 4

Азаматтық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады, өйткенi, осы әрекеттер азаматтық заңнамада көзделмегенiмен, олардың жалпы бастаулары мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туындатады.

Slide 5

Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан және өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ азаматтық заңнамада көзделмегенімен, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн мәмiлелерден;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының күшімен азаматтық-құқықтық салдарларға алып келетін әкiмшiлiк актілерден;

3) азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау, жою, сатып алу немесе оны иеліктен шығару, сондай-ақ мүлікке құқықтан бас тарту нәтижесiнде;

Slide 6

5) өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлерді, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын және зияткерлік қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау салдарынан;

6) басқа тұлғаға зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа тұлға есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық-құқықтық салдарлардың басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады, өзгереді және тоқтатылады.

Slide 7

Мiндеттеменi тиiсiнше орындау Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Slide 8

Мiндеттеменi үшiншi жақтың орындауы

Slide 9

Мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындау

Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнiнен туындамаса, борышқор мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға құқылы.

Кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мәнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.

Slide 10

Мiндеттеме орындалатын жер

1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру - мүлiк орналасқан жерде;

2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып беру - мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;

3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кәсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру - мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;

Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:

Slide 11

4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса - мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа - орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;

5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.


Ұқсас жұмыстар
Тараптар борышқор несие беруші
Міндеттемені орындауын қамтамасыз ету
Міндетеменің бұзылғаны үшін жауаптылық
Міндеттеме түсінігі, шарт және оның түрлері
Міндеттемені тоқтатудың мейлінше тиімді түрі - оны орындау
Азаматтық –құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
БОРЫШҚОР МІНДЕТТЕМЕСІ
МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқықтық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz