Тұлғалық өсудің критерийлері


Slide 1

Тұлғалық өсудің критерийлері

Slide 2

Жоспары:

Тұлғалық, өзін жетілдіру туралы идеялар (базистк бағдарламалар)

Тұлға ұғымының түсінігі

Тұлғалық өсідің критерийлері:

Интраперсоналдық критерий

Интроперсоналдық критерий

Slide 3 Slide 4

Мен бір нәрсені ұғындым. . . өзін жетілдіру ұғымы Роршахтың сиясына қатты ұқсас болып келеді. Көбінесе бұл ұғымды қолданған кезде, маған сол ұғымның шынайы мәнінен гөрі, соны қолданған адам туралы көптеген мәлімет берді. А. Маслоу

Slide 5

Отандық психология мен педагогикада қазіргі таңда «тұлғаның өзін жетілдіруі», «өзін таныту», «тұлғалық өсу» және т. б ұғымдар көп таралған және қолданысқа кеңінен енген ұғымдар болып келеді. Бірақ, біздің ойымызша «бұл жаңа формулалар толықтай ұғынылмаған және өзінде нақты мәнге иеленбейді немесе олар метафоралық сипатта пайдаланылып, әдемі ярлыктың қызметін атқарады.

Соңғысында біздің ғалымдарымыз батыстың идеяларын механикалық түрде біздің психолого-педагогикалық практикамызға енгізуге тырысады.

Сондықтан да өзін таныту, тұлғалық өсу және басқа да идеялар өзінен өзі туындаған жоқ, олар тереңнен алынған бағдарлар негізінде қалыптасып, адамға және оның дамуына байланысты өзіндік амалы болады.

Slide 6

Өз кезегінде Макс Отто былай тұжырымдаған: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі - оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы. Егер адам басқа адамдарға сенім артса, онда ол олардың көмегімен белгілі бір жетістіктерге жете алады және бұл сенім оның өмірге деген, әлемге деген қатынасын өзгертеді. Кейін олар сеніммен гармонияда болады. Ал сенімнің болмауы осыған сәйкес түсініктерді қалыптастырады»

Осыдан біз әрбір концепцияда міндетті түрде болатын теоретикалық пен практикалық құрылымнан басқа, оның құндылық құрамы болады. Осы аксеомалық кредо концептуалды құрылымның шынайы фундаменты болып келеді.

Slide 7

Егер адамның сенім-сенімсіздік критерийсін қолдансақ. Өз кезінде Макс Отто былай деп айтқан: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі - оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы (С. Б. -мен негізгі психологиялық теорияларға қосымша ретінде атап өтілген) . Олар өз кезегінде бірдей мәнге ие болмайтын 2 топқа бөлінеді:

адам табиғатына «сенетін» (яғни гуманисттік бағдарланған) ;

«сенбейтін». Бірақ, әрбір топтың ішкі құрамынан да өзгешеліктер табуға болады

Slide 8

«Сенбейтіндердің» тобында (пессимисттердің) қатал позицияны ұстанады. Олар адам табиғатын негативті - ассоциалды және деструк-тивті болады және адам оны шеше алмайды. Бірақ одан қарағанда жұмсақ форма да болады. Ол нейтралды объект түрінде болады.

«Сенетін» топтың ішінде радикалды көзқарас болады. Олар міндетті позитивті көзқарасты ұстанады, адам конструктивті, жақсы мәнге ие болады. Бұл ерекшеліктер потенциал түрінде болады және бұл потенциал жағдай өзгерген сәтте ашылады, және адамға байланысты епті көзқарас та болады. Ондай мәнге адам бірден ие болмайды және позитивті өзін жетілдіру міндетті түрде болып жатпайды. Бірақ ол адаммен саналы, ерікті түрде таңдалады және оны шартты-позитивті деп атауға болады.

Slide 9

Адамның болмысы туралы мәселемен қатар, сол мәнмен не істеу керек екендігі туралы мәселе де кеңінен қарастырылады. Бұл жерде оны тәрбиелеу, дамыту және жақсарту мәселелері қарастырылады. Тәрбиелеудің мәні туралы мәселе принципиалды түрде былай шешіледі: егер адамның болмысы негативті болса, оны өзгерту керек; егер ол жоқ болса, оны құрастырып, консруктизациялап, адамға енгізу керек. Егер ол позитивті болса-оның ашылуына көмектесу керек, егер болмыс ерікті түрде жүзеге асса, оған сол шешімді қабылдауға көмектесу керек.

Slide 10

Базистік бағдар

Адам табиғаты

Тәрбиелеу мәні

Негізгі өкілдері

Адамға деген сенімсіздік

Негативті

Өзгерту, компенсация

Классикалық фрейдизм

Нейтралды

Қалыптастыру, түзету

Бихевиоризм, отандық бағыттар

Міндетті позитивті

Өзін жетілді-рудегі көмек

К. Роджерс,

А. Маслоу концепциялары

Адамға деген сенімдік

Шартты позитивті

Таңдаудағы көмек

В. Франкл, Дж. Бюдженталдың экзистенциалды бағыттары

Әлемдегі базистік имплицидті психологиялық концепциялардың типологиясын кесте түрінде ажыратып көрсетуге болады.

Бірақ бұл кесте әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс, ашып көрсете бере алмайды. Біздің ойымызша ол педагог пен психологтың кәсіби аумағындағы өзгешеліктерді ажыратып, таңдау нұсқалары мен осы таңдаудың себептерін фиксациялайды.

Slide 11

Осылайша тұлғалық өсу және өзін жетілдіру концепциясы адамға деген гуманисттік көзқарастардың логикалық жалғасы екендігі анық. Және ол өз кезегінде адамға сенім артпайтын бағыттармен байланысты емес. Бұл жерде атап өтілген тұлға мен тұлғалық өсу ұғымдары «гуманисттік психологияның дамуына» үлесін қосқан лидерлердің К. Роджерстің концепциясына сүйенеді.

Slide 12 Slide 13

Жалпылай алғанда тұлға - сыртқы ортамен, басқа адамдармен және өз-өзімен қатынас үшін жауап бере алатын, өз өмірінің субъекті болып келеді. Тұлға - өзін реттеудің ішкі жүйесі. Ол басқа детерминациялайтын күштердің әсер етуін бастан кешіп, оларды ішкі әлем немесе ағза деп атауымызға болады. Және одан басқа сыртқы әлем болады, ол аумақты түсінікте қолданылады, соның ішінде басқа адамдар да. Осы үш басқаратын күштің арасындағы байланыс адамның өмір жолын анықтайды; оны дамудың үшбұрышы деп қарастыруға болады.

Slide 14

Тұлғаның кемелденуінің маңызды көрсеткіштеріне: интенционалдылық, автономдылық, динамикалылығы, тұтастылық, конструктивтілік және индивидуалдылық жатады. Бірақ бұл тұлғаның атрибуттары берілмеген, олар шартты түрде жасалған. Олардың жүзеге асуының деңгейі белгілі-бір шарттарға сәйкес болады - бастапқыда тұлға басқа екі қозғаушы күшпен қатынасына байланысты.

«Дамудың үшбұрышы» суреті

Ішкі әлем

Сыртқы әлем

Тұлға

Slide 15

Тұлғалық-орталықтанған бағдардың орталық идеялардың бірі: егер адам (тұлға) ерікті болса және өзін тыңдай алу және өзін тұтас табиғи ағза ретінде қабылдай алса, «өзін жетілдіруге» деген тенденция толық күшімен жүзеге асады және адамның қозғалысын қамтамасыз етіп отырады. Бұл тенденция адамның бойында нышан ретінде болады деген идея өте маңызды, ол белгілі-бір жағдайларда жүзеге асып отырады, бірақ сыртқы күштермен қалыптаспайды және басқарылмайды: «бұл ішкі тенденция, ол сырттан мотивтенбейді және оны үйретуге мүмкін емес». (Лэндрет Г., 1994, 63б. ) .

Slide 16

Тұлғаның сыртқы ортамен байланысы - әсіресе басқа адамдарың әлемімен - өте күрделі, біркелкі емес және драматикалық болады. Тұлға жағынан қарастырғанда онда басқа адамдармен қатынасқа деген қажеттілік болады, адам, К. Роджерстің айтуы бойынша, «әлеуметтен ажырамас болып келеді: онда қарым-қатынасқа тереңдетілген түрде қажеттілік болады» (П. Тиллих, К. Роджерс. . ., 1994, 136б. ) . Сонымен қатар, «Мен» тұлғасының орталық компоненті - өзіндік құрметке деген қажеттілік болады және ол бала шағынан бастап басқа адамдардан құрмет және махаббат сезімі арқылы сипатталады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың тұлғасы қоғаммен қарым-қатынасқа ғана бағытталмай, олардан ажырамас түрде болады.

Slide 17 Slide 18

Тұлғалық өсу гуманистикалық түсініктерден қарағанда - белгілі-бір білімдерді қабылдау емес; белгілі-бір әрекетті және әсіресе «қоғамға пайдалы», құндылық бағдарларының жүйесінің қалыптасуы емес, баламен қоғамдық адами болмысты өзіне иелену емес, белсенді өмір позициясын қабылдау емес, жаңа формаларды танып-білу дағдысы емес, идеалды ересектің бейнесін қабылдау емес.

Осы аталған адамның өзгеруінің бағыттары белгілі-бір позитивті мәнге ие. Бірақ бұл бағыттар «тұлғадан» деген бағытты қолдайды, сондықтан да ол тұлғалық өсуге көмек бермейді. Ол оны тежеп, тұлғалық өсуге керекті ерекшеліктерді қалыптастырмай, оны алмастырады.

Сондықтан да олар даму үшбұрышының бір қырында ғана қалыптасады, яғни «сыртқы әлем-тұлға» байланысы ғана есепке алынады.

Slide 19

Тұлғалық өсудің басты психологиялық мәні - босаңсу, өзіңді және өмірлік мәнді табу, өзін жетілдіру және барлық тұлғалық негізгі атрибуттарды дамыту. Ал тұлға мен өзінің ішкі өмірімен қатынаста болу сыртқы әлеммен қатынаспен тең. Адам үшін принципиалды маңызды болып оның ішкі өмірін басқа адамдармен құрмет тұту. Осылайша тұлғалық өсу болу үшін интерперсоналдылық интраперсоналдылықпен басылмау керек және адам 3 негізгі шыңды байланыстырып, қатынас жасай алса. Тұлғалық өсу әрқашан адамның жасына сай бола бермейді, бұл күрделі көпаспектті процесс және ол индивидуалды-өзіндік траекторияға ие болады.

Біз К. Роджерстің формуласына сүйеніп, «негізгі тұлғалық өсудің заңы» туралы айта аламыз. Оның негізгі тезисі мынандай: егер керекті жағдай болса, онда адамның бойында өзіндік даму болады, онда табиғи түрде тұлғалық жетілу пайда болады.

Slide 20

Тұлғалық өсу әрқашан адамның жасына сай бола бермейді, бұл күрделі көпаспектті процесс және ол индивидуалды-өзіндік траекторияға ие болады. Біз К. Роджерстің формуласына сүйеніп, «негізгі тұлғалық өсудің заңы» туралы айта аламыз. Оның негізгі тезисі мынандай: егер керекті жағдай болса, онда адамның бойында өзіндік даму болады, онда табиғи түрде тұлғалық жетілу пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл өзгерістер - олардың құрылымы, бағдары, динамикасы - тұлғалық өсудің бар екендігі жайлы мағлұмат бере алады және оның критерийлері ролін атқарады.

Толық тұлғалық өсу кезінде ондай өзгерістер адамның ішкі өмірімен қатынасына да интерперсоналдылық, сыртқы өмірмен қатынасына да интерперсоналдылық, сыртқы өмірмен қатынасына да интраперсоналдылық байланысты болады.

Осылайша тұлғаның өсу критерийлері интер мен интраперсоналдылықтан қалыптасады.

Slide 21

Тұлғалық өсудің интраперсоналдық критерийлері: Өзін қабылдау. Бұл өзіндік қабылдауды және өзіне деген махаббаты білдіреді. Адамның қаншалықты өзіне құрмет тұтатынын және өзіндік шешімге келе алу қабілетін өзіне қосады (Роджерс К., 1993, 69б. ), өзіне деген сенім, өзіндік табиғатына сену де осыған жатады.

Ішкі бастан кешу тәжірибесіне ашылу. «Бастан кешу тәжірибесі» - гуманистік психологиядағы орталық ұғымдардың бірі. Ол ішкі әлемнің жағдайларын субъективті бастан кешуді көшеді. Тұлға неғұрлым күшті және жетілген болса, соншалықты ол сыртқы әсерлерге бағынбайды және өзінің ішкі шынайылығына түңіле алады, қазіргі шықпен өмір сүре алады».

Slide 22

Өзін түсіну. Өзің және қазіргі күйің туралы тереңдетілген, толық және нақты түсініктің болуы; өзіңді шынайы ретінде қабылдай алу, адекватты және иілгіш «Мен» коцепциясы, жаңа тәжирибені ассимиляциялай алатын, идеалды «Мен» мен шынайы «Меннің» жақындасуы -осылардың барлығы тұлғалық өсудің негізгі тенденциялары.

Жауапкершілікті ерік. Өзімен қатынас жасау деген кезде біз өзіміздің өмірімізді саналап, өзіміздің бостандығымызды және субъекттілікті қабылдау. Ол «ішкі локус бағалауды» білдіреді - құндылықтарды таңдаудағы жауапкершілік жән бағалау, сыртқы бағалардан тәуелсіз болу. Сонымен қатар, бұл өзіндік танытудағы жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы
Мансаптық өсудің алты сабағы
Озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының жетістіктерін енгізу
Мұғалімнің этнопедагогикалық құзыреттілігі
Өздігінен білімін жетілдіру - педагогтың кәсіби өсу шарты
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Сараланған әдістер Батырдың жақсы қасиеттерін көркемдегіш құралдарды қолдану арқылы талдау
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу.Себептері,факторлары
Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу
Экономикалық өсу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz