СҰРЫПТАЛУ, ӨЗГЕРГІШТІК. ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ


Slide 1

Сұрыпталу, өзгергіштік. ДНҚ құрылысы және қызметі

ВТиПО 17-1Б

Рахымбай Бикен

Slide 2

Сұрыптау дегеніміз - жануарлар қолтұқымын, өсімдіктер іріктемесін және ұсақ ағзалардың таза дақылдарының жаңа туындыларын шығарудың теориялық негіздері және әдістерін жетілдірумен шұғыданатын ғылым. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау ХІХ ғасырдың ортасынан бері өмір сүре бастады, өйткені сұрыптаудың теориялық негізі генетика және эволюциялық теория болып табылады.

Slide 3

Сұрыптау негізін қалаған - Филипп Виктуар (1746-1804), оның немересі - Луи (1816-1860 ), шөбересі - Анри ( 1843-1899 ) .

Slide 4

Сұрыптау әдісінің түрлері

Сұрыптау өсімдіктер селекциясының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Сұрыптау әдістері өсімдіктің белгілі бір түрінің көбею формасына байланысты.

Slide 5 Slide 6

Жаппай сұрыптау

Жаппай сұрыптау дегеніміз - бастапқы материалдан селекционер үшін тиімді белгілері бар особьтар топтарын бөліп алу. Жаппай сұрыптау айқас тозаңданатын өсімдіктерге жиі қолданылады. Қарабидайдың көп тараған (мысалы Вятка сорты) сорттары осы жолмен шығарылған. Жаппай сұрыптау арқылы біртекті генотиптік материал бөліп алуға болмайды, өйткені, айқас тозаңданатын өсімдіктер популяцияларында әрқашан да көптеген гетерозиготалық особьтар болады. Жалпы сұрыптау әдетте келесі бірқатар ұрпақта әлденеше рет, кейде бір рет қолданылады.

Slide 7

Жеке сұрыптау

Жеке сұрыптау адамдардың назарын аударатын белгілері бар және олардан ұрпақ алуға болатын жекелеген особьтарды бөліп алуға негізделеді. Ол да бір реттік немесе қайталанбалы бола алады. Бұл әдіс өздігінен тозаңданатын ( бидай, арпа, сұлы ) өсімдіктерге қолдануға қолайлы. Өздігінен тозаңданатын бір особьтың ұрпағын таза линия деп атайды. Жеке сұрыптаудың нәтижесінде бір немесе бірнеше гомозиготалық таза линия болып табылатын сорттар алынады. Алайда таза линия ішінде де мутация болып гетерозиготалы особьтар кездеседі. Жынысты жолмен көбейгенде гетерозиготалы особьтардан тұратын сорттардың қасиеттері сақталмайды және олар ажырай бастайды.

Slide 8

Өсімдіктер селекциясындағы қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталу

Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің негізінде жүргізілетін қолдан сұрыптау сорт пен тұқымды өзгертудің басты жолы болып табылады. Бірақ табиғи сұрыпталудың да сортқа әсер ететінін естен шығармау керек. Мәдени өсімдіктерді ( егісті жерлерде, тәлімбақта, т. б. ) өсіргенде оларға көптеген сыртқы факторлар: температура, ылғалдылық, жарық және басқалар комплексі әсер етеді. Демек, табиғи сұрыпталу қолдан сұрыпталумен қатар жүріп отырады да, өсімдіктердің орта жағдайында бейімделушілігін арттырады. Жаңадан шығарылған сорт қашан да қатарынан әсер ететін екі фактордың, яғни адам еңбегі мен табиғи сұрыпталудың нәтижесі болып табылады.

Slide 9

Қолдан сұрыптау - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттары мен тұқымдарын шығару. Қолдан сұрыптау нәтижесінде үй жануарларының қазіргі тұқымдары және мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары алынады. Қолдан сұрыптау теориясының негізін салған Ч. Дарвин ( 1859) . Қолдан сұрыптау 2 негізгі формада жүргізіледі: жаппай және жекелей

Slide 10

Қолдан сұрыптау

Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін ғана пайда болды

Қолдан сұрыптау адамның араласуымен болады

Малдардың адамға пайдалы жақтарын жақсарту үшін белгілі жоспар бойынша сұрыптайды

Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды

Жаңа іріктемелер (өсімдіктерде) мен қол тұқымдар (жануарларда) шығарылады

Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді

Slide 11

Қолдан сұрыптаудың жағымсыз жақтары

Пайда болған белгілері

организмге зиян Олар табиғатта дәрменсіз

Slide 12 Slide 13

Табиғи сұрыпталу

Тіршілік пайда болғаннан бері жүредіүздіксіз

табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ

Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады

Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді

ортаға жақсы бейімделінгендері қалады

Қоршаған орта мен популяцияда тепе-теңдік сақталады

Жаңа түрлер пайда болады.

Slide 14 Slide 15

Өзгергіштік

Өзгергіштік - организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс; тірі организмдердің өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта әсеріне байланысты жаңа белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін жоғалтпауы.

Slide 16

Өзгергіштіктің жіктелуі

Slide 17

Модификациялық өзгергіштік

Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайды. Модификациялық өзгергіш деп гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің көрінуін, осылай фенотиптің өзгеруін айтады. Сыртқы орта факторларына: температура, ылғал, жарық, қоректік заттар, т. б. жатады.

Мысалы, француз ботанигі Боннье 120 түрге жататын өсімдіктерді алып, оларға тәжірибе жүргізген. Өсімдіктің әрбір талын алып, оны теңдей етіп, екіге бөлген. Бір жартысын ауа-райы жылы, өсіруге қолайлы Париж ботаника бағына отырғызады, ал екінші жартысын таудың басына суық жерге егеді. Тәжірибелердің қорытындысы мынадай болады. Парижде отырғызылған өсімдіктің бойы биік болып, таудағысының сабағы қысқарып, жерге жабысып өседі.

Slide 18 Slide 19

Мутациялық өзгергіштік


Ұқсас жұмыстар
МУТАЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРГІШТІК
ДНҚ құрылысы және қызметі
Тіршілік эволюциясы
Жарық репарациясы репарация репарациясы
ЛАМАРК ТЕОРИЯСЫ
Мутация процесі
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті селекцияда пайдалану
Жүйелеу Адамның Жүйелеу себептері қатары жүйелеу қатары
Қозғаушы сұрыпталу
ДНҚ репарацияның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz