ТІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Механика-математика факультеті Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Тақырыбы:ТІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Орындаған:Иманжан Саят
Тексерген: Уршеева Б. И

Тірі ағзалар біржасушалы қарапайым немесе көпжасушалы ағза болғанына қарамастан, Жердегі ерекше биологиялық жүйе болып есептеледі. Тірі ағзалар микроскоппен ғана көрінетін бактериялардан бастап, өте зор сүтқоректілерге дейінгілерден құрылысы және мөлшері бойынша ерекшеленеді. Жүйе ретіндегі әрбір ағза өзара байланысты және өзара әрекеттесетін көптеген алғашқы заттардан тұрады. Ағзаның алғашқы заттары: жасушалар, ұлпалар жәнемүшелер.

Тірі ағзалар жасушалардан құралады. Жасушаның бактерия, біржасушалы балдыр, кірпікшелілер тәрізді дербес ағзалар болуы мүмкін. Бактерия жасушасы өте қарапайым, ал біржасушалы қарапайым жәндіктің құрылысы күрделі. Жасуша құрылысының қандай болғанына қарамастан тіршілік иесінің барлық қасиеттерін (тынысалу, қозғалу, қоректену, есу, даму және т. б. ) көрсетеді.

Тірі табиғат - көптеген алғашқы заттардан тұратын күрделі жаралымды өкімбилікті (иерархия) жүйе. Тірі табиғат әр алуандылығына қарамастан, бірнеше тірілік құрылым деңгейлеріне бөлінеді. Олар: молекулалық, жасушалық, мүшелік-ұлпалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биогеноздық, биосфералық деңгейлер. Бұл жүйелерде барлық негізгі тірілік қасиеттері бола тұра өздеріне ғана тән маңызды өзгешеліктері де болады.

Молекулалық деңгей
Органикалық заттар:нуклеин қышқылы, нәруыздар, майларжәне өзге ағзалық молекулалар барлық жасушалардың негізгі құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзаның тіршілік әрекет үдерістері: зат алмасу, ақпараттар беру, т. б. молекулалық деңгейден басталады. Әр түрлі молекулалар бірігіп, жасуша органоидтарын түзеді, олардың құрылысы күрделі және жасушада белгілі қызмет атқарады.

Жасушалық деңгей
Жасуша - бұл құрылым және қызмет атқару өлшем бірлігі, әрі бүкіл тіршілік иелерінің көбею және даму өлшем бірлігі. Бір жасуша өз алдына жеке организм болып саналады. Кез келген жасуша бір-бірімен тығыз байланысқан ядро мен цитоплазмадан тұрады. Олар сыртынан цитоплазмалық мембранамен қоршалған.

Мүшелік-ұлпалық деңгей
Құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметтері ұқсас жасушалар, ұлпалар мен мүшелер түзеді. Мүшелерден мүшелер жүйесі түзіледі, мүшелер жиынтығынан біртұтас ағза құрылады.

Ағзалық деңгей
Ағза - құрылысының күрделілігіне тәуелсіз (біржасушалы және көпжасушалы) дербес өмір сүре алатын биологиялық жүйе. Органикалық деңгейдің алғашқы заттар өлшем бірлігі - дарақ, ол жүйе ретінде туған сәттен өмірінің соңғы күніне дейін өмір сүреді. Сонымен бірге ұрық даму үдерісінде ағзаның белгілі дарақтарына тән қасиеттер пайда болады.

Популяциялық-түрлік деңгей
Популяция - ағзадан жоғары биологиялық жүйе. Ол дәл сол ағзалар бір аумақта ұзақ уақыт мекендегенде пайда болады. мысалы, әр түрлі аумақта тіршілік ететін қасқырлар популяциясының дарақтары бірімен-бірі шағылысады. Алғашқы заттардың эволюциялық үдерістері популяциялық деңгейде өтеді, яғни көбейеді.

Биогеоценоздық деңгей
Биогеоценозға алуан түрлі өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар және ұсақ ағзалардың бірлестігі, сондай-ақ тірі ағзалар орныққан тап сол жердегі литосфера, гидросфера және атмосфераның құрамдас бөліктері енеді. Сондықтан биогеоценоздың негізгі атқаратын қызметі - энергияны жинақтап, кайтадан бөліп тарату. Биосфералық деңгей. Бүкіл биогеоценоздар жиынтығынан биосфера түзіледі.

Биосфералық деңгей
Биосфера - тірі ағзалар орналасқан Жер қабығы. Бұл ғаламшардағы тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі. Мұнда тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты заттар мен энергия өзгеру айналымы жүреді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz