Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім тарауы бойынша қорытындылау



Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектебі Пән мұғалімі: Т. Жанханова БИОЛОГИЯ “Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім” тарауы бойынша қорытындылау. 11 класс

Тақырыбы:
“Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім” тарауы бойынша қорытындылау.
Мақсаты:
Тірі табиғаттың дамуы жөніндегі алған
білімді жүйелеп, іс жүзінде қолдану.

І. Жобалар презентациясы. ІІ. Топтық тапсырмалар. ІІІ. Қорытындылау

Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар. К. Линней мен Ж. Ламарктың эволюциялық идеялары. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы. Эволюцияның қозғаушы күштері. Жер тарихының даму шежіресі. Эволюциялық процестердің этаптары: микроэволюция, макроэволюция. Эволюцияның басты бағыттары мен негізгі заңдылықтары.
“Тіршіліктің тарихи дамуы
туралы ілім”

Жобалар тақырыптары:
І топ - “Түрлер өзгермейді, жер бетінде қанша түр жаратылса, сонша түр бар” деген көзқарас дұрыс па?
ІІ топ - Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?
ІІІ топ - Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы ролі.
ІУ топ - Эволюциялық ілімнің адамның практикалық іс-әрекеті үшін маңызы қандай?

Жоба “Түрлер өзгермейді, жер бетінде қанша түр жаратылса, сонша түр бар”, - деген көзқарас дұрыс па?
Мақсаты: Ч. Дарвинге дейінгі тіршіліктің дамуы жөніндегі көзқарастарды саралап, “Түрлер өзгермейді, жер бетінде қанша түр жаратылса, сонша түр бар”, - деген көзқарастың дұрыс еместігіне көз жеткізу
Қысқаша сипаттама: Бұл жобада тіршіліктің дамуы жөніндегі метафизикалық және трансформистік көзқарастардың мәні, осы көзқарастардың өкілдері К. Линней мен Ж. Б. Ламарктың еңбектері сараланды. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары негізінде діни-идеалистік көзқарастар сынға алынды.
Авторлар: Түсіпқалиева А, Жұмағазиева А, Айдынғалиева Г

“Түрлер өзгермейді, жер бетінде Түрлер тұрақты емес,
қанша түр жаратылса, сонша түр бар” жаратылыс себептерінің
әсерінен түрлер өзгеріп
отырады
К. Линней, Ж. Кювье
Ж. Л. Бюффон, Э. Дарвин,
Ж. Б. Ламарк
Тірі табиғаттың дамуы
жөніндегі көзқарастар
Метафизикалық
трансформистік

Жан Батист Ламарк (1744-1829)
Оның негізгі гылыми жетістіктері мынадай:
Линнейдің, әсіресе омыртқасыз жануарлар саласында жүйелеуін жетілдірді.
Тірі ағзалардын, күрделенуін дәлелдей отырып, салыстырмалы-анатомиялық әдісті ойдағыдай қолданды.
Алғашқы эволюциялық теорияны баяндай отырып, тірі табиғаттың қарапайымнан күрделіге қарай эволюциясын дәлелдеді.
Тірі ағзалардың табиғи жағдайларға бейімделгіштік жағына өзгеруін анықтайтын негізгі күші ретінде қоршаған ортаның рөлін алғаш негіздеді. «Биология» терминін енгізді.

Түрлердің алуан түрлілігінің себептері неде? Организмдердің қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қалай түсіндіруге болады?

Чарльз Дарвиннің эволюциялық ілімі
Дарвин 1831 жылы табиғат зерттеушісі ретінде“Бигль” кемесімен жер
шарын айналған саяхатқа кетті. Бес жылға созылған бұл саяхат кезінде
жиналған материалдарын Дарвин өмір бойы өңдеді.

Ч. Дарвиннің ғылыми еңбектері
1859 ж. “Табиғи сұрыпталу жолымен
түрлердің пайда болуы”
1868 ж. ”Үй хайуанаттары мен мәдени
өсімдіктердің өзгеруі”
1871 ж. ”Адамның шығу тегі және
жыныстық сұрыпталу”

Эволюцияның қозғаушы күштері
Табиғи сұрыпталу
Тұқым қуалайтын өзгергіштік
Тіршілік үшін күрес
Эволюциялық ілімнің негізгі қағидалары
1. Жер бетіндегі барлық тірі мақұлықтарды ешқашан ешкім жаратқан жоқ.
2. Табиғи жолмен пайда болған организмдер өте баяу және біртіндеп қоршаған ортаның жағдайларына сай жетіле түсті.
3. Эволюцияның қозғаушы күштері - өзгергіштік, тұқымқуалаушылық және табиғи сұрыптау.
4. Эволюция нәтижесі - организмдердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу мен түрлердің көптүрлілігі.

Түйін
Эволюциялық теория тұрғысынан “Түрлер өзгермейді, жер бетінде қанша түр жаратылса, сонша түр бар”, - деген көзқарас дұрыс емес.

Жоба
Тақырыбы: Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?
Мақсаты: Тірі табиғаттың даму тарихын тани отырып, тіршіліктің өздігінен пайда болмайтындығына дәлелдер келтіру.
Қысқаша сипаттамасы:
Жердің тарихи стадияларындағы - жұлдызды және планетарлық - процестерге сипаттама беріліп, Жер тарихының 5 заманындағы өсімдіктер мен жануарлардың даму әрекетіне шолу жасалды. Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін еместігіне дәлелдер келтірілді.
Авторлар: Нәбиев Нұрлан, Мубаракова Жайнагүл

Тіршіліктің пайда болуы
Панспермия
теориясы
Креационизм
теориясы
Виталистік
теория
Тіршілік жер
бетінде
мәңгілік
Биохимиялық
эволюция
теориясы

Жер тарихы
Тарихи стадиялар
жасы
Жер бетіндегі процестер
Жұлдызды стадия
6 млрд жыл
t -1000 С. Элементтер атом түрінде. Ауыр элемент атомдары жер центріне тартылып, жеңілдері (N, H, C, O) жер бетіне шығады. Олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде газдар бөлінеді.
Планетарлық стадия
3, 5-6 млрд жыл
Газдар алғашқы атмосфера түзеді. Химиялық қосылыстар пайда болады. Су бу түрінде болады. NH3, H2, CO2, CO.
Планета 100 С салқындауына байланысты су булары конденсацияланып, үлкен су қоймаларының түзілуіне әкеледі. (Алғашқы мұхиттар) Найзағайлар әсерінен жер қоймасындағы карбидтер еріп, көмірсулар түзеді, газдар, тұздар да еріп химиялық әрекеттесуге қатысады.

Архей
>3500
Протерозой
2700
Палеозой
570
Мезозой
230
Кайнозой
67
Тіршілік алғашқы мұхитта
3, 5 млрд жыл бұрын пайда
болған.

Геохронологиялық кесте
замандар
Жасы, млн жыл есебімен
Жер бетіндегі процестер
Архей
>3500
Бактериялар мен көк - жасыл балдырлар
протерозой
2700
Жасыл балдырлар, қарапайымдар
Ішекқуыстылар, құрттар, былқылдақденелілер
Желілі сауытсыздар
Палеозой
570
Теңіз омыртқасыздары, саусаққанатты балықтар, қосмекенділер, алғашқы жорғалаушылар. Ұшатын бунақденелілер, жорғалаушылардың өркендеуі. Құрлық өсімдіктері
мезозой
230
Археоптерикс. Жалаңаштұқымды, жабықтұқымды өсімдіктер. Сүтқоректілер мен құстардың пайда болуы
кайнозой
67
Ірі жорғалаушылардың жойылуы. Жабықтұқымды өсімдіктердің көбеюі. Құстар, сүтқоректілер. Адамның пайда болуы мен дамуы

Жер бетіндегі химиялық эволюция 1-1, 5 млрд жылға созылды. Химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға ауысуы

Түйін
Қарапайым органикалық қосылыстардан организмдердің пайда болуы тіршілік ортасына бейімделудің өте ұзаққа созылған әрекеті.
Қазіргі жағдайда тіршілік өздігінен пайда болмайды. Себебі: сәйкес физико-химиялық жағдайлар жоқ және абиогендік жолмен пайда болған организмдер биогендік жолмен ғана дамиды.

ЖОБА Тақырыбы: Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы ролі Мақсаты: Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы рөлін айқындау Қысқаша сипаттама: Органикалық дүниенің даму бағыттары мен жолдарына сипаттама берілді. Авторлар: Мадиева Саялым, Егінбаева Айнагүл,


Тірі организмдердің қарапайымнан күрделіге
қарай дамуы. Даралардың санының артуы,
ареалдың кеңеюі, жүйелік топтар санының
артуы. Организмдердің бейімделгіштігі жоғары-
лап, дивергенция күшейеді
Биологиялық прогресс

Биологиялық
прогресс
АРОМОРФОЗ
ИДИОАДАПТАЦИЯ
ЖАЛПЫ ДЕГЕНЕРАЦИЯ

Ароморфоз
Эволюция барысында тіршілік иелерінің жаратылым деңгейін жалпы көтеретін ірі эволюциялық өзгерістер ароморфоз деп аталады. Ароморфоз тұқымқуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталу нәтижесінде жүретін ұзақ үрдіс. Бұл терминді 1925 жылы А. Н. Северцов енгізді.
Ароморфоз. Тыныс алу (1), қан айналу (2) және жүйке жүйелерінің (3) күрделенуі

Идиоадаптация
Идиоадаптация бұл организмде тіршілік ету барысында белгілі бір ортаға көптеген ұсақ бейімделулердің пайда болуы.
Жолақты кенгуру
бүркіт тырнақты колибри
қапшықты
шұбарқұйрықты
сусар
Семсер тырнақты
колибри

Табиғатта қалыпты қоршаған ортада организмде кейбір мүшелер біртіндеп жойылады. Нәтижесінде организм құрылысы қарапайымданады. Бұл құбылыс жалпы дегенерация деп аталады.
Эволюцияның бұл бағыттары мен жолдары өзара тығыз байланысты. Олар бір бірін аламстырады немесе бір бірінің жалғасы болып табылады.
Араморфоз, идиоадаптация және дегенерация арасындағы
қатынас сызбасы

Қоршаған ортаның өзгерістеріне
эволюциялық топтың даму қарқын-
дылығы төмендеп, қалыс қалады.
Даралар саны кеміп, ареал тарылады,
тіпті кейбір түрлердің жойылып кетуіне
дейін апарады.
Биологиялық регресс

Теңіз мысығы
Уссирий жолбарысы
Гепард

ТҮЙІН
Органикалық дүниенің даму тарихын жете түсіну үшін эволюцияның негізгі бағыт-тары мен жолдарын ажырата білу керек. Эволюция бағыттары мен жолдары бір-бірімен тығыз байланысты.

Жоба Адамның практикалық іс-әрекеті үшін эволюциялық ілімнің маңызы қандай? мақсаты: Табиғатты танып білудің, эволюциялық ілімнің практикалық маңызын айқындау. Қысқаша сипаттама: Ауыл шаруашылығын дамытудағы табиғи сұрыпталу, қолдан сұрыптау, тіршілік үшін күрес жөніндегі білімнің қолданылу бағыттары баяндалды. Авторлар: Дәулетова Жанзия, Муапихов Қуандық

Эволюциялық ілім
Органикалық
дүниенің
даму себептері
Табиғатты танып білу
Дүниеге материалистік
көзқарас қалыптастырды
Эволюциялық
заңдылықтар

Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау ілімі
Сұрыптау
Жануарлардың
қолтұқымдары
Микроорганизмдер
штаммалары
Өсімдіктердің
іріктемелері


Ауыспалы егіс-танаптарын
құру
Қолдан балық
өсіру
Ауылшаруашылық дақыл-
дарынан мол түсім алу
Жұқпалы ауруларға қарсы
антибиотиктер қолдану
Ауыл шаруашылық зиянкес-
теріне биологиялық күрес
Бал арасын
өсіру
Тіршілік үшін күрес
заңдылықтары

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz