Механикалық қозғалыстың негізгі ұғымдары: траектория, орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу және салыстырмалы қозғалыс


Slide 1

МЕХАНИКА

Slide 2

Денелердің басқа денелерге және уақыттың өзгеруіне байланысты орнын ауыстыруы механикалық қозғалыс деп аталады.

Slide 3

Траектория - дененің қозғалыс барысында сызған сызығы.

Жүрілген жол - траектория ұзындығы.

Орын ауыстыру - траекторияның бастапқы және соңғы нүктелерін қосатын вектор сызығы.

Slide 4 Slide 5

Жүрілген жол және орын ауыстырудың бір-бірінен айырмашылығы - қозғалыстағы дененің жүрілген жолы ешқашан нөлге тең болмайды, ал орын ауыстыру нөлге тең болуы мүмкін.

Slide 6

Материялық нүкте деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері мен пішінін ескермеуге болатын денені айтады.

Slide 7

Жылдамдық - дене қозғалысының шапшаңдығымен қатар оның қозғалыс бағытын да сипаттайтын векторлық шама.

Үдеу - бірлік уақыт аралығында дененің жылдамдығының өзгеру шапшаңдығы

Slide 8 Slide 9

Салыстырмалы қозғалыс

және

салыстырмалы жылдамдық

Slide 10

Дененің механикалық қозғалысын сипаттау үшін оның кез келген уақыт аралығындағы оның координаталарын білу қажет. Материалдық нүктенің координаталарын анықтау үшін ең алдымен санақ денесін таңдай білу қажет. Механикада, әдетте, санақ денесі ретінде жер алынады.

Қозғалыс жылдамдығы әр түрлі санақ жүйесіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Осыған орай екі дененің бір-біріне қатысты қозғалысқа салыстырмалы қозғалыс, жылдамдықтары салыстырмалы жылдамдық деп аталып, төмендегідей теңдеумен анықталады:

Slide 11 Slide 12

Жылдамдық векторлық шама болғандықтан, жоғарыдағы теңдеуге байланысты дене жылдамдығының бағыты өзгертілмей, бақылаушының жылдамдығының бағыты қарама-қарсы бағытқа өзгертіп, векторлық түрде қосылады.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып: Материалдық нүкте, қозғалыс траекториясы, жол және орын ауыстыру
Қисық сызықты қозғалыс: шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс, бұрыштық және сызықтық жылдамдық
Қисық сызықты қозғалыс және шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыстың сипаттамасы
Механикалық қозғалыс пен инерттілік: масса, жылдамдық және есептер
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс: жылдамдық және оның бірліктері
Жылдамдық және қозғалыс түрлері: анықтамалар, өлшем бірліктері мен есептер
7-сынып физикасы: Жылдамдық пен бірқалыпты қозғалыс - сабақ жоспары
7-сынып физикасы: Бірқалыпты қозғалыс және жылдамдық сабақ жоспары (13.11.2014)
Кинематика: негізгі ұғымдар, қозғалыстың салыстырмалылығы және кеңістіктің қасиеттері
Толқындық қозғалыс: жылдамдық, жиілік және толқын ұзындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz