Тәрбие теориясы


Slide 1

“Адамға ең бірінші білім емес,

тәрбие беру керек.

Тәрбиесіз берілген білім

адамзаттың қас жуы,

ол келешекте оның

өміріне апат әкеледі. ”

Әбу Насыр әл-Фараби

Slide 2

Тәрбие теориясы

Тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамассыз етуші арнайыұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процес.

Slide 3

Ауыспалылығы

Үздіксіздігі

Көп жағдаяттылық

Мақсаттар бірлігі

Нәтиже ұзақтығы

Мақсатты

бағыттылылық

Тәрбие процесінің

ерекшеліктері

Slide 4

Тұлғаның өзіндік тәрбиесі мен қайта тәрбиесі

Өзіндік тәрбие - адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы әрі мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері.

Өзіндік тәрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп және және өзіндік қадағалау. Өзіндік тәрбие тәсілдері - өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.

Тұлғаның жалпы тәрбиелілігі өзіндік тәрбие деңгейімен сипатталады, өзіндік тәрбие сырттай педагогикалық тәрбиемен ажыралмас өзара байланыста болып, тұлғаның қалыптасу процесіне қолдау-қуаттау береді, әрі оны дамытады.

Оқу, тәрбие және өзіндік тәрбие біртұтас оқу-тәрбие процесінде өзара байланысты. Бұл процестің қаншалықты нәтижелі болары, осы бірліктің есебінен.

Қайта тәрбие - мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамды тұлғалық сапаларды дамытуға бағытталған тәрбие түрі.

Бұл процесс жеңіл емес, көп күш-қуат пен шыдамдылықты қажет ететін ұзақты процесс. Тәрбиеленгеннен гөрі қайта тәрбиеге салу көзқарас, әдеттерді, мінез бітістерін бұзып, бұрынғыларынан өзгеше, тәрбиеленушілердің дағдыланбаған жаңа әдет-қылық жүйелерінің тіктелуіне байланысты. Егер ұнамсыз мінез бітістері тұрақтанған сипат алған болса, қайта тәрбиелеу әбден қиын соғады. Сондықтан, “кейін қайта өңдеп жатпайтындай етіп тәрбиелеу қажет” (А. С. Макаренко) .

Қайта тәрбиелеу үшін дәстүрлі әдістермен қатар “адамның барша ниеттерін түпкілікті өзгеріске келтіріп, бүкіл ұмтылыстарына бұрылыс беретін” - жарылыс әдісін де қолдануға болады. Бұл әдіс тәрбиеленушіге өз теріс қылықтарының бұдан былай жарамсыз болатынын терең сезінуге, өз мінез-құлқы мен қоршаған ортаға деген қатынасын өзгертуге, жаңаша өмір сүру қажеттілігін түсінуге жәрдем береді.

Slide 5

Тәрбиенің жалпы

заңдылықтары

Slide 6

Тәрбие принциптері

Slide 7

Тұлғалық бағыт принциптері

Тәрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, әсіресе жалпы және жеке адами қасиет - сапаларын мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады. Адами қасиет сапалар мәні: тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, тіршілік жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелік ұстамдары, іс-әрекеті мен мінезіндегі себеп-түрткілер. Тұлғаның осы аталған жетекші сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас не даралық ерекшеліктер (мінез, темперамент, ерік және т. б) жоғары дәрежелі кісілік қадір-қасиеттерді қалыптастыруға бағышталған тәрбиені қамтамасыз ете алмайды, жас деңгейін, даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса, жоғарыда аталған сапалардың жетекшелік ролін тану ғана баланың жас мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады.

Slide 8

Тәрбиенің жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі

Озат ойлы педагогтар тәрбиені “өсиет пен өнеге, сендіру және зорлау жәрдемімен адамдарды нәзік шақтан іс-әрекетке қосып, игерілген ережелерді тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым” (Г. Сент-Джон) ретінде таныған. Әр дәуірде бұл принцип мәні ауысып барған: бірде жеке тұлғалық бағыт басымдау болып, кейде қоғамдық, мемлекеттік бағыттар жетекшелік еткен. Алайда, тәрбиенің басты міндеті - қай заманда да сақталып қала береді.

Бұл принцип бойынша педагогтың барша қызметі тәрбиесін мемлекеттің тәрбиелік стратегиясына сәйкес орындауға және үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тәрбиеші тәрбие саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекет және қоғам мүдделері сәйкес келсе, азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тәрбие принциптері де тәрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Ал бұл жағдай керісінше болса, принцип іске асапай қалады, себебі тәрбиешінің тәрбие істері қорына толыққанды тәрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.

Slide 9

Тәрбиенің өмір және еңбекпен байланыстық принципі

“Мектеп үшін емес - өмір үшін” - ұранымен күтіп алады екен ежелгі Рим мектептері өз оқушыларын. Адамзаттың алғашқы қадамдарының өзінде - ақ адам тәрбиесімен шұғылданған тұлғалы өмір мен тұрмыс практикасының ажыралған тәрбиенің мағынасыз болатынын түсінген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-әрекетімен, қоғамдық және еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тәуелді байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай болса, тұлғаның дамуы мен әлеуметтену деңгейі де жоғары келеді. Осыдан да тәрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, әрқилы пайдалы істерге араластырумен оларға болған ұнамды көзқарас пен қарым-қатынастарын қалыптастырып бару міндетті шара.

Slide 10

Соңы!!!


Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің жалпы әдістері
Тәрбиенің парадигмасы
Педагогика - тәрбие және оқыту туралы ғылым
Тәрбие үдерісінің теориясы
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Теория негізі
Педагогика ғылымының салалары
Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Педагогика пәні және ұғымы
Педагогика ғылымының салалары, басқа ғылым салаларымен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz