ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ



ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ


Адамгершілік тәрбиесіне профессор Н. И. Болдырев былай анықтама береді: “Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушыларды мақсатқа негізделген моралды сенімдер мен жағымды мінез-құлық дағдылары мен әрекеттерін қалыптастыру және адамгершілік сезімдерін дамыту”.
Адамгершілік тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жетекші тобы.
Адамгершілік салаларға өз ұлтын, Отанын сүю, мейірімділік, сыпайылық, ерлік, адалдық, қарапайымдылық, еңбекті сүю т. б. кіреді.
Құнды адамгершілік қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталады. Бұл жөнінде адамгершілік идеялады уағыздап артынан мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев былай дейді: “Адамның жақсы өмір сүруіне 3 сапа негіз бола алады. Олар: барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді”.
Адамгершілік тәрбиесі

Адамгершілік тәрбиесі
Жан-жақты дамыған тұлға
Гуманистік
Әлемуеттік ортада
белсенді
Азаматтық
борышын
Өз ісіне
жауапты
Мейірімді
Көмек беруге
әзір
Басқаларға
адал
Өзіне талап қоя
біледі
Өз ұлтын сүюмен
қатар, басққа ұлтарды
сыйлайды
Ана тілін
құрметтейді
Өз халқының
тарихын жақсы
біледі

оқушыларды қоғам моральдық нормасын орындауға қатыстыру;
оқушылардың тәртіп және мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыру;
балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету;
Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:

Ақыл-ой тәрбиесі оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру және оны қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін қамтамасыз ету. Оны тиімді ұйымдастыру оқушының ақыл ойын дамытып, рухани күшінің гүлденуіне ықпал жасайды, еңбекте, әлуметтік өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Ақыл-ой тәрбиесі

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері
Білім қорын жинау. Білім қорын жинаудың жоғарғы деңгегейіне жетуінде оқушының
мақсаттылығы алдына қойған мақсат пен танымдылық іс-әрекеттерге итермелеуші себептер мен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты.
Негізгі ой операциялары. Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Ойлау түрлі тәсіл, амал-операциялардан тұрады. Оларға анализ (талдау), синтез (жинақтау), салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Зиялық біліктерді қалыптастыру. Оқушылардың зиялық іскерлікті меңгерудің оқу және тәюин жұмысындағы алатын орны ерекше. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекет іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қызық. Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу кітаппен жұмыс жатады.
Дүние танымды қалыптастыру. Ақыл-ой тәрбиесінің тағы да бір маңызды міндеті - оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну жатыр. Жинақты етіп айтсақ, оқушы барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүниетанымдық жұмыстарды бекітіп баянды етіп талаптанады.

Еңбек тәрбиесі.
Еңбек өмір кілті, уақыттың тұтқасы. Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Адам өз жеке еңбегінсіз бір адымда алға ілгере алмайды. Еңбек арқылы адамның дене, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі. Қоғамдық еңбектің әлеуметтік мәне және құндылығы арта түседі.
Мектепте еңбекке тәрбиелеудің басты 3 міндеті бар:
Еңбекке сүйіспеншілікпен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
Оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрімен таныстыру.
Мамандыққты таңдауға дайындау.



Эстетикалық тәрбие
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық мәдениетті, эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуді үйретеді. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу. Эстетикалық көзқарас тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар, әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі қралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімімен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.

Дене тәрбиесі
Педагогика дене тәрбиесін жеке адамның жан-жақты дамуының ажырамас құрамды бөлігі деп қарайды. Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық заңдылық пен ғылыми-әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздер жиынтығы.
Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу.
Дене тәрбиесінің жүйесі адамның денесі мен интеллектуалды өсуіне, оның моральдық шынығуына, болашақта еліміздің сан-саналы өміріне белсене араласатын жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Құқықтық тәрбие.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz