ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


Slide 1

*

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ

СТАНДАРТЫ

Алматы 2006

Slide 2

*

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ-НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТ

Slide 3

*

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мазмұны

Кіріспе

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

4. Жалпы ережелер

4. 1. Әлемдік білім беру кеңістігінің даму үрдістері

4. 2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басымдықтары

5. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаттары

6. Оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелер

6. 1. Мектепке дейінгі білім

6. 2. Жалпы орта білім

7. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша базалық білім беру мазмұны

8. Оқу жүктемесі және оның бөлінуі

9. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру

ерекшеліктері

10. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша ұсыныстар

Қосымша (анықтамалық) Библиография

Slide 4

*

СТАНДАРТ ТӨМЕНДЕГІ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕРГЕ СӘЙКЕС ӘЗІРЛЕНГЕН:

« Балалардың құқықтары туралы» Конвенция.

2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы.

Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беруді дамыту тұжырымдамасы .

Slide 5

*

АТАЛҒАН СТАНДАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру

жүйесінде рухани адамгершілік білім беруді

ұйымдастырудың

- жалпы ережелері;

- нормативтік талаптарын анықтау болып табылады.

Slide 6

*

Стандартта:

тікелей өзін-өзі тану пәні арқылы, сонымен қатар басқа да білім салалары арқылы жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім жүйесіне;

өзін-өзі тану пәнінің күтілетін нәтижелеріне, оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлеріне және базалық мазмұнына;

рухани-адамгершілік білім берудің вариативті құрамбірлігіне (қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар) ;

сыныптан тыс іс-шаралардың әр түрлі нысандарына және қосымша білім беруге қойылатын талаптар белгіленген.

Slide 7

*

Белгіленген талаптар:

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және жалпы білім беретін орындарында өзін-өзі тану бойынша оқу процесін ұйымдастыру кезінде;

өзін-өзі тану бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу кезінде;

өзін-өзі тану бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау кезінде;

адамгершілік-рухани білімнің вариативті құрамбірлігі ретінде қолданбалы курстар мен таңдау бойынша курстарды әзірлеу кезінде;

қосымша білім беруде және мектептен тыс іс-шаралардың түрлі нысандарын ұйымдастыру кезінде міндетті болып табылады.

Slide 8

*

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Әлемдік білім беру кеңістігінің даму үрдістері;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басымдықтары.

Slide 9

*

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ

Адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді дамуына ықпал ету.

Демек:

Әлемді құндылық тұрғысынан ұғыну барысында өзін-өзі тану;

Өз өмірінің мәнін, өзінің өмірдегі орнын түсіну;

Жеке тұлғалық әлеуетін барынша ашу.

Slide 10

*

Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің мақсаттары:

әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;

жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар мынадай түйінді құзіреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету:

Slide 11

*

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің түйінді компетенциялары:

өзінің өмірлік позициясын анықтау;

әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;

өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;

өзімен өзі үндестікте өмір суру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

жасампаздық белсенділік, азаматтық және отан сүйгіштік таныту;

адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;

қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Slide 12

*

Берілген мақсаттарды іске асыру жолдары:

жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауына және өзін барынша іске асыруына көмектесетін жасампаздық құндылықтарды үйретуге бағытталған біртұтас білім беру процесін құру;

балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру;

басқа оқу пәндері мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту;

қоғамға қызмет етуге бағытталған оқудан тыс және мектептен тыс тәрбие рөлін арттыру;

мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігін, мұғалімдердің ата-аналар, қамқоршылар, тәрбиешілермен тығыз ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуы үшін жағымды алғышарттар жасау.

Slide 13

*

Оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау негізі

мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық құндылықтар

өзін тануға

өзгелерді тануға

әлемді тануға

адамзаттың рухани тәжірибесін тануға

өмір

махаббат

денсаулық

еркіндік

бақыт

еңбек

дене мен рух үйлесіміділігі

(жан мен тәннің үйлесімділігі)

отбасы

достық

қарым-қатынас

теңдік

Бауырластық

өзара түсінісу

әріптестік

Табиғат

Отан

Әлем

Әлеммен үйлесімділік

Сенім

Үміт

Ақиқат

Жер адамзаттың ортақ үйі

Шығармашылық

Мәдениет

Адамзатпен бірлесу

Slide 14

*

өз-өзіне

өзге адамдарға

қоршаған әлемге

адамзаттың рухани тәжірибесіне

Махаббат

Адамгершілік

Жан сұлулығы

Өз-өзін сыйлау

Дербестік

Еңбексүйгіштік

Өз-өзіне сенім

Табандылық

Жауапкершілік

Ақ көңілділік

Ашықтық

Адалдық

Төзімділік

Сыпайылық

Қамқорлық

Сүйіспеншілік

Мақтаныш

Таным

Махаббат

Мейірімділік

Қоғамға қызмет ету

Даналық

Ашықтық

Оптимизм

Дәстүрге

бейімділік

Болашаққа

талпыныс

Жауапкершілік.

қатысты тұлғаның жеке қасиеттері

Slide 15

*

Күтілетін нәтижелерді сипаттауға қойылатын талаптар:

пәндік мазмұнды емес оқушының нені біліп, нені үйренгендігін білдіреді;

оқушылардың мінез-құлқында, іс-әрекетінде байқалады және қадағаланады;

оқушының қолынан келетін әрекеттер куәләндіреді;

оқу үрдісінің барлық субъектілеріне түсінікті және бірдей ұғатындай болуы керек.

Slide 16

*

Сонымен күтілетін нәтижелер - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесі.

Күтілетін нәтижелер оқу жетістіктерінің сегіз деңгей бойынша нақтыланды:

- мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі ересектер тобы және мектепалды топтары бойынша екі деңгей;

- жалпы орта білімнің екіжылдық циклына арналып (2-4-6-8-10-12 сыныптардан кейін) алты деңгей.

Әрбір деңгейдегі күтілетін нәтижелер саны 10-15 ке дейін

жетеді.

Slide 17

*

Мектепке дейінгі білім 1-деңгей (ересектер тобы)

Бес жастағы бала:

мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерді білуі;

жақсы мен жаманның не екенін түсініп, жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алуы;

эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлауы, мейірімділік таныта алуы;

достарына, туыстары мен жақындарына шамасына қарай көмек көрсетуі және қамқор бола алуы;

салауатты өмір салты туралы қарапайым білімдерді игеруі және алғашқы дағдыларды білуі;

қарама-қарсы жыныстағы адамдарға құрмет көрсете алуы;

қоршаған табиғатқа ұқыпты қатынас жасау қажеттігін білуі және түсінуі;

сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алуы;

сөз бен мінездегі жаман-жақсыны ажырата алуы, үйдегі, балалар бақшасындағы, қоғамдық орындардағы жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді сақтай білуі к е р е к.

Slide 18

*

2-деңгей (мектепалды тобы)

Алты жастағы бала:

отан, өмір, денсаулық, махаббат, адам, отбасы, достық, табиғат сияқты адамгершілік құндылықтар туралы бастапқы түсініктерді білуі;

мейірімділік, сыйластық, қамқорлық, адалдық, мақтаныш, патриоттық адамгершілік құндылықтары, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер туралы түсініктерді білуі;

қоршаған табиғат сұлулығын қуанышты қабылдай алуы, оған қамқор бола білуі;

өзін тануға қызығушылық көрсете білуі;

адамдарды сыйлап, тілектестік, жанашырлық таныта алуы;

мінез-құлық нормаларының қарапайым түрлерін ұстана білуі, өзіне-өзі қызмет етудің бастапқы дағдыларын игере алуы;

салауатты өмір салты ережелерін түсінуі және қолдана білуі;

балалар ұжымында қарым-қатынас жасай алуы, өзара әрекеттесе білуі;

ойын кезінде өз қызығушылықтарын өзгелердің қызығушылықтарымен үйлестіре алуы;

отбасында және құрбыластарының арасында өзара көмекке, ынтымақтастыққа даярлығын таныта алуы;

бейнелі түрде ойлай, қиялдай білуі, шығармашылық іс-әрекеттер кезінде (музыка, ойын, би, қойылымдық көріністер) өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсете алуы к е р е к.

Slide 19

*

Жалпы орта білім 3-деңгей (1-2 сыныптар)

2-сыныпты бітірген оқушылар:

бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық, шындық сияқты жаңа ұғымдар, оған қарама-қарсы құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді білуі;

адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі туралы түсініктерді білуі;

адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы түсініктері болуы, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасай алуы;

денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінуі, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін білуі және қолдана алуы;

өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;

Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді білуі;

шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін түсінуі, құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай білуі;

қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алуы;

өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алуы, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алуы;

оқушы құқығы мен міндеттерін білуі және оларды қолдана алуы

к е р е к.

Slide 20

*

4-деңгей (3-4 сыныптар)

4-сыныпты бітірген оқушылар:

бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және еңбек ету, қызмет ету, ақиқат, үйлесімділік, сұлулық, руханилық, адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдарды білуі;

адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата білуі, өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алуы, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін тежей алуы;

этика ережелерін білуі және іс жүзінде қолдана алуы, мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алуы;

адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себеп-салдарын талдай алуы;

денені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы;

өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;

топта, сыныпта, үйде өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлауы, сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алуы;

өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алуы;

табиғаттың маңыздылығын өмір сүрудің негізі ретінде түсінуі;

қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғат көздерінің тазалығын сақтай білуі;

оқу кітаптарын саналы түрде таңдай білуі, өз мінез-құлқын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай алуы;

өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатысты екенін білуі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсінуі к е р е к.

Slide 21

*

5-деңгей (5-6 сыныптар)

6-сыныпты бітірген оқушылар:

бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді білуі және еркіндік, тәуелсіздік, шыдамдылық, жәбірлемеу, ақыл, ерік, махаббат, ар-намыс, абырой, шығармашылық, мәдениет, өнер сияқты жаңа ұғымдарды білуі;


Ұқсас жұмыстар
Аксиология - құндылықтар туралы философиялық ілім
Қазіргі бағалау түрлі нысанда болуы керек жиынтық формативті
БЕЙІНДІК ОҚЫТУ
Метапәндік әрекеттер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім
Құқық бұзушылық белгілері
Мемлекеттің белгілері
ПРЕЗИДЕНТ ПАРЛАМЕНТ
ҚР-ның МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ Негізгі ережелері
Білім берудің Жаратылыстану саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz