Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы:

Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу

Орындаған: Оспанова Ә. Б.

Факультет: ЖМ

Курс :І

Тобы:09-012

Тексерген: Байтекова Қ. Ж.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Slide 2

ЖОСПАР

І. Кіріспе

Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Жерді қорғаудың мақсаттары

2. Жер құқығының негізгі қағидалары

3. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы

4. Жерді пайдалану құқығының түрлері

5. Жерді пайдалану құқығының түрлері

6. Жердік құқықтық қатынастар

ІІІ. Қорытынды.

Slide 3

Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі

Қазақстан Республика “Жер туралы” заңына сәйкес жер дегеніміз Қазақстан Республикасының Егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға бірдей өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.

Жер деген түсінікті әртүрлі мағынада қарау керек, ол біріншіден планета ретінде, үшіншіден планетаның жер қыртысы ретінде қарауға болады.

Жер біртұтас жалпы халықтық байлық ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей құқықтық қорғау объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңының 107-бабында жерді қорғаудың мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Яғни, жерді қорғау қоршаған табиғи ортаның бөлігі ретінде, жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан жердің негізсіз алынуын болдырмауға, сондай-ақ топырақ құнарлылығының қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

Slide 4

Жер құқығы негіздерінің жүйесі

Жалпы

Жер құқығының негізгі ережелері, қағидаттары: жерге меншік құқығы, жер қорын мемлекеттік басқару, жерге деген меншік және басқа мүліктік құқықтарды қорғау, жерге байланысты құқық бұзушылық және жауаптылық, жер үрдісі жатады.

Ерекше

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

Елді мекендердің жері;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жер;

Орман қорының жері;

Су қорының жері;

Босалқы жер осылардың құқықтық тәртібін реттейді.

Slide 5

Жерді қорғаудың мақсаттары:

Өндірістік экологиялық қауіпсіз технологияларын көтермелеу және орман-мелиоративтік шараларын жүргізу жолымен жердің тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметінің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

Тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

Жерді ұтымды пайдаланудың экологиялық нормативтерін практикаға енгізу болып табылады;

Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;

Жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;

Жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту;

Жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады;

Slide 6

Жер құқығының негізгі қағидалары:

Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Жерді нысаналы пайдалану;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы;

Жердің жай күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау;

Жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

Жерді ақылы пайдалану;

Slide 7

Жер учаскесіне жеке меншік құқығы

Азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін Жер Кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы.

Осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы құжаты болу керек. Жерді пайдалану құқығының режимі- жерді пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Жер кодексіне немесе заттық құқықтың мәніне қайшы келмейтіндіктен, жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады.

Slide 8

Жерді пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін; Жер Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген негіздерден басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

Жерді пайдалану құқығының түрлері

Slide 9

Жерді пайдалану құқығының субъектілері

Жер пайдаланушылар:

Мемлекеттік және мемлекеттік емес;

Ұлттық және шетелдік;

Жеке және заңды тұлғалар;

Тұрақты және уақытша;

Бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.

Slide 10

Жер санаттары

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

Елді мекендердің жері;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жер;

Орман қорының жері;

Су қорының жері;

Босалқы жер осылардың құқықтық тәртібін реттейді.

Slide 11

Жердік құқықтық қатынастар

Қазақстан Республикасының табиғи байлығы-жерге мемлекеттік меншік құқығының негізінде жер заңдарының нормаларымен реттелген және пайда болатын қатынастар немесе жер құқықтық нормалардың іс жүзіндегі көрінісі. Олар өзінің мазмұнымен басқа құқықтық қатынастардан ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының жер құқық қатынастарының мазмұны бұрынғы Кеңестер Одағында қалыптасқан және басқа елдерде қалыптасқан жер құқық қатынастарынан айырмашылығы мен ерекшеліктері бар.

Қазақстан Республикасында жер құқық қатынастарының ерекшелігі экономикалық маңызы табиғи қасиетті жер заңдарымен реттелетіндігімен айқындалады.

Қазақстан Республикасында жаңа қабылданған Жер туралы Жарлықта (1-бап) «Жер құқығы қатынастары-жер ресурстарын басқаруға, жеке субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге, жерге меншік құқығын және басқа да заттық құқықтарды жүзеге асырумен байланысты жер пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар» деп белгіленген.

Slide 12

Жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар жер құқығы қатынастары деп аталады.


Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық пәнінің қатынастары
Әкімшілік құқыққа сипаттама
ҚР ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Жер құқығы қатынастарының дамуы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Жерге меншік құқығы
Жер құқығының әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz