Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі туралы


Slide 1

Дипломалды іс-тәжірибенің нәтижелері

Информатика мамандығының

4 курс студенті

АМАНЖОЛОВА АНАРА

Slide 2

Ғылыми жетекшісі:

Шоғалова Қамар

Серікбайқызы

Slide 3

Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі

Тақырыбы:

Slide 4

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Slide 5

Зерттеудің объектісі. Болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында кәсіби дайындау жүйесі.

Slide 6

Зерттеудің пәні. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге негізінде оқыту үдерісі.

Slide 7

Зерттеудің мақсаты. Болашақ информатика, математика, физика және кәсіптік білім пәндері мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту арқылы кәсіби дайындауды психологиялық-педагогикалық тұрғыда теориялық негіздеу, оның әдістемелік жүйесін даярлау.

Slide 8

Зерттеудің болжамы. Егер, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындаудың теориялық негізі анықталып, ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге оқыту арқылы болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негізделсе, онда олардың кәсіби дайындық үдерісінің тиімділігі артады және оқу үдерісінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді тиімді пайдалана алатын мұғалім дайындауға болады, өйткені жоғары оқу орнының маңызды міндеті кәсіби білімді, ақпараттық-компьютерлік технологияларды жетік меңгерген маман даярлау.

Slide 9

Зерттеудің міндеттері.

Болашақ мұғалімдерді қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде кәсіби дайындаудың теориялық негіздерін анықтау.

Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау тұжырымдамасын жасау.

Slide 10

Зерттеудің міндеттері.

Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының сапасы ретіндегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді қолдануға даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау.

Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу үдерісін толық меңгерген болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы барысында білім беруді психологиялық-педагогикалық тұрғыда негіздеу.

Slide 11

Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту үдерісінде кәсіби дайындау жүйесін теориялық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.

Slide 12

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың, экологтардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) ; Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-телекоммуникация саласындағы ғылыми еңбектері.

Slide 13

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер) ; әлеуметтанулық (сауалнама) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.

Slide 14

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің объектісі, пәні, болжамы, мақсаттары, міндеттері, жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалары, зерттеудің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру) сипаттама беріледі.

Slide 15

І бөлім. “Болашақ мұғалімдерді мамандық пәндерді модельдеу арқылы даярлаудың теориялық негіздері”

ІІ бөлім. “Болашақ мұғалімдерге ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері”

ІІІ бөлім. “Болашақ мұғалімдерге ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби білім берудің әдістемелік жүйесі”

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық- компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Ақпараттық коммуникациялық технологияның білім беруде қолданылуы
Мектептегі информатика курсында
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Компьютерлік модельдеу түсінігі
Компьютерлік білім
Жалпы білім беретін мектептегі информатика пәнін оқыту құрылымы
Математикалық модельдеу
БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ
Модельдеу нәтижесін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz