Ата-аналармен балалардың құқықтық қатынасы


Slide 1 Slide 2

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан

Slide 3

Неке және отбасы, ана, әке және бала әр қашанда мемлекеттің қорғауында болады.

Slide 4

Некеге тұру

Отбасы болу

Неке-отбасы құқығының қалыптасуы

Slide 5

1. 1 Баланың құқықтары мен міндеттерінің түсінігі мен сипаттамасы

Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.

Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді.

Slide 6

Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен белгіленеді.

Slide 7

Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анық болып шықса, анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнінде әке болуды белгілеуге оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса - оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен ғана жол беріледі.

Slide 8

Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арыз болмаған кезде (баланың нақты адамнан туу тегі (әке болуды) ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді

Slide 9

Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.

Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.

Slide 10

Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, ағаінілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс.

Slide 11

Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. Ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.

Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы

Slide 12

Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.

Slide 13

Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді.

Slide 14

Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу

Ата-ана құқықтарынан айыру мына жағдайларда іске асырылады:

Егер ата-аналар (олардың біреуі) :

- ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;

- өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;


Ұқсас жұмыстар
ЖҮЙЕСІ ТОБЫ
Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Сынып жетекші мен ата – ана байланысын арттыру арқылы бала тәрбиесін жетілдіру ізгілендіру жолдары
Ата - анамен жұмыс түрлері
Сынып жетекшісі
Ата - аналар мен оқытушыларға кеңес беру түрлері
Ата аналар жиналыстары
Класс жетекші
Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары
СЫНЫП ЖЕТЕКШІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz