Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Астана 2009
Қолданылу саласы
• тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына қойылатын
нормалар мен талаптар жүйесін белгілейді;
• мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
ұйымдарындағы педагогтер мен
тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің
максималды көлемін;
• 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың даму
деңгейіне және олардың балабақша,
мектепалды даярлық топтары мен отбасы
жағдайында негізгі құзіреттіліктерді игеруіне
қойылатын талаптарды анықтайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мақсаты
Негізгі құзіреттілікке, жалпы адамзаттық
және ұлттық құндылықтар негізінде
тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын
дамыту.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
міндеттері
• баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, ҚР
халықтарының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;
• толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді
сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
• баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін
меңгеруге даярлау;
• балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, нормасы, тіртіптілік
ережесі, қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүр үлгісінде қалыптастыру;
• өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін, мелекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған
орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу;
• балада қоршаған дүние, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас
бейнесін қалыптастыру;
• баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру, танып-
білуге қызығушылықтарын арттыру;
• баланың бойында эстетикалық сезімдерді дамыту, бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық іс-
әрекетте шығармашылық қабілетін дамыту.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
құрылымы
• Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары 1
жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар үшін, содай-ақ
5 жастан 6 жасқа дейінгі мектепалды топтар үшін
оңтайлы күн режимі бар мектепке дейінгі топтарды
құрады.
• Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды
топтарында толымдылығы 25 баладан, ал мектепке
дейінгі топтарда толымдылығы 20 баладан аспайды.
• Жалпы білімі беретін шағын мектептерде мектепке
дейінгі және мектепалды толымдылығы 15 баладан
аспайды.
Жас кезеңдеріне бөлу
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында жас
ерекшеліктеріне сүйене отырып 1 қыркүйекте
мынандай жастық топтар жинақталады:
• Ерте жастағы топ (1 жастан бастап 2 жасқа дейін);
• І сәбилер тобы (2 жастан бастап 3 жасқа дейін);
• ІІ сәбилер тобы (3 жастан бастап 4 жасқа дейін);
• Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейін);
• Ересектер тобы (5 жастан бастап 6 жасқа дейін)
1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың
оқу жүктесемсінің максималды көлемі
Оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны
кіреді:
“Денсаулық”;
“Қатынас”;
“Таным”;
“Шығармашылық”;
“Әлеуметтік орта”.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының
базалық оқу жоспары
Білім беру саласы Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Ерте жас І кіші топ ІІ кіші топ Ортаңғы Ересек- Мектепке
тобы (2-3 жас) (3-4 жас) топ тер тобы даярлық
(1-2жас) (4-5 жас) (5-6 жас) тобы
(5-6 жас)
“Денсаулық” 2 2 2 2 3 3
“Қатынса” 1 1 2 2 3 3
“Таным” 1 2 2 3 3 3
“Шығармашылық” 3 4 4 4 5 5
“Әлеуметтік орта” - - 1 1 1 1
Ұйымдастырылған 7-10 мин 10-15 мин 15-20 мин 20-25 мин 25-30 мин 25-30 мин
оқу-іс-әрекетінің
ұзақтығы
Ұйымдастырылған 7 9 11 12 15 15
оқу-іс-әрекетінің
жалпы көлемі
1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың
дамуына қойылатын жалпы талаптар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
негізгі мазмұны білім беру қызметінің
нәтижесі ретінде баланың құзіреттілігін
қалыптастыруға бағытталған.
Денсаулық сақтау құзіреттілігі
• Өзінің физикалық денсаулығын ойлауға және
тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздік ережесін
сақтауға;
• Қозғалыс дағдыларын меңгеруге;
• Түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық
күйін білдіруге;
• Денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас
гигиенасының дағдыларын меңгеруге
мүмкіндік береді.
Коммуникативтік-тілдік құзіреттілік
• Ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын
ана тілнде және басқа тілдерде қарым-
қатынас пен өзара іс-әрекет құруда
пайдалануға;
• Тілдің қажетті лексикалық және
грамматикалық құралдарын талдау және
оларды ойындарда, сөздік шығармашылықта
және іс-әрекеттің басқа түрлерінде
пайдалануға мүмкіндік береді;
Танымдық құзіреттілік
• Қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге;
• Алға қойған міндеттерге барабар қызмет тәсілдерін
таңдауға;
• Алға қойған мақсатқа жетуге;
• Экологиялық білімді меңгеруге;
• Сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, себеп-
салдарлық байланыстар орнатуға;
• Заттарды олардың жалпы түсінігі негізінде біріктіруге
және оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік
береді.
Шығармашылық құзіреттілік
• Музыка, өнер туралы білімдер негізіне
қызығушылық танытуға;
• Көркем туындылар және халықтық
шығармашылыққа өзінің қатынасын
білдіруге мүмкіндік береді;
• Көркем құралдармен (түс, ырғақ, пішін,
композиция және т.б.) жеке көркем
образдар жасауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік құзіреттілік
• Тәртіпке барабар мінез-құлықтың
баламасын таңдауға;
• Өз мүмкіндігінің шегін білуге;
• Ересектер мен құрдастарымен
бірлескен қызметке қосылуға;
• Қазақ және ҚР-да тұратын халықтардың
мәдени құндылықтарын түсінуге
мүмкіндік береді.
Білім беру саласы мазмұнының
базалық минимумы
Білім беру мазмұны білім беру саласы
арқылы жүзеге асырылады. Бір жас
кезеңнің білім бюеру саласының
мазмұны келесі жас кезеңнің білім беру
саласының мазмұнымен сабақтасады.
“Денсаулық” білім беру саласы
Мақсаты:
өз денсаулығына саналы көзқарасты
тәрбиелеу, денсаулықтың адамға
табиғаттың берген басты құндылығы
екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін
дамыту және физикалық қасиетін
қалыптастыру.
“Денсаулық” білім саласының базалық
мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде:
• Дене шынықтыру сабағы;
• Валеологияда жүзеге асырылады.
“Қатынас” білім беру саласы
Мақсаты:
ана тілінің базалық құндылықтарын
меңгерген, мелекеттік және басқа да
тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара
қатынасқа дайын, айналасымен ауызша
және ауызша емес құралдармен жұмыс
істеуге қабілетті мектеп жасына дейінгі
көптілді тұлғаны тәрбиелеу.
“Қатынас” білім саласының базалық
мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде:
• Тіл дамыту;
• Көркем әдебиет;
• Қоршаған ортамен таныстыру;
• Сауат ашу және жазу;
• Мемлекеттік, орыс және басқа
тілдерде жүзеге асырылады.
“Таным” білім беру саласы
Мақсаты:
танымдық іс-әрекеттің дағдыларын
меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін
түсінуге және ақпараттық өмірлік
маңызды мәселелерді шешуде
қолдануға қабілетті тұлға қалыптастыру.
“Таным” білім саласының базалық мазмұны
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:
• Сенсорика
• Қарапайым математикалық ұғымдарын
қалыптастыру;
• Құрастыру;
• Экология негіздері;
• Қоршаған ортамен таныстыруда жүзеге
асырылады.
“Шығармашылық” білім беру
саласы
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың
сезімдік-эмоционалдық ортасы мен
эстетикалық талғамын қалыптастыру,
шығармашылық ойлау мәдениеті мен
елестетуін дамыту.
“Шығармашылық” білім саласының базалық мазмұны
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
• Сурет салу;
• Мүсіндеу;
• Жапсыру;
• Музыкада жүзеге асырылады.
“Әлеуметтік орта” білім беру саласы
Мақсаты:
әлеуметтік ортадағы жағымды
мінез-құлық пен қатынасқа қабілетті
әлеуметтік-бейімделген шығармашыл
тұлғаны тәрбиелеу, Отанға деген
сүйіспеншілікке, үлкенді құрметтеуге
тәрбиелеу.
“Әлеуметтік орта” білім беру саласының
базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде
• Қоршаған ортамен таныстыру;
• Экология;
• Көркем әдебиетте жүзеге
асырылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz