Қазақстан білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялардың рөлі: дамыта оқыту мен модульдік оқыту


Slide 1

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУ

Slide 2

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі

Slide 3

Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі - педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсідерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.

Slide 4

Әрбір ұстаз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай өз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолдана алатыны белгілі. Ал, білімгерлердің біліктілігін шыңдау максатында пән окытушылары жаңа технологияларды жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс-әрекетке қайта оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз.

Slide 5

Жаңа педагогикалық технологиялардың қайсы бір түрі болсын маман даярлауға ықпалы зор. Олар:

І. Оку мақсаттарының қойылуы;

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Slide 6

І. Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр білімгердің өзіне-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайықты жағдайлар жасалады. Дамыта окытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:

оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар.

Slide 7

2. Модульдік оқыту технологиясы - 60-жылдардың соңында ағылшын тілді елдерде пайда болады. Модуль дегеніміз - іріленген дидактикалық бірлік. Модуль - латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Қазір дүниежүзінде модульдеп оқытудың 4 түрлі жолы бар.

І. Американдық модуль.

2. Неміс модулі.

3. Сковиннің орыс модулі.

4. Алексюк пен Фурманның Украина модулі.

Slide 8

Қорыта айтқанда, жаңа педагогикалық технологиялар білімгерлерге білім берудің мазмұны мен формасын ілгерілеушілік жағына өзгерістер ендіріп келе жатқанын толық сеніммен айтуға болады.


Ұқсас жұмыстар
Орта білім жүйесінде информатиканы модульдік жүйе арқылы оқыту
Қазіргі педагогикалық жүйелер мен оқыту технологиялары: дуальды жүйе, дамыта оқыту және заманауи білім беру формалары
Дамыта, модульдік, жобалау және сатылай кешенді талдау оқыту технологиялары: салыстырмалы талдау
Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту: Выготский, Эльконин, Давыдов және Занков жүйелері
Заманауи білім берудің мәні мен оқыту үдерісіндегі жаңа педагогикалық технологиялар
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қолданылуы мен тиімділігі
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу: қашықтан оқыту, мультимедиа және инфрақұрылымдық мәселелер
Модульдік оқыту технологиясы: тұжырымдамасы, құрылымы және педагогикалық тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясының теориясы мен практикасы
Дамыта оқыту тиімділігінің психолого-педагогикалық негіздері және көрнекті теоретиктердің еңбектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz