Паскаль тілінде программалау жайлы


Slide 1

Паскаль тілінде программалау

Slide 2

Алгоритм

Алгоритм қасиеттері

дискреттілік: жекелеген қадамдардан(командалардан) тұрады

айқындылық: атқарушыға түсінікті болатын командалардан тұруы керек

белгілілік: бастапқы деректері бірдей болған жағдайда нәтижесі де бірдей болады

нәтижелік: әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз керек

жалпылық: алгоритм әр түрлі алғашқы мәліметтер үшін әр түрлі нәтижелер беруі тиіс

дұрыстылық: алғашқы мәліметтер әр түрлі болғандығына қарамастан барлық жағдайда дұрыс нәтиже береді

Алгоритм - атқарушы орындайтын амалдардың тиянақты жоспары.

Slide 3

Программа

Программа дегеніміз -

қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм

компьютерге қажетті командалардың жиынтығы

Команда - компьютер орындауға міндетті әрекеттің өрнектелуі.

алғашқы мәліметтерді қайдан алу керек?

олармен қандай амалдар орындау керек?

Slide 4

Программалау тілдері

Машинаға бейімделген (төменгі деңгейлі) - әрбір команда процессордың бір командасына сәйкес келеді (ассемблер)

Жоғарғы деңгейлі тілдер - кәдімгі табиғи тілге(ағылшын тіліне) ұқсайды, адамның түсінуіне оңай, бір ғана компьютерге тәуелді болмайды.

Жаңадан үйренушілерге: Бейсик, ЛОГО, Паскаль

Кәсіби: Си, Фортран, Паскаль

Жасанды интеллект тапсырмалары үшін: Пролог, ЛИСП

Интернет үшін: JavaScript, Java, Perl, PHP, ASP

Slide 5

Паскаль тілі

1970 - Никлаус Вирт (Швейцария)

студенттерді оқытуға арналған тіл

«жоғарыдан төменге қарай» программаларын жасау

берілгендердің әр түрлі құрылымдары(массивтер, құрылымдар, жиымдар)

Slide 6

Программа қандай бөліктерден тұрады?

program <программаның аты>;

const …; {тұрақтылар}

var …; {айнымалылар}

begin

… {негізгі программа}

end.

{ процедуралар мен функциялар }

фигуралық жақшаның ішінде орналасқан түсініктемелер программамен өңделмейді

Slide 7

Программа қандай бөліктерден тұрады?

Тұрақты - өз атауы болатын, өзгермейтін шама, .

Айнымалы - өз атауы (жад ұяшығы) болатын, өзгеретін шама.

Процедура - кейбір әрекеттерді сипаттайтын қосалқы алгоритм (мысалға шеңберді салу) .

Функция - есептеулерді орындайтын қосалқы алгоритм (квадрат түбірді табу, sin) .

Slide 8

Программалар, тұрақтылар, айнымалылар атауы

Атауларды сипаттағанда

латын әріптерін (A-Z)

сандарды

астын сызу белгісін _

қолдануға болады

Бас әріптер мен кіші әріптердің арасында айырмашылық болмайды

Атауларды сипаттағанда

орыс, қазақ әріптерін

бос орындарды

жақшаларды, +, =, !, ? белгілерін және т. б.

қолдануға болмайды

Атаулар санмен басталмауы керек

Қай атаулар дұрыс жазылған?

AXby R&B 4Wheel Вася “PesBarbos” TU154 [QuQu] _ABBA A+B

Slide 9

Тұрақтылар

const

i2 = 45; { бүтін сан }

pi = 3. 14; { нақты сан }

qq = 'Вася'; { символдар қатары }

L = True; { логикалық шама }

бүтін және бөлшек бөліктері нүктемен ажыратылады

орыс, қазақ әріптерін қолдануға болады!

екі мән қабылдай алады:

True (ақиқат, «иә»)

False (жалған, «жоқ»)

Slide 10

Айнымалылар

Айнымалы - аты, типі және мәні болатын шама. Айнымалының мәнін программаның жұмысы кезінде өзгертіп отыруға болады.

Айнымалылардың типі:

integer { бүтін }

real { нақты }

char { бір символ }

string { символдық тіркес }

boolean { логикалық }

Айнымалыларды сипаттау (жад бөлу) :

var a, b: integer;

Q: real;

s1, s2: string;

Slide 11

Айнымалының мәнін қалай өзгертуге болады?

Оператор - жоғары деңгейлі программалау тілінің командасы.

Меншіктеу операторы айнымалының мәнін өзгерту үшін қолданылады.

program qq;

var a, b: integer;

begin

a := 5;

b := a + 2;

a := (a + 2) *(b - 3) ;

end.

a

?

5

5

b

?

5+2

7

a

5

7*4

28

Мысал:

Slide 12

Меншіктеу операторы

Жалпы құрылымы:

Арифметикалық өрнектің құрамында

тұрақтылар

айнымалы атаулары

арифметикалық амалдар белгілері:

+ - * / div mod

функцияларды шақыру

жақшалар ( )

көбейту

бөлу

бүтінді бүтінге бөлу

бөлуден қалған қалдық

<айнымалы атауы> := <өрнек>;

Slide 13

program qq;

var a, b: integer;

x, y: real;

begin

a := 5;

10 := x;

y := 7, 8;

b := 2. 5;

x := 2*(a + y) ;

a := b + x;

end.

Қай операторлар дұрыс жазылмаған?

айнымалы атауы := белгісінің сол жағында болуы керек

бүтін мен бөлшектің арасы нүктемен ажыратылуы керек

нақты мәнді бүтін айнымалыға меншіктеуге болмайды

Slide 14

Амалдарды орындау тәртібі

жақша ішіндегі өрнекті есептеу

солдан оңға қарай көбейту, бөлу, div, mod

солдан оңға қарай қосу және алу

z := (5*a*c+3*(c-d) ) /a*(b-c) / b;

x:=(a*a+5*c*c-d*(a+b) ) /((c+d) *(d-2*a) ) ;

2 3 5 4 1 7 8 6 9

2 6 3 4 7 5 1 12 8 11 10 9

Slide 15

Екі санды қосу

Есеп. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.

Шығарылуы:

program qq;

var a, b, c: integer;

begin

read ( a, b ) ;

c := a + b;

writeln ( c ) ;

end.

Slide 16

Енгізу операторы

read ( a ) ; { а айнымалысының мәнін енгізу}

read ( a, b ) ; { а және b айнымалыларының мәндерін енгізу}

Екі санды қалай енгізуге болады?

бос орын арқылы:

25 30

Enter арқылы:

25

30

Slide 17

Шығару операторы

write ( a ) ; { a айнымалысының мәнін шығару}


Ұқсас жұмыстар
TP және Си подпрограммаларды пайдалануды салыстыру. Ішкі программаларды пайдаланатын программалар құру. Модульдерді пайдаланатын программа құру
Pascal тілінде бағдарламалау
Көшу операторы
Турбо Паскаль программалау ортасында қарапайым программа құру туралы ақпарат
Паскаль программалау тілдері
Сабақтың Аралас сабақ типі
Типтерді өзгерту функциялары
Турбо Паскаль программалау ортасы
Программалау тілдері
Паскаль бағдарламалау тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz