Аудит қалыптасуы және даму
Презентация қосу
Аудит қалыптасуы
және даму
орындаған:Журкабаева А.
тексерген:Байболтаева
Алматы 2011
Нарық экономикасына көшу кезінде тексеру жүйелерінің
ішінде аудитрлік қызметке зор көңіл бөлінді, себебі олар
кәсіпорынның бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін талдау және
тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.
Аудит- клиенттің қалауын бойынша жүргізілетін тәуелсіз
түрде кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі жөніндегі
бухгалтерлік есептер мен шоттарды тексеретін
мамандандырылған қаржылық бақылау түрі.
Аудит, бұл негізінен қаржылық есеп беруді, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау
мақсатында олардың қаржы шаруашылық қызметі туралы
алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның
толықтығын және қолданылып жүрген бекітілген заңдармен
белгіленген нормативтік актілерге сәйкестігін тәуелсіз түрде
тексеру.
Аудит пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз
эксперттік негізінде және бухгалтерлік отчетты талдау және тексеру,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының
дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті
баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған
есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті- отчетта
көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және
субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына
объективті түрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субектіде
қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге
сәйкестігін тексеру.
Аудитор- квалификациялық сұранымдарды қанағаттандыратын,
заңды органдармен тәртіп бойынша белгілі мүмкіндіктермен
міндеттелген және квалификациялық аудиторлық аттестаты бар жеке
тұлға. Квалификациялық аудиторлық аттестат- бұл жоғарғы білімі бар,
экономикалық профил бойынша кем дегенде 3 жыл стажы бар,
қосымша экзамендерді тапсыру бойынша мамандандрылған білім алу
мақсатында куәландыратын арнайы құжат.
Аудит даму тарихы
Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты
зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдеріәр түрлі
анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг
журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға
сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық
қызметті құрған ел.
Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың
өзінде-ақ, Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі
міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік
ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің
адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық
мекемелердің міндеттері, құқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан
екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп отырған.
Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы
ғылыми білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде
апаруға болады деп санайды, бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы
ғылыми кітапты белгілі итальян математигі Лука Почелли (1445-
1515) жазғаны белгілі.
1494 жылы жарыққа оның "Счеттар мен жазбалар туралы
трактат" атты еңбегі шықты. "Қалай, неге және кіммен көп
жерледе көпестік кітаптар куәландырылады" атты 7-тарауында
Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде
көпестер үшін арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро
қызметкерлері бұл кітаптың бірінші бетінде оларды өзінің
жазуымен куәландырып мөрмен бекітеді. Бұл жоғары мақтауға
тұратын жағдай деп атап көрсетеді Лука Почелли. өйткені, біреуін
сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап
ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік осы кітаптарға негізделе
отырып олар ант береді. Егер кітапты, бюроға тіркеуге
тапсыратын болса, өтірік айту, соныменен өзіңнің жақындарыңды
да алдау соншалықты оңай емес. Осы кітаптар мұқият белгіленіп,
дұрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне барып, өзінің істеріңді
жазуды бастай бер деп жазады.
1773 жылы Шотландия астанасы-Эдинбургтің адрестік кітабында
жеті аудитордың есімі жазылған. Кейінірек,
1854 жылы мұнда бухгалтер-аудиторларды біріктірген. "Бухгалтерлер
қоғамы" құрылды. Бұл жеке авторларға "батыс елдерінде кәсіпқой аудит
Шотландияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды деген қорытынды
жасауға негіз болды. К.А. Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан
астам уақыттан бері бар. Оның пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды
басқарумен тікелей шұғылданатындар мен оның қызметіне инвесторлардың
көзқарастары арасында бөліну туындаған уақытқа кетеді. Осы уақытта
акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор (ревизор) сыртқы есеп берудің
қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында болуында"-дейді.
Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер,
кредиторлар және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы
жағдайы туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды
іздеуге мәжбүр болған уақыттағы акционерлік қоғамда пайда болды.
Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ
компаниялары жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты.
Онда компаниялардың қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті
түрде тексеріліп отырылуы белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы
жағдайы мен белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын
мәліметтер алу үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті
бағалау қажеттілігінен туындады. Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім
артуы қауіпті еді, өйткені соңғы нәтижесінде акционерлер мен пай
қосушылар немесе кредиторлар өздерінің капиталын жоғалтатын
кәсіпорынның банкрот болып қалуы кездесті. Бұл жағынан, акционерлер мен
кредиторлардың, екінші жағынан, салық органдарының бухгалтерлік баланс
пен табыс жайлы қорытынды есептерге сенімсіздігі акционерлік қоғамның
қорытынды есебін зерттеп, талдайтын және оның дұрыстығы жайлы
кәсіптік қорытынды беретін бухгалтер-аудиторлардың пайда болуына
көмектесті. Акционерлердің жалпы жиналысындағы қоғамның жылдық
қорытындыесебін талқылауда аудитордың қорытындысы тыңдалатын және
тек осыдан кейін ғана қорытынды есеп бекітіліп (бекітілмей) және қоғамды
бақылау ісіне баға берілетін.
Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар кәсіпорынның
баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар екендігіне кепіл болатын
болды. Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене отырып, мәліметті
пайдаланушылар "кіммен жұмыс жасауға болатынын" өздері шеше алады.
Аудит сөзінің шығуы
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен
білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда
болуына алып келді.
Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу
тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада
қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай
уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік
туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латыннның "audio" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр" деген
мағынаны білдіреді. Шаруашылық-жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші
немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда
"аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені
тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза
алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің
қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" деп атаған. Бір
қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің
жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. өйткені кез-
келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген.
Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта
алмайды деген. Қазақтың: "бет көрсе-жүз ұялады",-деген ұлы сөзінің мағынасы
осы негізге келетін шығар, екіншіден "тыңдаушы" мен саған "сенемін"-деген,
адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға
болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік
есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық
жүргізуден үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық
жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз
болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл
бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы
бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп
табылған.
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық
фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу
қорытындысына: "бұл аудит-қызметінің идеясы, мазмұны мен
мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық
жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен
өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және
экономикалық эффект берер еді"-деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр
түрлі атайды.
АҚШ-та олар қоғам бухгалтері,
Англияда-ревизор,
Францияда-бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары,
Германияда-шаруашылық басқарушысы және тағы
басқадай деп те атайды.
Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың
барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық
қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қортыныды
есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп
анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі
мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы
аудиторлық қорытынды жасау.
Аудит жұмысының ерекшеліктері
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит
жұмыспен шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету
деп- атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі
туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт
жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-
шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық
қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр үрлі қызмет
көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын
ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу
тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы
тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет
көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол-шаруашылық
субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату
барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес
берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен
информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен
кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының,
банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік
есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет) мәліметтерін тексеріп өзінің
аудиторлқ қорытындысын жасауы. өз кезегінде осы аудитор
қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін,
делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен
жұмыс істеуніе кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор
қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен
айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-
қатынасқа түседі.
Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің
өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жағдайының
тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол
сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу
үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.
Аудит ерекшеліктерін іс
жүзінде қолдану үшін
экономикасы жоғары Аудитке
дамыған елдерде, қажеттілікті
кәсіпорындардың мерзімдік тудыратын
қорытындылары, Объективтік
бухгалтерлік отчеты тек қана жағдайлар:
аудитор қорытындысы
болған жағдайға ғана
басылымға шығады.
Кәсіпкерлер сол басылымға
шыққан есеп-ақпарат
мәліметтерін зерттеп, талдау
жасағаннан кейін ғана өзіне
қажет, сенімді
кәсіпорындармен қарым-
қатынасқа түседі. Яғни, анық
мәлімет алу үшін
мұқтаждығы бухгалтерлік
ақпараттардың дұрыстығын - инвесторлар -кәсіпорын
анықтайтын аудит мен кәсіпорын -кәсіпорын шаруашылығының
әкімшілігінің әкімшілігінің күрделігіне сәйкес,
жұмысының қажеттілігін бір-біріне сенімсіздік ақпарат көрсеткіштер "коммерциялық
тудырады. көрсетуіне байланысты. дұрыс болмаса,
-Кәсіпорын
құпияны«
Себебі, олардың әкімшілігінің
соған сәйкес сақтауға байланысты,
мүддесі бір емес. арнайы білімінің
Әсіресе, кәсіпорын шаруашылықты есепке алынған
болмауы мүмкін;
әкімшілігі өз басқару шешімі мәліметтердің
пайдасына тиімді дұрыс болмауынан; дұрыс болмай
түрінде есеп жүргізуі шығуынан.
мүмкін;
ҚР да аудиттің дамуы
Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы
Қазақстан Кеңес өкіметінің Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша
құрылды (15.11.1990ж. №60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы
Министрлігі жағынан шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы
"Қазахстанаудит" фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық
бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания
болып, Республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға,
мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.
Еліміздегі аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған, заң
тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18
қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен "Қазақстан
Республикамыздағы аудиторлық қызмет" туралы заңы. Бұл заң аудит
қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет
ел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану
жолдары белгіленеді.
Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық "үлкен алтылық" тобының
филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы
да қосылып аудит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит
қызметінде тағы басқадай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.
Қазақстан Республикасында нарықты қатынасқа көшу барысында
тиянақты, қатал бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шет ел үлгісінен
белгілі. Себебі нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету
үшін ол елде-бәсекелестік шешуді рөл атқарады. Бәсекелестікті
қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның
нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске
асырылады. Немесе "ойын тәртібі" сақталмаған елде экономикасының
нарықты қатынас жолымен дамуы іс жүзінде орындалмайды. Сондықтан
да аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады.
Олар, біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын
қамтамасыз ету , екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түде басқару,
жүргізу , үшіншіден, кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс
істеу үшін және өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу . Келесі
сызбада аудит қызметіне сипаттама берілген.
Аудит батыс теория және практикасында процесс болып сол арқылы тәуелсіз
жұмысшы ақпаратты жинап, оны бағалап оның бекітілген критерияларға
сәйкестігі, өзінің қорытындысында сәйкестік дәрежесін анықтап, оның саналық
бағалануын және оның ерекше жүйесіне қарайтынын анықтау.
Аудит түсінігі деп қаржылық көрсеткіштер дұрыс екенін тексерумен қатар
табысты оптимал және шығындарды оңтайландыру бойынша әзірлемелерді
жалпы қолайлы дәрежесі;
дұрыс кіргізу жиынтығы;
қорытындылау;
меншіктендіру құқығы (кіргізілген жиынтық);
бағалау;
ақпарат және есепшотдағы жиынтық көрінуі дұрыстығы;
шек қою(баланс датасына жақын шаруашылық операцияларын сол мерзімде
есептелінуі);
арифметмкалық дәлдіг (бас кітап және есеп регистріндегі жиыны баланстың
кейбір мақалаларына сәйкес келеді).
ашылуы (есепшот және есеп берудегі фактілерін дұрыс көрсету).
Аудит реттеу:
аудит субъектілері:ішкі мен сыртқы;
аудит типтері:қаржылық есеп беру аудиті,
талапқа сәйкес аудит, операциялық аудит (немесе
шаруашылық қызметінің аудиті);
өткізу негізінде: міндетті және ынталы;
өткізу техникасы: инспекция, тексеру,
аналитикалық тексеру және есептеу;
өткізу уақыты: бастапқы, қайталанғыштық,
оперативтік.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz