Психикалық өзін-өзі реттеу және оның түрлері


Slide 1

Психикалық өзін-өзі реттеу

және оның түрлері

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Орындаған:Шырынбек Назгүл

Slide 2

Әрбір адам өзінің өмірлік жолын өзі құрып, таңдау жасайды. Өзге адамдармен де өзі қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, өз өмірінде кейбір қателерді өзі жасап, өзі түзеп жатады. Отбасы мен білім беру орталықтарының алдына қойған мақсаттары - қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өсіп келе жатқан адамның жекелік қасиеттеріне тікелей әсер ету ғана емес, сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзіндік сана механизмдерін жетілдіруде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі құруы үшін қажетті жағдайды жасау болып табылады

Slide 3

Өзін-өзі тәрбиелеу оқытумен тығыз байланысты. Окыту үрдісінде тек сыртқы дүние туралы білімдер ғана емес, адам оның даму шарттары туралы, қалай оқу керек және өзін тәрбиелеу керек екені туралы білімдер қалыптасады. Тәрбиелеп отырып, оқыту үрдісінде тек білуге қажеттілік дамымай, өз бетімен оқуда жетістіктерді қамтамасыз ететін, интеллектуалдық қасиеттер қалыптасады: үй тапсырмасын орындау, өз бетімен білім алу жолымен ой өрісін кеңейту. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу күрделі ара қатынаста болады.

Slide 4

Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзіндік санасымен және зейіннің қасиеттерімен тығыз байланысты. Өзіндік сананың нәтижелігі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен өзін-өзі бағалауды ескеріп, оқу-тәрбие шараларын арнайы ұйымдастыруға тәуелді. Өзін-өзі тәрбиелеудегі өзіндік сананың теориялары Л. С. Выготский, В. В. Столин, ИС. Кон, В. С. Мерлин, И. И. Чеснокова, М. И. Лисина, Ч. Кули, Дж. Г. Мид еңбектерінде жан-жақты қарастырылып талданған, ал педагогикалық психология саласында өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттегендер: В. И. Селиванов, Н. С. Ликин, А. Г. Ковалев, Ю. М. Орлов т. б.

Slide 5

Адам дамуы - бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді жəне қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тəн-дене болмысы мен рухани дүниесі, əсіресе, балалық жəне жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес., бұл процестің өзіне тəн ерекшелігі - сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық жəне рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы.

Slide 6

Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарына тəуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму - бұл əуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя.

Slide 7

Психикалық өзін-өзі реттеудің әдістері:

1. Өзін-өзі танудың белсенді тәсілі өзін-өзі сынау болып табылады. Бұл тәсілді қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарында, ұжымдық қарым-қатынас жасағанда, құрылыс жасақтары сияқты қоғамдық жұмыстарда жүзеге асыруға болады.

2. Өзін-өзі ынталандыру. Өзінің кемшіліктері мен жетістіктерін білу олармен күресу қажеттілігін тудыруға жеткіліксіз екендігі жақсы белгілі. Ол үшін мақсатқа ұмтылушылық, ерік күші, т. б. тұлғалық қасиеттер қажет.

Slide 8

3. Өзін-өзі бағдарламалау немесе өзін-өзі тәрбиелеу жоспары әр түрлі формада жүзеге асуы мүмкін: жазбаша түрде немесе саналы мақсаттар мен міндеттер қойып ойша жоспарлау. Бірінші курс студентіне жазба түрдегі жоспарлау қолайлы болып табылады. Кейінірек, өзін-өзі тәрбиелеу процедурасы меңгерілгеннен кейін, жазба нұсқаның қажеті болмайды.

Slide 9

4. Өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын студенттердің өздері де жасай алады. Дегенмен, оларға мұғалімнің көмегі немесе атақты адамдардың өзін-өзі тәрбиелеу жоспарларының үлгісімен танысу тиімді. Мысалы К. Д. Ушинский жас кезінде мынадай жоспар құрған:

1. Байсалдылық, кем дегенде сыртқы байсалдылық.

2. Сөз бен іс-әрекеттегі турашылдық.

3. Іс-әрекеттің саналылығы.

4. Шешімді тез қабылдаушылық.

5. Егер қажет болмаса өзі туралы бір сөз де айтпау.

Slide 10

5. Өзін-өзі сендіру. Өз өмірінің факттерін талдау негізінде және қатал логикалық нәтижелер көмегімен студент саналы ұстаным - өзінің әрі қарай дамуына әрекет жасауды қалыптастыра алады. Өзін-өзі сендіру арқылы өзін-өзі тануды, өмірдің әр түрлі құбылыстарына деген қатынасты және осының нәтижесі ретінде, - өз мінез-құлқын өзгерте алады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Стресске тұрақтылық түсінігі
Стресстің даму кезеңдері
Спорттық топтағы тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары
Өзіне өзі қол жұмсау типологиясы
Психикалық қысымдылық
Психологиялық тәрбие
Спорттық жарыстар жүйесі
Выготскийдің әлеуметтік - мәдени теориясы
Төртінші курс - жақында
Студенттің психологиялық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz