Күйзеліс: шығу себептері, түрлері және клиникалық белгілері


Slide 1

Күйзеліс және оның шығу себептері

Орындаған:Нұрабаева Айжан ПМНО- 16-1 тобы

Slide 2

Жалпы психикалық аурулар өз ішінде шартты түрде екіге бөлінеді: невроз және психоз. Невроз Яғни депрессия, стресс, дистимия, т. б жатады. Кез-келген адамда кездесуі мүмкін. Жақын адамнан айрылу, нашар бастық, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, ауыр жұмыс, ақшаның жетіспеушілігі үрей тудырып, ауруға ұшыратады. Ал, психоз тұқым қуалау немесе аварияға ұшырап, бастан жарақат алу барысында, не инфекция әсер еткен соң туындайды. Маман дәрігер невроз жағдайында адам ұйқысынан айрылып, күші кетіп, жыламсырайтынын, қорқыныш, үрейдің құшағында тұншығып, өмір сүруге құлшынысы азаятынын, дегенмен, осының бәрінде өзін бақылауда ұстап, сана-сезімінен толықтай ажырамайтынын, сөйте тұра кейде өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін.

Slide 3

«Стресс» - ағылшын сөзі, қазақшалағанда күйзеліс мағынасында қолданылады.

Күйзеліс- кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г. Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық күйзелістік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады. Бұл көңіл-күйлер қауіп тенген жағдайда, шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері, тез және жауапты шешім қабылдау қажет болған жағдайда және т. б. пайда болады. Қазіргі өмірде күйзелістен кашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы мәселелер, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер.

Slide 4

Күйзеліс- жағымсыз әсерімен сипатталатын, мотивациялық өзгерістер, танымдық

және мінез-құлықтың жалпы поссифтілігі. Адамның қиындықты жəне қайғыны бастан кешіруі яғни, депрессия, күйзеліс, үмітсіздік.

Адам өмірінде орын алған зардаптар, үмітсіздік сезімі.

Өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, уақытты қабылдауды өзгертеді; жалпы мінез-құлықтың өзгеруі, шапшаңдықтың, бастаманың жетіспеушілігінің, жедел шаршаудың және соның салдарынан

өнімділіктің күрт төмендеуі. Ұзаққа созылған күйзеліс суицидке əкеліп соқтыруы мүмкін.

Күйзеліс қартаю процестерінің дамуын жеделдетеді. Сонымен қатар физикалық әл-ауқаттың нашарлауына да өз зардабын тигізеді . (соның ішінде есту және көру қабілетінің нашарлауына. )

Никифорова Г. С. Психология здоровья: жоғары оқу орнына арналған - Питер, 2006. - 583 бет

Slide 5

Күйзеліс түрлері:

Кәсіби күйзеліс (Жұмыста болған күйзеліс)

Сезім әректіне бой алдырған күйзеліс

Жарымжандық күйзеліс

Руханы қалып күйі күйзеліс

Операциялық күйзеліс ( хирургиялық операцияға организмнің реакциясы)

Жарақаттану қызметін басынан кешіруден пайда болған күйзеліс және т. б

Slide 6

Күйзеліске түрткі болатын жағдайлар (түрткілер) :

Физикалық түрткілер

Әлеуметтік түрткілер

Отбасылық түрткілер

Slide 7

Физикалық түрткілер

Ыстық, суық, шу, от, жол қозғалысы, зорлық-зомбылық, аурулар, жұмыс жағдайларының нашарлығы .

Slide 8

Әлеуметтік түрткілер

Қоғамдық, экономикалық және саясаттық; отбасылық; жұмыспен, мансаптылықпен байланыстылар; жеке адамдар аралық.

Slide 9

Отбасылық түрткілер

Міндеттерді бөлу, қызғаныштық, құндылықтар жүйесіндегі өзгешелік, аурулар (отбасындағы өлім-жетім және тағы басқалар)

Slide 10

Күйзелістің негізгі белгілері:

Ұмытшақтық

Көтеріңкі қозғыштық

Тұрақты шаршағандық

Әзілді түсіне білуден айырылу

Кенет тартылатын темекі санының көбейюімен бірге бір мезгілде спиртті ішімдікке құмарту

Ұйқы мен асқа деген зауықтылықтың жоғалуы

Ақыл естің төмендеуі

Бас, асқазан, арқа түстарында «психосоматкалық» аурулары кездесуі мүмкін

«Бір белгі ғана күйзеліске түскеніңізді білдірмейді. Бірнеше белгінің бір уақытта бірігуі күйзеліске алып келеді», - дейді профессор Холли Шварц.

Slide 11

Күйзелістің бірнеше сатылары болады. Олар:

Үрейлену сатысы. Мұндай кезеңде жүрек жиірек соғады, ас қорыту уақытша тоқтайды. Адам бұндай күйдеұзақ бола алмайды, өйткені шаршайды.

Қарсыласу сатысы. Ол күйзеліс жағдайының даму және жалғасуына қарай басталады. Бұл сатыда адам жағдайларға бейімделе отырып, қолайлы ережеде әрекеттенеді. Бұл саты біршама ұзаққа созылады.

Әлсіреу сатысы, егер күйзеліс тым күшті немесе ұзақ болғанда басталады. Оның белгілері: сезім әрекетіне бой алдырған енжарлық, психикалық шаршағандық, мінез-құлықтық, яғни жауаптылықтан және өзара қатынастан бойды аулақ салу, ойда болмайтын мінез көрсету, ; соматикалық яғни денсаулықтың нашарлауы, жүдеу, тым көп дәрі-дәрмек ішу салаларында басталады. Қарсыласу мүмкіншілігін жоғалту ауруларға, психологиялық жарақат алуға әкеп соқтырады.

Кейбір батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша аурудың 70% сезім әрекетіне бой алдырған күйзелістермен байланысты болған. Европада жыл сайын миллиондаған адамдар күйзеліске байланысты жүрек-қантамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылысынан өлген.

Slide 12

Назарларыңызға

рахмет !


Ұқсас жұмыстар
Хромосомалық аурулар: пайда болу себептері, түрлері және клиникалық белгілері
Жүктіліктің мезгілсіз үзілу қаупі: түрлері, клиникалық белгілері және себептері
Астения: себептері, клиникалық белгілері және емдеу тәсілдері
Анафилаксияның себептері, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу шаралары
Сөйлеу тілінің бұзылуы: белгілері, себептері және түрлері
Малдарда өңештің тарылуы: себептері, клиникалық белгілері және емі
Анемия: түрлері, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Малдағы гайморит: себептері, патогенезі, клиникалық белгілері және емдеу тәсілдері
Сиырдағы сүт тастары: себептері, клиникалық белгілері және емдеу әдістері
Стоматиттің себептері, клиникалық түрлері және емдеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz