Экстремалды жағдайларда психологиялық- педагогикалық көмек көрсету




Презентация қосу
Экстремалды жағдайларда
психологиялық-
педагогикалық
көмек көрсету.
1. Экстремалды жағдайдағы психология.
2. Психологиялық көмектің негізгі

бағыттары және оны жүзеге асыру.
3. Психологиялық қызметті жүргізуші

психолог-мамандардың құқықтары.
Экстремалды жағдайдағы психология – психология
ғылымының негізгі саласы болып есептеледі. Әсіресе,
мамандыққа бағытталған психологиялық білім мен іскерлікті
меңгеру үшін мамандық алатын жоғары оқу орындарының
курсанттарына Экстремалды жағдайдағы психология курсын
оқыту міндетті. Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік
жалпы стандартына, талаптарына сай болашақ маман
психикалық құбылыстар заңдылықтарын, іс-әрекет пен
тұлғаның сипаттамасын, тұлға аралық қарым-қатынастардың
ерекшеліктерін, педагогиканың жалпы негіздерін,
педагогикалық ой дамуының тарихын және қазақ пен басқа
этностардың мәдениетіндегі тәлімдік ерекшеліктерді, білім
беру мен оның қазіргі замандағы рөлін, дүниетаным,
азаматтық сана-сезім, жалпы мәдениет қалыптасуын, болашақ
кәсіби іс-әрекетке даярлаудың әлеуметтік-психологиялық
астарларын танып білу қажет.
Көмек көптеген көрсеткіштермен
класификацияланады: әрекет ету уақытына қарай:
артқа қалдыруға болмайтын күрделі психикалық
жағдайларда, суицидтің болу мүмкіндігінде, зорлық
жағдайларында қажет. Бұл сенім телефоны
қызметіне көбіне жатады; жалғастырушы
кикілжіңдер, психологиялық кризистер, ауыр
өмірлік жағдайлардың пайда болуында пайдалы.
Бұндай проблемалармен психологиялық көмек беру
айналысады; бағытталуы бойынша: тік – клиентке,
оның көмек сұрауна бағытталған; жауап
қайтаратын болған ситуацияға жауап және
клиенттің жанындағы адамдардың сөйлеуі.
Осыған байланысты психолог практикалық
түрде төрт қызметті орындай алады:
1. диагностикалық-психологиялық диагноз қою;

индивидуалдықтың психологиялық портретін
құру.
2. терапевтикалық-психологиялық көмектің

мүмкіндіктері мен құралдарын анықтау.
3. диспечерлік-қажет маманға

жіберу:психотрапевтке, психиатрға т.б.
4. информациялық-клиент туралы информация

жинау, оның отбасы, қоршаған адамдары
туралы
Психологиялық көмек әр түрлі болуы мүмкін. Оның негізгі түрлерін
қарастырайық:
1. Индивидуалды психологиялық көмек индивидуалды әңгіме, кеңес

беру, психотерапевттік сессия түрінде маман, психолог немесе
психотереотевт жүргізеді. Ең өп таралған түрі психотерапевттік
кеңес беру. Қажет маманға бару психикалық аурудың белгісін
білдірмейді, бірақ барлығымызда сондай пікір қалыптасқан.
Индивидуалды психологиялық кеңес беру ең алдымен адамның өзі
өзін табу үшін, өзі туралы ақпарат алу мақсатында жүргізіледі.
Психолог пен консультант арасында озара түсінісу, өзара қарым-
қатынас пайда болады. Маманның міндеті кризисте тұрған адамды
қолдап, стимул беру. Индивидуалды психологиялық кеңес беру
көптеген нақты мақсаттармен жүзеге аса алады:
1 – ақпараттандыру, психодиагностикалық зерттеудің нәтижелері

туралы информация беру;
2 – қандай да бір іс-әрекетке бағдарлану;
3 – коррекция, олшеу, мысалы, өзіне деген қатынас, қабілеттердің

дамуы.
Кез келген жағдайда психологиялық көмек тұлғаның өзін түсінуге,

өзінің адамдық ерекшеліктері, қалаулары, мақсаттары мен
қабілеттерін, сезімдері мен ойларын түсінуге баытталған.
2. Топтық психологиялық көмек топтық тренингтік процедураларға
қатысуда көрінеді. Соңғы жылдары топтық психологиялық жұмыстар
атақты болып жүр. Әр түрлі тренингтік топтар бар: бұл ең алдымен Т-
топтар, қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға бағытталған топтар,
гештальт-топтар, психодрамма топтары. Денелік терапия, би терапиясы,
өнер терапиясы топтары онша белгілі емес. Топтың адамға әсері көп.
Көптеген өмірлік ситуацияларда адамдар таптың қажттілігін сезінеді.
Американдық психолог К. Рудестам топтық жұмыс істеудің
артықшылықтарын зерттеген. Оның ойынша «топ бұл микрокосм, ол
сыртқы ортаны бейнелейді.»
3. Өзбеттілік психологиялық көмек – бұл адамның өзін, өзінің тұлғалық

өсуін қорғауы. Ол дамуда, өзіндк санада көрінеді. Психологиялық
контекстіде өзіндік сана өзіндік «Мен» қатынас ртінде көрінеді. Ол өзіндік
қалауларды, ойлар мен сезімдерді түсіну барысында қалыптасады.
Кез-келген төтенше жағдайда зардап шеккендермен жұмыс істейтін

психологтар әр нақты адамның немесе әр нақты отбасының, немесе нақты
топтың ерекшеліктерін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар тағы басқа да
көп факторлар ескеріледі. Және апатта зардап шеккен адамдардың кәсіби
тиістілігі, олардың мәдени және діни нанымдары. Бұл мәселе ТЖ-да
психолог жұмысының негізгі үрдістерінің бірімен үндеседі, бұл
айтарлықтай маңызды болуда.
Шұғыл психологиялық көмек көрсетудің бірқатар үрдістерін
айқындайды. Ондай жағдайдағы психолог қызметі жедел
психологиялық көмек көрсету үшін қабылданған жалпы үрдістермен
реттеледі. Алайда экстремалды жағдайдағы бұл үрдістер көмек
көрсету шарттары ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік қасиетке ие болады.
• «Ақ ниеттілік» үрдісі. Этикет үрдісі-бұл әдептілік, ақ ниеттілік.
Этикетке байланысты жүріс-тұрыс күлімсіреумен тығыз байланысты.
Күлімсіреу сезімді білдіреді деп ойламау керек. Әр мемлекетте
адамдар түрліше күлімдейді. Жапондықтарда күлімсіреу әңгіме
тақырыбына байланысты болмайды. Ол алдымен әңгімелесушіге деген
қатынасты білдіреді, сондықтан әңгімелесуші адамдар мұңды нәрселер
туралы әңгімелесе де күлімсірейді. Америкалықтарда күлімсіреуді
жағдайға қарамастан ақ ниетті деп санау қабылданған. Еуропа
тұрғындары үшін күлімсіреу айтарлықтай жайдарлы болмауы да
мүмкін. Алайда барлық ерекшеліктерге қарағанда, күлімсіреу – адам
байланысының, ақ ниеттіліктің, қатысудың бір көрінісі. Оны біз
әңгімелесу жайдарынан әрқашан іздейміз.
«Құрметтеу» үрдісі. Құрметтеу – бір адамның екінші адамға қатысты ұстанымы, тұлғаның
адамгершілігін мойындау. Құрметтеу басқа адамға физикалық, моральдық зиян келтірмеуді
көздейді. Құрметтеу – этиканың маңызды талаптарының бірі. Қоғам санасында құрметтеу әділдікті,
құқық теңдігін, басқа адамның қызығушылығына, оның наным-сеніміне көңіл аударуды көздейді.
Құрметтеу бостандықты, сенімді көздейді. Алайда құрметтеу қалыптасатын бұл қасиеттердің мәні
қоғам сипаты мен қабылданған парадигмалармен белгіленеді. Адам құқығын, бостандығын, теңдігін
түсіну түрлі ғасырда әртүрлі болған. Құрметтеу ұнатуға қарағанда адамгершілікті қатынас нормасын
әлдеқайда көп орнатады. Құрметтеу бар болған кезде ғана өзара түсіністік пайда болуы мүмкін.
• «Уайымдау» үрдісі. Уайымдау – бұл басқа адам сезіміне қосылу. Басқа адамның орнында болсаң
ғана, ол неге қуанып, мұңаятынын түсінуге болады. Бет қимылы мен дене қимылы, яғни таңбалы
белгілер негізгілер болып табылады. Адам сөзі шынайы сезімдер мен эмоцияларды көрсетпеуі мүмкін,
алайда ауызша көрсеткіштер ешқашан алдамайды. Уайымдай алатын адамдар жанжалды емес,
бәсекелестіктен аулақ жүреді. Оларға адамдар тартылады, өйткені олардың тыңдап, түсінетінін
сезеді.
• «Қолжетімділік» үрдісі. Қолжетімділік және дараландыру үрдісі міндеттердің, дене тәрбиесінде
айналысатындарға мүмкіндік құралдары мен әдістеріне тиімді сәйкестік талабын білдіреді.
Үрдісті жүзеге асыру кезінде айналысатындарға оқуға, жаттығу жүетемесін орындауға даярлығы
нақтыланған болу керек және тасырмалардың қолжетімді өлшемі анықталған болу керек.
• «Бәсекелесу» үрдісі. Психолог клиентті тапсырыс беруші өз құзыреттілігінің шегі мен өз
мүмкіндіктерінің шекарасы туралы алға қойылған мәселелер саласындағы заманауи психологиялық
ғылымның нақты мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруы міндетті.
• «Клиент мүдделерін қорғау» үрдісі. Осы үрдістің экстремалды жағдайларда қолдану ерекшелігі
мынада, клиентпен кәдімгі қызмет ету шарттарына қарағанда, көбіне-көп жағдайда психотерапевттік
шарт жасалмайды (консультациялық немесе психокоррекциялық жұмыс кезіндегідей), яғни
проблемамен жұмыс жасау шекарасы айтылмайды. Бұл неліктен болады, өйткені көмек клиенттің
өзекті жай-күйіне бағытталған. Алайда, оған қарамастан, бұл клиент мүдделерін қорғау психолог
мамандарының жетекші жұмыс үрдістері болып табылады.
• «Зиян келтірме» үрдісі. Көмек көрсету шарттарының өзіндігі бұл үрдістен бірнеше салдар шығаруды
мүмкін етеді. Бірінші салдар: көмек көрсетудің қысқа мерзімділігі, яғни көмек клиенттің болашақ өмірі
үшін өткізілетін іс-шаралар экологиялылығын бір мезетте қамтамасыз ете отырып, аталған
жағдаймен туғызылған өзекті жай-күйді түзетуге бағытталуы тиіс.
Бүгінгі күні балалармен жұмыс жасаудың
бірнеше психологиялық әдісі бар, олар:
1) арттерапия;
2) мандала әдісі;
3) тыныс алу жаттығулары;
4) балшық немесе пластилинмен жұмыс әдісі;
5) құмды терапия әдісі;
6) ойын терапиясы;
7) әлеуметтік терапия әдісі;
8) психогимнастика;
9) дене-бағдарлау психотерапиясы.
Арттерапия. Бұл балалармен жұмыс жасау әдісі тікелей көркемөнермен
байланысты. Ол балалардың өз қорқынышы мен ішкі қайшылықтарын
ашық білдіруіне, өз ойын білдіруіне бағытталған. Арт-терапияда бірінші
кезекте түрлі көркемөнер құралдарын қолдану көзделуде: бояу, балшық,
қарындаш, фломастер. Бала кейде оны мазалайтын нәрселер туралы
айта алмайтынын түсінуіңіз керек. Ойын немесе сурет болсын, ол «онда»
өз-өзіне деген сенімін сезеді. Бірінші кезекте ол босаңсып, одан кейін өз
қорқынышын билей бастайды.
Мандала әдісі. Мандала – бұл өзін тану және өзін дамытудың бірегей
құралы. Мандала – бұл рухани әлем тілі, оның көмегімен ересектер мен
балаларда терең психикалық үрдістерді түзету үшін ессіз әлемге
қолжетімді болуға болады.
Тыныс алу жаттығулары. Тыныс алу жаттығулары кез-келген емдеуді
жақсы толықтырады, балалардың жетілмеген тыныс алу жүйесін
дамытады, ағзаның қорғаныс күштерін нығайтады.
Балшық пен пластилинмен жұмыс әдісі. Арт-терапия бағыттарының бірі
мүсіндеу болып табылады. Балалар мен ересектермен жұмыс жасағанда
қолданылатын көптеген пластикалық материалдар бар. Балаларға
жарайтыны – пластилин, ал жасөспірімдер мен ересектерге – балшық.
Балшық. Балшықпен жұмыс жасау жеке жұмыста және отбасы
терапиясында, сондай-ақ балалар мен ата-ана қатынасындағы
қиыншылықтар кезінде және топпен жұмыс жасағанда жүзеге
асырылады. Балшықпен жұмыс жасағанда жақын адамды жоғалтқан
кезде психотерапияда, кінә, жабырқаңқылық, агрессия, экзистенциальді
дағдарыс, өткір сресс және түрлі психикалық бұзушылықтар сынды
сезімдермен жұмыс жасағанда қолданады.
Құм терапия әдісі. Мұндағы құрал құм ғана емес, сонымен қатар құмнан
бірдеңе жасау үшін қажет фигуралар. Бала үгілмелі субстанциямен не
жасайтынын бақылау айтарлықтай қызықтырақ. Бұл көп нәрсені аңғартады.
Өйткені құмда салынған әр сурет, әр жасалған фигура кездейсоқ емес және
бала үшін өзіндік мәні бар. Құмнан жасалған рельеф оның сезімін, күйінішін,
шешілмеген мәселелерді бейнелеуі мүмкін. Құммен ойнаудың тағы бір жақсы
жағы бар. Олар бала қиялын жандандырып, өз ойын білдіруге көмектеседі.
Ол оны мазалайтын проблеманы бейнелей алады, ал бұл оны шешу жолында
тұрғанын білдіреді.
Инемен емдеу — балалармен жұмыс жасауда қолданылатын айтарлықтай
танымал әдісі, өйткені даму міндеттеріне жауап береді.
Әлеуметтік терапия әдісі. Әлеуметтік терапия әдісі — баланы ересектер,
құрбылары сынды маңызды әлеуметтік ортаның әлеуметтік қабылдауын,
мойындауын, әлеуметтік мақұлдауы мен оң бағалауын қолдануға
бағытталған психологиялық әсер ету әдісі.
Психогимнастика. Психогимнастика негізінде қозғалу экспрессиясын қолдану
жатқан топтық психотерапияның таңбалы әдісіне жатады. Бұл бала
психикасының (оның танымдық және эмоционалдық-тұлғалық саласы) түрлі
жақтарын дамыту мен түзетуге бағытталған арнайы сабақтар (этюдтер,
жаттығулар, ойындар) арнайы сабақтар курсы. Негізгі мақсаты — тілдесудегі
кедергілерді жеңу, өзін және басқаларды жақсы түсінуді дамыту, психикалық
шиеленісті алып тастау, өз ойын білдіру үшін мүмкіндік туғызу.
Психологиялық кеңес – диагностикалық негізде туындайды.
1. Кәсіби кеңес кезінде міндетті түрде мамандыққа қажетті көрсетулер және кері

көрсетулер, сонымен қатар осы процедураны орындау үшін болжаудың
(диагностиканың) әр түрлі әдістері болу керек.
2. Кәсіби кеңес кезінде өзін-өзі бағалауды дамыту және жеке тұлғаның жағымды

қасиеттерін көрсету, өзін-өзі обьективті анықтауға көмек көрсету.
3. Барлық ұсыныстарды нақты әрі әдепті түрде беру, кеңесті сенімді жағдайда

өткізу. Қоғам талаптарын ескере отырып жеке тұлғаның күшін нақты іске бағыттау
қажет.
4. Психолог әрбір оқушының қабілеті мен мінез ерекшеліктері бар жеке тұлға

екеніне көз жеткізе отырып, оқушының потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыра
алатындықтарын сенімді болу керек.
5. Психолог жауаптарын жүйелеп қорытындылай келе, нақты сұрақтар қоя алады,

осының негізінде кеңестер береді.
6. Психолог жауаптарында жеке тұлғаны кешенді зерттеу негізінде (өмірбаяны,

басынан өткен оқиғалар, анкета сұрақтарына жауабы, бақылау көрсетулері,
дәрігерлік диагноз, психодиагностика қорытындылары) қорытынды жасайды.
7. Жеке тұлғаға кеңес бергенде соңғы мәлімет
. Кеңесші өзіне қажетті тәжірибелерді жан – жақты зерттеуі керек, оқушының

кемшіліктерін, мінезінің жайсыз жақтарын түсіндіріп оларды түзету жолдарын
көрсету қажет.
9. Оқушының интеллектуальды және эмоциональды ортасына ықпал жасап,

әрдайым оның психологиялық жағдайын ескеру керек. Оның мақсаты
әңгімелесушінің сөзін түсіне отырып, түсінікте болу. Осы негізде ата-аналар мен
педагогтарға кеңес береді, педагогикалық-психологиялық насихат,
психокоррекциялық жұмыс жүргізіледі
Психологиялық қызметті жүргізуші психолог-мамандардың құқықтары:
1. Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді бағыттарын

анықтауға құқылы.
2. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін белгілеп,

жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы.
3. Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда әкімшіліктің

бұйрығынан бас тартуға құқылы.
4. Оқушылардың тағдырын шешуге байланысты құрылған комиссиялар мен

түрлі ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы.
5. Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік мекемелерге

тапсырыстар беруге құқылы.
6. Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, психологиялық диогностика мен

түзету жұмыстарының жаңа әдістерін өз тәжірибесінде қолдануға, олардың
тиімділіктерін анықтауға құқылы.
7. Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына

оқушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен шығуға
құқылы.
8. Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында кәсіптік

бағдар беру орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.

Ұқсас жұмыстар
Апаттар медицинасының ұйымдастыру принциптері
Жедел психологиялық көмек көрсету техникалары
Психологиялық қызметтің мақсаты психологиялық көмек көрсету
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі
Жартылай стационарлық ұйым
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік - педагогикалық көмек көрсету
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Ұлыбританиядағы әлеуметтік жұмыс
Психологиялық сұраныстар журналы
Пәндер