Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика




Презентация қосу
Кәсіби таңдау мен кәсіби
бағытталудағы психодиагностика.
• Диагностиканың басқа салалармен байланысы. Қазіргі
таңда диагностика әлеуметтік практиканың мынандай
салаларында кеңінен қолданылады.
• 1. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағдар. Психологиялық-
педагогикалық диагностика шаралары жеке сапа
ерекшеліктерін, кәсіби маңызды сапаларын, кәсіби
жарамдылығын, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін
жақсартуын зерттеуге бағытталған.
• 2. Әлеуметтік мінез-құлықты болжау (қылмыс себептерін
зерттеу, некені диагностикалау).
• 3. Оқыту мен тәрбиені оптимизациялау (мектеп
диагностикасы). Психологиялық-педагогикалық
диагностиканың бұл саласы халыққа білім беру
міндеттерімен тығыз байланысты.
• 4. Психотерапевтік жәрдем клиникалық психиатрияның
әдістемелерімен қамтамасыз етеді. (клиникалық
психодиагностика) Бұл соттық психологиялық -
психиатриялық экспертизамен және т.б. тығыз байланысты.
• Сонымен бірге, психологиялық
диагностиканың арнайы салаларына
тоқталсақ:
• 1. Жалпы психологиялық диагностика -
жалпы, әлеуметтік, дифференциалды
психологиямен байланысты.
Психологиялық диагностика бұл
ғылымдардың ұғымын, заңдылықтарын
қолданады. Ал екінші жағынан теориялық
шындығын тексереді.
• 2. Жеке психологиялық диагностика -
медициналық, жас ерекшелік,
педагогикалық, заңгерлік, спорттық,
өндірістік, патопсихологиялық т.б.
• Психодиагностика бұл – психология ғылымының бір
саласы болып табылады. Сондықтанда ол басқада
психологияның тармақтарымен тығыз байланысты.
Жеке сала болғанымен ол өзінің даму бағытын жалпы
психология теориясынан бастау алады.
• Көбінесе, шетелдік және отандық әдебиеттерде тұлға
проблемасы теориясының ерекшеліктері
дифференциялдық психология саласының зерттеулерінің
ерекшеліктері болып табылады. ХІХ ғ. және ХХ ғ. атақты
неміс психологі Вильем Штерн ғылымға мынадай
түсінік берді: «маңызды ерекшелік бұл – психологияның
функциясы мен қасиетінде».
• В. Штерн заманынан кейінде дифференциялық
психология жөнінде түсініктер өзгеріске енбеді, қазірде
ол «жеке тұлғаның мінез-құлық және қасиетін мақсатты
зертеу» бағытында анықталады. Дифференциялық
психологияның шығу шегін қозғайтын болсақ біз
біріншіден тест жүйелерін жасаушы зерттеушілерді
айтамыз. Олар: Ф.Гальтон, Дж.Кеттел, А. Бине.
• Психодиагностика және дифференциалдық
психологияның зерттеу пәні саласы сәйкес келеді, ал
оларды біріншісі тұлғаның ерекшеліктерін өлшеуге
бағдарлау десе, екіншісі мінез-құлқын ажырату деген
түсінікпен ажыратылады, яғни психодиагностиканы
ғылым мен тәжірибенің арасындағы көпір деп
түсінеді. Мұнда ғылым жөнінде тұлғаның
психологиялық ерекшеліктерін және тәжірибе
жүзінде психологияның диагнозды қарастырады.
• Психодиагностиканы қарастыра келе,
дифференциялдық психологиядан алшақ ала отыра
бұл бөлім немесе саланы батыс (шет) мамандары
мінез-құлықты түсінуге немесе байқауға жақындау
деген пікір берді. Бұл екі сала бөлінгенімен, бірақ
шындығына келетіні болсақ бір-бірін органдық түрде
толықтырып, бір бүтінді құрайды.
• Психометрия - бұл әрдайым психологиялық
тест жүйесінде кездесетін тест түсінігін
береді. Бұл жөнінде Вольф психологияда
өлшемдер туралы түсінік беріп өткен.
• Ең алғашқы эксперименталдық
психологияда өлшем ол уақыт реакциясына
жасаған өлшем болып табылады.
Сондықтанда алғашқыда психометрия
(түсінігінде) саласы психологиялық
үдерістегі мінез құлық өлшемі деген түсінікті
берді. Бұның салдары психологиялық
құбылыстың барлығы психометрияға
байланысты екеніне әкеліп соқтырды.
• Психологияда өлшеу құралының қайсысы болмасын
анықталған талаптарды сақтауды қарастырған. Бұл
талаптар алған нәтижелердің дәл, нақты
салыстырмалы түрде жасалған өлшемдерге тығыз
байланысты. Мұнда статистикалық – математикалық
процедураға сәйкес екені бағытталған. Осындай
бағытпен психометрия психологиялық тестте өз
дамуын негізге алады.
• Психологиялық тесттердің дамуына байланысты
1920-1930 ж.ж. бастап арнайы психологиялық
өлшеу орталықтары пайда болды. Онда жеке
тұлғаның барлық талаптары іс-әрекеттері өлшеніп
қаралады. Бұл тесттің арнайы мақсаты, тұлға
бағытындағы психологиялық қасиеттері мен
психосризиогиялық жағынан өлшемдер жүргізуге
болатындығымен айқындалады
• НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Психодиагностикалық зерттеудің кезеңдері
Психодиагностикаға кіріспе
Проективтік әдістер
Коррекциялық бағдарламаның түрлері
Мектеп жасындағы балалардың диагностикасы
Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар жіктемесі
Жас ұстаздар мектебі
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемедегі психолог кабинеті
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби сұрақтары
Пәндер