Мектеп жасындағы балалардың диагностикасы


Slide 1

Мектеп жасындағы балалардың диагностикасы.

Slide 2

Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап балалардың жекелік ерекшеліктерінің психологиялық дамуы өсе бастайды. Бұл ерекшеліктер баланың интеллектуалды, моральды, қарым-қатынас дамуында анық көріне бастайды. Мектепке қабылданатын кейбір балаларға қабілетіне қарай ересектерге арналған психодиагностика әдістерін қолдануға да болса, енді біреулеріне 4-6 жастағы, яғни мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдісті пайдалану керек болады. Сондықтан да балаларды психодиагностикалау кезінде қандай әдісті қолдану қажет екенін алдын-ала анықтап алу керек.

Slide 3 Slide 4

Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 6-7 жастағы баланың көпшілігінің, яғни 50%-тен 80%-ке дейін мектепке лқуға дайындығы бар және бастауыш сыныптың оқу бағдарламасын меңгере алуға қабілетті келеді екен. Егер балаға қияын, бірақ орындай алатындай және қызықсыз, ақыл-ойды, ырықсыз зейінді, есті, қиялды қажет ететін психологиялық тестті жүргізсеңіз, онда бала бұл тапсырманы орындай алмауы мүмкін. Ал егер сол тапсырмаңызды ойын түрінде, жеңіл формада қызықтыра отырып жүргізсеңіз, онда оның нәтижесі жоғары болады. Бұл жағдай, әсіресе, 1-ші, 2-ші сынып оқушыларын психодиагностикалау кезінде ескерілуі керек. Себебі, олар әлі толық меңгеретін дейінгі кезеңнен алыстап кете қойған жоқ.

Ал, 3, 4 сыныптарда психодиагностикалау кезінде әр түрлі тесттерді, тесттік тапсырмаларды жүргізе беруге болады. Бірақ олардың жас ерекшелігін, мотивациясын ескеру қажет.

Slide 5

Кіші мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау рамкасына мыналарды енгізу керек:

1. Баланың қоршаған ортаны жалпы бағдарлай алуы

2. Баланың мектепте оқуға деген қатынасы

3. Зейіні

4. Ес процесі

5. Ойлауы

6. Сөйлеу қабілеті

7. Шығармашылық қабілеті

8. Еңбек дағдысы мен икемділігі

9. Табыс жетістігінің мотивациясы

10. Тұлғалық қасиеттері

11. Тұлғаралық қарым-қатынасы.

Slide 6

Осы параметрлер бойынша жүргізілген психодиагностика нәтижесінде осынадай мәселелер анықталады:

1. Бұл баланың даму деңгейі анықталады.

2. өз уақытында баланың ептіліктері мен қабілеттері анықталады.

3. баланың оқу процесінде кенже қалу себебі немесе тәлім-тәрбиесінің нашар болуы себебі анықталады.

4. Балаға, ата-анаға, мұғалімге болашақ мамандыққа даярлыққа ғылыми негізделген бағыт ұсынылады.

Slide 7

Балаларға психодиагностика әдістерін қолданбас бұрын мынадай жағдайларды орындау ұсынылады:

1. Әдістеменің мазмұнымен мұқият танысу керек.

2. Егер тестке арнайы түсіндірме берілсе, онымен міндетті түрде танысу керек.

3. Әдістемені жүргізуге қажет материалдарды алдын ала дайындап алу керек.

4. Жүргізілетін әдістемені алдын ала ең құрығанда 1 балаға жүргізіп, нәтижесін шығарып көру керек.

Slide 8 Slide 9

Баланы қоршаған ортаны жалпы бағдарлай алуы мен күнделікті білім қорын анықтау (мектепке жаңа қабылданған балаға арналған)

1. Сенің атың кім?

2. Сенің жасың нешеде?

3. Сенің ата-анаңның есімдері қандай?

4. Сен тұратын қала қалай аталады?

5. Сен тұратын көше ақалй аталады?

6. Сенің үйің мен пәтеріңнің номері қандай?

7. Қандай жануарларды білесің? (оның ішінде үй жануарлары қайсысы, жабайы қайсысы, үй жануарлары 2-ден, жабайы 2-ден кем болмаса дұрыс деп есептеледі) .

8. Ағаш жапырақтар жылдың қай мезгілінде шығады және қай мезгілінде түседі?

9. Сенің ұйқыңнан оянатын, түстенетін және ұйықтауға жататын уақыттарың тәуліктің қай кезеңдері?

10. өзің пайдаланатын киім түрлерін, асхана құрал-жабдықтарын атап берші?

Slide 10

Жеткіншек және жасөспірім шақтағы балалардың психодиагностикасының ерекшеліктері.

Жеткіншек шақтардың (12-14 жас) кіші мектеп жасындағыларан психологиялық ерекшелігі, олар балалық шақтан ересек шаққа бастайтын алғашқы қадамды басты. Осы логика бойынша жастық кезеңнің дамуының негізгі қадамы басталып, оның өзі кем дегенде 3 кезеңге бөлінеді: ерте жастық шақ (сынып оқушылары), орта жастық шақ (мектеп бітіргеннен кейінгі алғашқы жылдарды қамтиды, 17-18 жастан 22-23 жасқа дейін), және ересек жастық кезең (23-24 жастан 28-29 жас аралығын қамтиды) . Ал 30 жастан бастап ересектік жас кезеңі басталды.

Slide 11 Slide 12

Жасөспірімдік жылдар барлық мінез-құлық сферасы бойынша ересек адамдардан тәуелсіз болуға бар күшін салумен сипатталады. Егер кіші мектеп жасындағы оқушы қанша мазасыз, сөзге құлақ аспайтын болса да ол әлі ата-анасына толық тәуелді болады. Оның ата-анасы, білімді, беделді болса және бала психологиясы мен мінез-құлқына әсер алатындай дәрежеде болса, онда баланың жасөспірімдік шағы да қиындықсыз өтеді деуге болады. Бұл кезеңде баланың өз-өзі көңіл аударуы, сыртқы келбетіне мән беруі өте жоғары болады және өзін-өзі тануға, өзін тәрбиелеуге көңіл аударады. Егер кіші мектеп жасындағы балалардың көпшілігінде әлі ересек адамдарға тәуелсіз өзіндік пікірі қалыптаса қоймаса, жасөспірімдерде бұл белгілі дәрежеде айқындалған. Бірақ оның қаншалықты керемет және шындықпен сәйкесекендігі басқа әңгіме.

Slide 13 Slide 14

Ересек жастағыларды психодиагностикалау әдістері

Адам өмірінде психодиагностикалау жұмыстарын тек балалық шақта ғана емес, ересек шағында да жүргізу қажеттілігі туындайтын кезеңдер аз кездеспейді. Бұған әр түрлі себептер болуы мүмкін, яғни ересек адамның кәсіби психологтың көмегіне жүгінген жағдайында, оқуға тапсырарда, жұмысқа қабылданғанда, белгілі бір қызметке конкурстық қабылдау жариялағанда, адамның кәсіби жарамдылығын анықтағанда және жай ғана адамның өзін-өзі тану мақсатында психодиагностикалау әдістерінің көмегіне жүгінеді

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
ТАҚЫРЫП ДИАГНОСТИКА
ЕРТЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлығы
КІШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОГНЕТИВТІ АЙМАҒЫНЫҢ ДАМУЫ
Кіші мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балалардың жетістіктері
Көрудің ауытқулары
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ОБӨЖ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҰЛДАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz