Мектепке дейінгі балаларды психодиагностикалау: танымдық процестер және әдістемелік тәсілдер


Slide 1

Мектепке дейінгі жастағы балалар психодиагностикасы.

Slide 2

Мектеп жасына дейінгі балаларда психодиагностикалау процесінде нақты нәтижелер алу үшін олардың психологиялық және құқықтық ерекшеліктері туралы білім болуы қажет. Бұл ерекшеліктерге ең алдымен сана мен өзіндік саналарды салыстырмалы ең төменгі деңгейі жатады. Психодиагностика саласы бойынша біз сана туралы айтқан кезде ырықты ішкі ерік-жігерін және баланың қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау тәрізді негізгі танымдық процестерін есепке аламыз. Мектеп жасында балада саналы түрде реттелетін бұл процестің көпшілігі салыстырмалы төменгі деңгейде болады. Бұл жас кезеңінде баланың когнитивтік дамуы да әлі қалыптасып үлгермейді. Танымдық процестің қалыптасып дамуы балаларда шамамен алғанда 3-4 жастан басталып, жеткіншек жастың соңында ғана аяқталады. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларды, әсіресе бөбек жасындағыларды психодиагностикалау жұмыстарында тесттік материалдар балалардың танымдық процестерін ырықты түрде басқара алуын жоғары деңгейін талап етпейтіндей болуы керек. Егер бұл шарт ескерілмесе, онда тестілеу нәтижесінде балалардың танымдық процестерінің даму деңгейінің шындыққа сәйкес келмейтіндей көрсеткіштер алынады.

Slide 3 Slide 4

Мектеп жасына дейінгі бала әсіресе 4 жасқа дейінгі балалар өзінің тұлғалық қасиеттерін әлсіз сезінеді және мінез-құлқын бағалай алатын жағдайда емес. Бұл жастағы баланың әлі өз әрекетіне жауап беруге, түсінуге қабілетті толық жетпейді. Ал 4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда мұндай мүмкіндіктер бар және олар белгілі бір дәрежеде өздерін жеке тұлға ретінде бағалай алады. Сондықтан да 4 жасқа дейінгі балаларды өзіндік сананы бағалауға бағытталған тапсырмалар мен сұрақтарды қолданбау керек. Өйтпеген жағдайда бала ол сұрақтарға жауап бермей қояды немесе мағынасын түсінбей-ақ механикалық түрде жауап бере салады. Ал 4 жас-6 жасқа дейінгі балаға мұндай тұлғалық және мінез-құлықтық әдістерді қолдануға болады. Бірақ бұл жастағы балалардың өзін бағалауында шек жоқ екенін ескеру керек .

Slide 5 Slide 6

Мектеп жасына дейінгі балаларды мынадый үш топқа бөледі:

Бөбек жасы 1 жастан 3 жасқа дейін

Кіші және ортаңғы мектеп жасына дейінгі

Ересек мектеп жасына дейінгі кезең 5, 6, 7 жас.

Slide 7 Slide 8

Бөбек жасындағы балалардың психодиагностикада негізінен оның сыртқы қимыл әрекеті реакциясы ғана назарға алынады. Сондықтан бұл жастағы балалар туралы информация жинақтаудың құралы бақылау әдісі болып табылады. Ал ең негізгі психодиагностикалық әдіс- табиғи эксперимент әдісі. Бұл жастағы балаларды зерттеуде ең жақсы психодиагностиканың нәтижені баланың ойын кезін бақылау арқылы алуға болады. 1-ден 3жасқа дейінгі балаларды психодиагностикалау кезінде олардың ойын формасы қалай өзгерсе балалардың психологиясын өзара қатынасын дамытатын әлеуметтік белсенділікте солай өтеді. Бұл жастағы балалар алғаш рет өзінің қатарластарына тұлға ретінде қызығушылық танытып олар мен тіл табысып ойнай бастайды. Осыған сәйкес психодиагностика әдістері тек баланың жекелік қимыл әрекетін ғана емес оның ұжымдық ойындағы ролін зерттеуге де бағытталуы тиіс. Ойынға қатысушылар тек қана балалар емес ересектерде болуы мүмкін.

Slide 9

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін диагностикалау әдістері. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау зейін, қиял, ес, ойлау, сөйлеу сияқты негізгі танымдық процестерін психодиагностикалау әдістерін ұсынбас бұрын «психодиагностика әдістерінің стандартты кешені» туралы түсінікті қарастырамыз.

Slide 10

«Мына суретте не жетіспейді» әдістемесі блйынша балаға бірнеше суреттер көрсетіледі. Әрбір суретте жетіспейтін детальдар бар. Бала осы жетіспейтін жақтарын барынша тез тауып атау керек. Жұмысты жүргізу үшін жүргізушіге секундомер болуы керек. Жұмыстың нәтижесі 10 баллдық жүйемен есептелінеді. Бұл әдістеме баланың қабылдауының даму деңгейін анықтайды.

Қорытынды бағалау:

10 балл - бала тапсырманы 25 секундтың ішінде немесе одан ертерек аяқтап жетіспейтін 7 детальды (бөлікті) табады.

8-9 балл - бала барлық жетіспейтін бөліктерді табады және оған 26-30 секунд уақыт жұмсайды.

6-7 балл - 31-35 секунд аралығында барлық жетіспейтін детальдарды табады.

4-5 балл - 36-40 секунд аралығында барлық жетіспейтін детальдарды табады.

2-3 балл - 41-45 секунд аралығында барлық жетіспейтін детальдарын табады.

0-1 балл - барлық жетіспейтін детальдарды табу үшін 45 секундтан артық уақыт жұмсайды.

Slide 11 Slide 12

Әрбір әңгімеге тән белгісі үшін 0-2 баллға дейін қойылады. Оны қорытындылау үшін мынандай критерийлер пайдаланылады.

- Бірінші белгісі бойынша. Егер бала әңгімені 30 секунд ішінде ойлап таба алса, 2 балл қойылады. Ал әңгіме құрастыруға 30 сек. -1 мин. Уақыт жіберсе - 1 балл, 1 мин. Ішінде ештеңе құрастыра алмаса - 0 балл қояды.

- Әңгіме сюжетінің ерекше, оригинал болуы - әңгіменің екінші белгісі болып табылады. Ол былай бағаланады. Егер бала бұрын көрген немесе естіген нәрселерді, жай ғана механикалық түрде баяндай салса, онда 0 балл қойылады. Егер бала көрген, естіген дүниелеріне өз ойынан бірдеңелер қосып айтса, онда 1 балл қойылады. Ал егер әңгіме сюжетін түгелдей баланың өзі құрастырса, және ол ерекше қызық болса, онда оған 2 балл қойылады.


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылық ерекшеліктері және оларды дамыту әдістері
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту: әдістемелік тәсілдер мен жаттығулар
Мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін ойын арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балаларды дамытуда дидактикалық ойындардың педагогикалық маңызы және қолдану шарттары
Жалпы психология: танымдық процестер және оқу-әдістемелік бағдарлама
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудағы заманауи әдіс-тәсілдер мен экологиялық тәрбие
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні, танымдық әрекеттері және мектепке дайындау әдістері
LEGO конструкторының мектепке дейінгі балаларды оқыту және дамытудағы ықпалы
Тұтығуы бар мектепке дейінгі балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық реабилитациялаудағы ойын әдістерінің логопедиялық-әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі балалар ойынын ұйымдастыру: теория, даму сатылары мен педагогикалық тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz