ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ АДАМ ТАНУ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕ




Презентация қосу
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ АДАМ ТАНУ ТУРАЛЫ
ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕ.
ЖОСПАР
1.Өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық
аппараты.
2.Өзін-өзі тану адам тану туралы
ғылымдар жүйесінде.
3.Өзін-өзі тану пәнін және өзін-өзі
тану ұғымдары
Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін
ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам
қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі
адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз
процесі болып табылады.
Назарбаева Сара Алпысқызы
Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың
өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине
отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен
тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде аса маңызды болып
табылатын рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден-бір
пән өзін-өзі тану пәні болып табылады. Баланың жанын тәрбиелеу,
ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі
сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған
ортаға, қоғамға, қыбырлаған кез-келген тіршілік иесіне деген риясыз
сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың
көрінісі болып табылады. Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға
байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы
бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында
ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті,
рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып
табылады», — деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін-өзі тану пәні
әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам
талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі
қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз.
Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз,
еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор.
Өзін-өзі тану пәнінің болмыс ұғымдарына тәрбие, үйрету, оқыту
жатады. Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді
және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Өзін-өзі тану
арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық
әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары
мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары
алынатындығы белгілі болды. Өзін-өзі тану ұғымдары:
Елімізде 2002 жылы шыққан «Педагогика және психология»
саласының түсіндірме сөздігінде «Өзін-өзі тану» ұғымына
төмендегідей түсінік берілген: «Өзін-өзі тану» - өзін-өзі бағалау
секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар /өзін-өзі
бақылау әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан
танып білу/: 1/ интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда
бұл процестер әлдеқайда күрделі және ұзағырақ, жинақталған
және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға тек
бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2/ адам өзі жайлы
мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ
сыртқы бастау-көздер - өз әрекеттерінің объективті нәтижелері,
өзге адамдармен қарым- қатынасы арқылы да алады».
Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі
дүние танымындағы құбылыстарды, олардың өзара
байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда «өзін-өзі тану»,
«өзін-өзі өзектілеу», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі
тәрбиелеу» «өзін-өзі басқару», «даму» және
«қалыптасу» «саналы пайымдау», «өзінді талдау»
сияқты ұғымдар да кездеседі. Педагогика
ұғымдарының бірі - өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі
тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі
маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық
талаптарға адамның өзіндік жауап қайтаруы, яғни
реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - ол
моральдық және этикалық нормалардың
қалыптасуы және олардың әдетке айналуы.
Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу,
өзін-өзі тәрбиелеуді қалыптастыру өзінің жеке
даму жолында пайдалану үшін мыналарды
білуі қажет:
1) Осы үрдісті басқару принциптерін;

2) Оның негізгі салаларын;

3) Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің
әдістері мен тәсілдерін.
Студенттерді өз таңдаған жолында даярлауда
өзін-өзі оқыту мен өзін-өзі тәрбиелеу,
оқытудың ролі мен мәнін студенттерге
жеткізу; ақпараттандыру (педагогикалық-
психологиялық білім беру); Оларды өзін-өзі
жетілдіруде бағытталған іскерлікпен және
дағдымен қаруландыру;өзін-өзі тану мен
тәрбиелеудің жолдарын қалыптастыру;
студенттердің өзін-өзі тану мен тәрбиелеу
барысындағы жұмыстарын ынталандыру,
қанағаттандыру.
“ҚАЗІР ҚОҒАМ АДАМ БОЛМЫСЫНДАҒЫ
МЕЙІРІМ, ШАПАҒАТ, ТӨЗІМ, МАХАББАТ...
СИЯҚТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНА
ЗӘРУ БОЛЫП ОТЫР”.
Қазіргіөзін-өзі тану мәселелері тұлғаның
перцевтивтік- коммуникативтік қабілеттерін
В.К. Елманованың психология
ғылымдарының кандидаттық
диссертациясиялық зерттеу еңбектеріндет.б.
көруге болады. Бұл бағыттағы еңбектерде
өзі мен өзгелер туралы білімге адам
дамуына ортаның белгілі ықпалы бар
екендігі туралы идея нақтыланады. /А.А.
Бодалев, О.Г. Кукосян, И.А. Вишняков, Л.Н.
Суетова/. Өзін-өзі тану деңгейі ортаға кері
әсер етуі мүмкін екендігі жөнінде де
айтылады, яғни тұлға іс-әрекеттердің бағыт-
бағдары мен табыстылығына әсер етеді.
Дегенмен мәселенің бұл жағы жеткілікті
Студент тұлғасының өзін-өзі тану мәселесіне деген
көзқарастарды саралап көрелік. Алғаш рет
студенттің тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі тану мәселесі
Г.И. Метельскийдің еңбектерінде орын алды.
Ол тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін

зерттеген болатын. Өзінің тәжірибелік зерттеуінде
тұлғаның өзін-өзі тану процесінде жинақталатын
білімдер, қабілеттер және дағдылар жүйесі алуан
түрлі педагогикалық міндеттерді шығармашылық
тұрғыдан шешудің маңызды шарттарының бірі
екендігі туралы болжамды негіздейді.
Педагогикалық шеберліктің алуан түрлі
деңгейлеріндегі тұлғаның қомақты тобын зерттей
келе, Г.И. Метельский олардың өзін-өзі тануындағы,
өзінің даму үрдісі мен нәтижесінің, оның жетістіктері
мен кемшіліктерінің ерекшеліктерін танудағы да
өзекті айырмашылықтарды көрсетіп берді.
Г.И. Метельскийдің зерттеуі студенттің болашақ
педагог тұлғасы ретінде өзін-өзі тануы - оның өз
тұлғасы мен іс-әрекетінің алуан жақтарын
объективті, шынайы қабылдау мен түсінуге түрткі
болар рефлексиялық гностикалық міндеттердің
белгілі бір жиынтығын шешу процесі екендігін
көрсетті. Г.И. Метельский тұлға бойындағы
рефлексияға, өзін-өзі тануға қабілеттіліктің
дамуының үш сатысын жіктеп көрсетті. Тұлға өз іс-
әрекеттерінің ішкі бір бөлігін көріп-біліп, пайымдап,
тек жекелеген жақтарына ғана түзетулер енгізу-
төменгі деңгейге тән құбылыс. Адам тұлғасы туралы
мағлұматтардың көбірек болып, оның ерекшеліктерін
шынайырақ тануы-орташа деңгейдің сипатында
жатады. Жоғарғы деңгей - болашақ педагог
тұлғасының өзін-өзі тану кезінде көрінетін
мағұлматтық және бағдарлау қызметтерінің
бірлігінің көрнекті үлгісі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Гуманитарлық ғылымдар
Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі білім берудің рөлі
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ересектік шақ
Ғылымдарды іріктеу жөнінде
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты жайлы ақпарат
Рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасы
«Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы»
Оқыту деңгейлері бойынша бағдарламалық мазмұны, мақсат қою, міндеттерді қою
Психологияның даму кезеңдері
Пәндер