Психикалық дамулары тежелген балалардың психологиялық коррекциясының негізгі ұстанымдары



Психикалық дамулары тежелген балалардың психологиялық коррекциясының негізгі ұстанымдары.

Қазіргі кезеңде арнайы беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту - түзету (коррекциялық) жұмыстарының, сондай-ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын, соңғы көрсеткіш бойынша 35 процентке жуығын нервтік - психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М. С. Певзнер, Т. А. Власова, К. С. Лебединская, В. В. Ковалев, П. Е. Сухарева, В. И. Лубовский т. б. бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.

Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі-арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағыттта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникасы, психикалық және физикалық дамудың кешеуілдеуіндегі инфантилизм ретінде белгілі. Психикалық дамудың кешеуілдеуін кешенді зерттеумен оқыту дефектология ғылымына 60 - жылдардың ХХ ғасырдан бастап өз бастауын алды. Осыдан бері өз қызметін атқарып келеді.
Балалардың ақыл-ой дамуындағы жеңіл ауытқулары «Психикалық дамудың кешеуілдеуі» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл кемшіліктің негізгі себебі: бала миының әлсіз түрдегі яғни органикалық зақымдауымен, сондай-ақ іштен туа пайда болған, туылу кезіндегі зақымданулар жатады. Сонымен бірге дамудың кешеуілдеуі жоғарғы жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы және соматикалық жағдайлармен, бас миының жарақаттануымен, эндрокриндік жүйенің бұзылуымен байланысады.

Ойлау әрекетіне келсек, көрнекі амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс береді. Көбінесе нақтылы бейнелі ойлауы бұзылады, яғни бейнелі образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Қарапайым есептер көрнекі материалдарға бағытталса, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, оларға қиындық туғызады.
Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар есептің шартын, диктантқа арналған сөздерді және сөйлемдерді есінде сақтамайды. Олар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыра алмайды, кей кездері мектептің тәртібіне бағынбайды. Мұндай балалар көңіл бөлгенді қажет етеді. Түзету жұмыстарын, арнайы оқыту процестерін емдеу мекемелерін талап етеді.

Балаларда іс-әрекеттің тұрақсыздығы қимыл-координациясының жеткіліксіздігі мен режимге бағына алмаушылығы болса да, мұндай балалардың басым көпшілігі дене шынықтыру пәні мен спорт ойындарын жақсы көреді. Олардың психикалық дамуындағы жоғарғы мүмкіншіліктердің бар екендігін түзету жұмыстарын ұйымдастыру барысында ескерген жөн.
Психикалық дамуыдың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М. С. Певзнер, Т. А. Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл берумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.

Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі - ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады. Жалпы тексерудің барысында алынған мәліметтерге сүйенсек, жалпы мектептің өзінде де жартысынан жуығын «психикалық дамуы кешеуілдеген балалар» тобы құрайтынын көреміз. Психикалық дамудың кешеуілдеуі - бұл анамалияның дамуы, ячни көбінесе ол оқу жылының алғашқы айларында байқалуы мүмкін. Ол негізінен балалардың оқу процесінің қажеттіліктеріне адаптацияланбауынан байқалады.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың негізгі айырмашылығы мынада: бұл балалардың сабаққа деген үлгермеушілігі, сондай-ақ дағдылары мен танымдық процестеріндегі өзара ауытқушылықтарымен сипатталады. Арнайы педагогикада, сондай-ақ дефектология ғылымында психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын зерттеу негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастап бастау алды. Психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге, ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез-құлықтарымен және іс-әрекеттерімен ерекшеленеді.

Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және да басқа адамдардың сүйіспеншілігі мен түсінігіне, егер ағайын-туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы…»
Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамының белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Осы орайда әлеуметтік қызметкерлердің міндеті қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни ауруының себеп-салдарын анықтап, оның бала ағзасының дамуы қандай бөгеттер жасап отырғандығын анықтау, мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас-құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлігін қамтамасыз етуге үйрету. Есту қабілеті бұзылған баланың өмірге келуі шын мәнінде отбасында психологиялық өзгерістерге алып келеді.

Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі - дефектологиялық негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті - жалпы педагогикалық принциптерімен анықталған, яғни оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асқаны орынды. Және бұл қарым-қатынас қалыпты жағдайда өзара түсіністік, бір-біріне көмек беру жағдайында өткені дұрыс. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз-өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тұлғасын зерттеу мәселесі қазіргі әлеуемтік жағдайда маңызды орын алады. Біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазіргі кезеңдегі оқушылардың әлеуметтік жағдайындағы дамуына үлкен өзгірестер келтіреді, яғни, оның тұлғаының қалыптасу процесіне әсер етеді. Сондықтан да, мақаланың негізгі мақсаты, ақыл-ойы кем жеткіншектердің тұлғасын зерттеу мәселесінің дамуының тарихы және қазіргі кездегі аспектілерінің дамуын айқынырақ көрсету болып табылады.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда талқыланады. Бұл мәселеленің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама. Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының әрі қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады. Баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелші жұмыс қажет. Оқушының жеке басына жән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратуға талғамы және өзгелермен қатынасы қандай осы жөнінен алып қарауға болады.
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайға баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. Тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі - сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл көбінесе мен - менсінген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ, осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық, ата-ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әр түрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда бала жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез-келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

В. Д. Шадриков негативті мінез-құлық ерекшеліктері дұрыс құрылмаған тәрбиенің нәтижелі болуы мүмкін. Олай болса эмоционалдық қызбалы және танымдық, қозғалыс іс-әрекетінің нәтижесі, оның темпераменті мен жүке әрекетінің туа біткен жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Р. В. Овчарова және басқа ғалымдардын зерттеулерімен келісе отырып, бала мінез-құлқының себептерін жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады. Әлеуметтік -педогогикалық қараусыз қалу, бала өзінің жағымсыз қылықтарымен өзін көрсете алмайды. Терең психикалық ауытқушылығы бар отбасыларда қарым-қатынасының дұрыс болмауы себепші болады.
Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті тудырады.
Екінші себеп - бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы - ажырасу, неке бұзу.
Отбасы тәрбиесінде ата-аналрыдң мінез-құлқы шешуші фактор. «Сіз баланыңдың тәрбиесін бастаман бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А. С. Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, … егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз… ал, онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.
Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балаларжүйке (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпилепция) азап шегеді, олардың ақыл-ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата-ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейрімді өнеге мен әсер етуі керек.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жетебіле бермейді.
Төртінші себеп - бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс-әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата-аналарын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан - жақты білу мүмкін емес.

В. Г. Степанова, В. А. Крутецкий мінез-құлықтағы мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі:
Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез-құлқында, шашамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар - тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақылық сияқты және т. б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез-құлықты осыған қарама-қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т. б. байқалады.
Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез-құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Үйлесімдік типтегі балалар барлық жеке қасиеттері қалыптасқандығымен сипатталады, олардың қиналыс және қауіп-қатерлік сияқты психологиялық факторлары іс жүзінде қалыс қалады. Олар интеллектің жоғары деңгейіне ие болады, көпшіл, өзіне сенімді, орындалатын жұмысқа адал ниетпен кіріседі, өзінің мінез-құлқына ойдағыдай баға береді.

Отандық көптеген ғалым - дефектологтардың, яғни Л. С. Выготский (1931-35) . И. М. Соловьев (1935), Л. В. Занков (1939), В. И. Лубовский (1956), Л. В. Викулова (1965), Н. Г. Морозова (1965), В. И. Пинский (1962) . Н. Л. Коломинский (1970), Ж. И. Намазбаеваның (1986) және тағы басқаларндың эксперименттік зерттеулерінде психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың тұлғасын даму ерекшеліктерінің кейбір жақтары қамтылған. Бұл берілген мәселенің күрделілігі және жан-жақтылығы оның толық жетілмегендігінің және қазіргі таңда оның маңыздылығын ескеріп өтеді. Сонымен қатар, авторлар келесі реттегі мәселелерді, яғни ақыл-ойы кем оқушылардың тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы өзін-өзі бағалаудың рөлі, ақыл-ойы мен күш әсер арасындағы қарым-қатынас, ақыл-ойы кем балаларды дамыту және оқытупроцесінде олардың өзгеруі; өзін-өзі бағалаудың дамуының ерекшеліктері және даму динамикасы; ақыл-ойы кем балалар мен жеткіншектердің мамандықтарды талдауына талаптану деңгейінің дамуының өсуі; ақыл-ойы кем оқушылардың оқу - іс-әрекетіндегі қарым-қатынастардың қалыптасуына және мінез-құлықтарына күткен бағаны әсер етуін зерттеген.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz