Психологиялық-педагогикалық коррекцияның этикалық және кәсіби сұрақтары
Презентация қосу
Психологиялық-педагогикалық
коррекцияның этикалық және кәсіби
сұрақтары.
Мектептегі психологтың жұмысы. Педагог-психологтың
жұмысы ҚР Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет
психологының құқықтық мәртебесі туралы ережемен және
мектеп психологының жұмыс нәтижесін бағалау жүйесімен
реттеледі. Педагог-психолог жоғарғы білімді, еңбекақыға,
зейнетақы кепілдігін тағайындауға, сондай-ақ басқа кәсіби
құқықтар мен кепілдіктерге қатысты педагогика қызметкерлеріне
теңестірілген маман боп табылады. Психолог пәндерге, әкімшілік
кезекшілік етуге жетекшілік ететін әкімшілік қызметкерлердің
және оған теңестірілген тұлғалардың міндеттерін атқармайды.
Әкімшіліктің, педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың
арасындағы даулы мәселелердің медиаторы болып табылады
және дау-дамайлар комиссиясының құрамына кіреді. Педагог-
психологтың жұмыс уақытының жалпы мөлшері – аптасына 36
сағат. Оның 18 сағаты – оқушылармен, мұғалімдермен және ата-
аналармен тікелей жұмыс жасауға, қалған 18 сағаты –
оқушылармен жеке және топтық жұмыстарды дайындауға,
біліктілігін көтеруге, өз бетімен білім алуға арналған.
Психологтың жалпы жұмыс мөлшері қосымша жұмыс мөлшерін
қосқанда, еңбек заңнамасының нормалары бойынша, аптасына 40
сағаттан аспауы тиіс.
Мектептегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері мен бағыттары.
Мектеп психологы қызметінің негізгі психикалық этикалық принциптеріне
сүйене отырып, мектеп психологының
кәсіби өзін-өзі қалай ұсауы керек екендігін елестету оңай.
Диагностикалық жұмысты жүзеге асыру кезінде тест тапсырмаларымен
жұмыс жасау оқушылар үшін танымдық іс-әрекеттің бір түрі екендігін
ескеру қажет. Кейбір оқушылармен (оны алдын ала біліп алу қажет)
жұмыс жасау кезінде олардың жақындары мен достарына тіл тигізетін
әдістемелерді қолданбауы қажет. Сонымен қатар, әдістеменің мазмұны
оқушының ата-анасын немесе мұғалімнің күлкілі жағымсыз етіп суреттеп
тұрса, ал әдісиемені мүлдем қолдануға болмайды, әсіресе егер шынайы
өмірде шынында да ұқсап тұрса. Психолог, әсіресе мектеп психологы
психологиялық зерттеу нәтижелерінің жария етілмейтіні алдын-ала
айтылса, немесе ол зерттелушінің репутациясына зиян келтіретін болса,
жұрттың алдында айтуына тиым салынады. Психологтың кәсіби құпияны
жариялауы дәрігердің құпияны жария етуінен де ауыр қылмыс. Себебі,
қоғамдық пікірде ауру жиі адамның тұлғасы мен еркінен тәуелсіз
бақытсыздық деп есептеледі, ал «психологиялық ауру» сыналушының
жеке кемшіліктерімен байланысты және оған оның өзі немесе
жақындары кіналы болады. Психологиялық зерттеулерден алынған құпия
мәліметтерді қатысы жоқ адам білмеуі қажет. Осы ережені бұзған
психологты мектеп психологтары қатарынан алып тастау қажет.
Мектеп психологының кәсіби сапаларын қысқаша былай
келтіруге болады:
- Көңілі кең және көзқарасы тәуелсіз болуы қажет.
- Кез-келген қарым-қатынасқа дайын болу және оларды
қолдай білу.
- Адамдарды өзіне эмоционалды тарта білу.
- Қарым-қатынас кезінде өз эмоцияларын ұстай білу
қабілеті.
- Өзін-өзі және өзгелерді тануға ұмтылу.
- Өз міндетін ғана атқару.
- Әрекеттері мен сөздеріне жауап беру.
- Кез-келген әрекеттің арты не болатынын болжай білу.
Мектеп психологының жауапты әрі көпжоспарлы қызметі
оның кәсіби сапасы мен бліктілігіне белгілі бір талаптар
қояды дедік. Мектеп және педагогикалық психологиядан
білімі болуы, баланы зерттеудің түрлі психологиялық
әдістерін жоғары деңгейде меңгеруі және сонымен қатар
интеллектуалды өте жоғары дамыған болуы қажет.
Психологиялық қорытындылардың дұрыстығы – дұрыс
таңдап алынған психодиагностикалық әдістердің нәтижесі
ғана емес, психолог пен баланың өзара жақсы қарым-
қатынастарының нәтижесі де.
Мектеп психологы тек бүгінгі мектептің оқу және тәрбие
жүйесіне бейімделе алған жағдайында ғана өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады. Адамдар арасындағы
қайшылықтарды
шешу, олардың қаьелерін түзету мектеп психологы
қызметінің ажырамас бөлігі болғандықтан, бұл оның
тұлғалық қасиеттеріне үлкен талаптар қояды. Себебі, ол
берген кеңесіне, қабылдаған шешіміне әрдайым жауапты.
Шетел психологы Л.М.Фридман мектептегі психолог
қызметін психологиялық дайындықтан өткен мектеп
мұғалімі атқаруы тиіс деп есептейді. Біз нақты талаптар
қоятын шетел және кеңес психологтарымен келісеміз:
мектептегі психолог қызметіне тек арнайы
психологиялық білімі бар маман тартылуы қажет.
Венгрияда осыған қатысты қатал ереже ұстанады:
«Тәрбие беру мәселелері бойынша кеңес берудегі
психолог қызметіне тек клиникалық немесе
педагогикалық психология мамандығы бойынша жоғарғы
оқу орнын тамамдағандар ғана тартыла алады.
Чехословакиядағы аудандық педагогикалық-
психологиялық кеңес беру орталықтарында психолог
қызметін тек кәсіби психолог атқара алады, себебі,
психодиагностиканы практикада қолдану көп жағдайда
адам тұлғасын ғылыми тануға мақсатты бағытталған
процесс ретінде жүреді. Бұл салада тек сәйкес ғылыми
дайындықтан өткен маман ғана жұмыс істей алады.
Педагог баланы оқытады, одан кез-келген пән
бойынша білімді, өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін
сақтауды талап етеді, оны бағалайды. Психолог
баладан ештеңе талап етпеуі қажет, талап ете
алмайды да, ал баланы түсініп, көмектесуге
тырысады. Психологтың балаға еш ренжісі
болмауы қажет. Егер баламен дұрыс қарым-
қатынас жасай алмаса, ол тек өзіне ғана ренжуі
тиіс. Барлық талаптар тек өзіне, өзінің кәсіби
даярлығында. Сонымен қатар, психолог
оқушылардың кәсіп таңдау мәселелерімен
айналысады. Ол қызығушылығының жоқтығынан,
қабілетінің жетіспеушіліктерінен, оқудағы
үлгермеушіліктен кәсіп таңдауға қиналып жүрген
оқушыларға кеңес береді.
Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-
тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім
беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау
мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және
жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті
психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында
тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы
ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін
анықтау.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz