МЕЙІРБИКЕЛІК ПРАКТИКАНЫҢ СТАНДАРТТАРЫ




Презентация қосу
МЕЙІРБИКЕЛІК ПРАКТИКАНЫҢ СТАНДАРТТАРЫ
Мейірбике – медициналық қызмет көрсетуде
дәрігер мен фельдшердің басты көмекшісі, оң қолы.
Мейірбикенің өздігінен науқасты тексеруге,
диагностика жасауға және ем тағайындауға
құзіреттілігі жоқ. Бұл медицина қызметкерлері
дәрігердің тағайындаған ем-шараларын
орындаумен айналысады.
Мейірбикелердің пациенттерге, кіші
медицина қызметкерлеріне деген қарым-
қатынастары өте маңызды болуы керек.
Бұл қарым-қатынастар мейірбикенің білім
деңгейімен, және де өз қызметін атқару
білгірлігімен анықталады.
Мейірбике әрқашанда өз қызметінде
ұстамдылық танытып, теріс қылықтарға
жол бермеуі керек.
Көбісінде өз әріптестеріміздін арасында,
кәсіби мейірбикелік ортада кең тараған
психикалық стресс деген сөз болады.
Мейірбике жұмысының шарттарынан туындаған
стрессорлар:
жәрдем қажет ететін саны көп
адамдардың барлығымен тұрақты
эмоционалдық жұғысу;
-өліммен (нақты, потенциалды, фантомды)
ұдайы жұғысу;
- материалдық қиналу;
-біртекті (монотонды) жұмыс;
- сапалы қызмет үшін ынтаның болмауы;
- жүзеге аспаған кәсіби білім мен ептілік;
-шектен тыс зорығу;
-ауысымдық (кезекшілік) жұмыс.
Мейірбике міндеттері
-Медициналық документтерді дайындап толтырады;
-халық және науқастардың арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізеді;
-пациенттерге дәрігерге дейінгі шұғыл жәрдем береді;
-зерттеуге керек материалдарды дұрыс жинайды;
-пациенттерге күтім жасау үшін залалсыздандыру ертіндісін даярлап, жеке
басының тазалығын сақтауға арналған әдістер мен амалдарды атқарады;
-жағдайы ауыр пациенттерді күтіп-бағып қадағалап отырады;
-оңқа, қыша қағазын, компресс, жылытқыш, мұзды мүйық, сүлік процедураларын
дәрігердің нұсқауы бойынша орындайды;
-дәрілерді талап бойынша жаздырып, есепке алып, таратып қадағалап отырады;
-терінің астына, терінің ішіне, бұлшық еттің ішіне, көктамырға инъекция жасап
тамызғышты құрып және ол арқылы тамшылап дәрі жібереді;
-көк тамырдан қан алып, қанның тобын анықтайды;
-қан кеткенде оның ұюуының уақытын анықтайды;
-дәрінің бір-бірімен үлеспейтіндігінің белгісін анықтап, шұғыл көмек көрсетуге
даяр болады;
-тамырдың соғуын анықтап, тыныс алуын санап, қан қысымын өлшейді;
-асқазан шырышты қабатынан сөл алып, асқазанды тазартады;
-клизма жасайды, қуыққа түтік қояды, тәуліктегі диурезді өлшеп отырады;
-жүрек тұсын уқалап, жасанды ''ауызға ауыз'', ''ауызбен мұрынға'' үрлеу арқылы
тірілту әдістерін жасайды.
Мейірбике жұмыс орнында тәртіп сақтап, сабырлық танытып, арнайы киіммен
жұмыс атқаруы керек.
Дәрі және құрал жабдықтарды ұрлау.
Барлық құрал жабдықтарды және
дәрілерді, емдеу және алдын-ала
сақтандыру мекемелерінде ұқыптылықпен
есепке алынып отырылуы керек. Мейірбике
кезекшілікті тапсырғанда аға мейірбикенің
алдында барлық қолданылған дәрі және
құрал жабдықтарды туралы есеп береді.
Дәріні және құрал жабдықтарды ұрлағаны
үшін заң алдында жауап береді.
Медицина қызметкерлерінің
арасындағы бұзықтықты үш
түрге бөлінеді:
А.Күтпеген оқиға
Ә. Медициналық қателік
Б. Заң алдында
жазаланатын кәсіптік
бұзықтықтар.
Күтпеген жағдай – ол адам алдын ала ойламаған
жағдайларда туындайды. Мысалы: жеке пациентке белгілі бір
дәріні қолдануға болмайды екен, себебі оның сол дәрі-дәрмекке
аллергиялық ауруы бар, бірақ мейірбике пациенттің бұл ерекше
жағдайы ауру тарихында көрсетілмеген салдарынан дәрі-
дәрмекті қолданған. Міне, осындай жағдайлар күтпеген оқиға
деп танылады. Осы мәселе әдейі шақыртылған
конференцияларда талқыланып қайталануын болдырмайтыны
туралы, кінәлі адамға ауызша қатаң сөгіс береді.
Медициналық кәсіптік қателіктер тәжірибесінің аздығынан,
медициналық көмек көрсетуге жағдайының жоқтығынан,
кәсіптік білім тәжірибесінің жеткіліксіздігінен болады. Бұндай
кәсіптік қателіктерді екінші рет жібермеуі үшін жалпы
жиналыстарда талқыға салынады.
Заң алдында жазаланатын бұзықтық жасау: әдейі немесе
абайсыз әрекеттен қылмыс жасау. Оған жататындар: дәрігердің
қызметін заңсыз атқару, криминалдық қылмыс болып
табылатын аборт жасау, медициналық құпияны жариялау,
эпидемияға қарсы күресудің ережесін бұзу, адамдарға жасауға
болмайтын эксперименттер жүргізу.
Пациенттермен коммуникация процесінде
медбикеде пациентке деген сұрақтар міндетті
түрде туындайды. Дұрыс тұжырымдалған
сұрақтар қарым-қатынасты неғұрлым тиімді етеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Мейірбикелік көмек сапасын басқару. Мейірбикелік көмектің сапасын басқару жүйесі. Мейірбике жұмысы сапасының критерилері. Медициналық көмек стандарттары
Мейірбикелік көмектің сапасын бақылау жүйесі
АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ. МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМ СТАНДАРТТАРЫ ҰҒЫМЫ
МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУШІЛІКТІ ДАМЫТУ
Сапаны басқару
Дәлелді медицинаның бес кезеңдері
Дәлелді тәжірибеге шолу
Онкологиялық науқастарға арналған мейірбикелік күтім мен паллиативті көмектің ерекшеліктері
Мейіргерлік күтім жоспарының орындалуы
Мейіргер ісінің эволюциясы, теориясы және философиясы
Пәндер