ЖИТС жайлы




Презентация қосу
Орындаған: Қайрбек Ү
Қаблашимова Б
Қабденова А
Жұмағалиев А
Тексерген: Дуненбаев О
Жүре пайда болған иммундық
дефицитiнiң синдромы
(ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса
қатерлі вирустық дерт[1].
Қоздырушы - адамның
иммундық дефицит вирусы
HIV (ИДВ).

Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып,
жойып, нәтижесінде Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң
синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организмінің қорғаныс
механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі
ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда
дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады
Инфекция көзі
Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен
ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады.
Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус
тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда,
спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз
жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы
мүмкін
Аурудың белгілері:
Инкубациялық жасырын кезең.

10-15 жылға дейін созылады, себебі вирус тасымалдаушылар
50% -ы сау адамға жұқтырады, өздері ауырмайды. Қалған 50%
-ы вирусты жұқтырып алғаннан кейін дене температурасы
〖 39-40 〗 ^0С- қа көтеріліп, баспа 10-15 күнге дейін ісініп
ауырады.
Лимфаденопатия

ағзадағы барлық бездердің ісініп, қатаюы. Ауру ұзақтығы 3
айға созылады. ЖИТС ауруына ұқсас кезең. Ауруға
шалдыққандарда диарея байқалады, дене салмағы 10-15% —
ға төмендейді, тершендік, ұйқысыздық, әлсіздік, тәбеттің
болмауымен сипатталады.
Нақты ЖИТС ауруы. Адамдар қатерлі ісіктерге
шалдығады: кистозды пневмония, капоши саркомасы,
Цитомегаловирус туғызатын мидың ісік ауруы
ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ
ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
АРҚЫЛЫ

ВИРУСТЫҢ БІРДЕН
ҚАНҒА ТҮСУІ

АНАСЫНАН БАЛАҒА
ЖҰҒУЫ
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС
адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық
(еркек-әйел) және гомосексуальдық (еркек-еркек) жыныстық
қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық
қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі,
шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-
пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан.
Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей
дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады.
Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін
күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген
азаматтармен жыныстық катынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық
инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір
кезінде жыныстық катынаста болу, садистік әдеті бар партнермен
жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы
қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі
тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті
пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді.
Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өндеуден
өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус
тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус
оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына
түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен
жұғады.
ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан
нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйел-
дерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен
жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе
жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе
артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы
операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы
мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті
арқылы жұғу оқиғалары да белгілі.
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары ДДҰ мәліметі
бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40
—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп
науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе
Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық
Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде,
Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Қазақстанда ЖИТС пен күресу
жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен
мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына
республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күресу және
аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық лабораториялар
мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің
күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру
комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты — ЖИТС
вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді
жоспарлы түрде ұйымдастыру. Жоғарыда аталған ЖИТС
орталықтары ұйымдастырушы, тәсілдеуші және емдеуші мекемелер
ретінде жұмыс атқарады. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен
қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория
бар. Олардың жұмыс бағыттары мынадай:
1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға»
(группы риска) жататын адамдарды тексеріп,
вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып
отыру;

2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға
алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни
басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу
жұмыстарын ұйымдастыру.
ЖИТС жұғудан қалай
сақтанады? Әртүрлі
инфекциялардан сақтанудың ең
тиімді тәсілі — вакцина егу.
Алайда вакцина дайындау
бағытында тыңғылықты
зерттеулер жүргізіліп жатса да,
ондай профилактикалық
препарат алу әзірше қолдан
келмей отыр
ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:

— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;

— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар
ПРОФИЛАКТИКАСЫ:

— салауатты, әдепті өмір сүру;

— кездейсоқ жыныстық қатынастан және
гомосексуалист, жезөкшелермен
жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер
көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі
арта түседі. Г. В. Сколубовичтін. (1989)
айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік,
нашақорлық және жезөклелік — ЖИТС
вирусын жұқтыру кепілі»);
— стерильденбеген немесе кездейсоқ
біреудің шприцін, қайшысын, сақал
алғышын және басқа да құрал-
жабдықтарын пайдаланбау;
— әсіресе терісі, шырышты қабаттары
зақымданған жағдайда бөтен біреудің
қанымен, бөлінділерімен жанасудан
абай болу;
— презервативті дұрыс пайдалану (ол
ЖИТС-тен қорғайды); — қан құйғанда немесе донор қанынан
дайындалған препараттар
қабылданғанда олардың АИВ-ке
тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін
қолданылған қанның сериялык нөмерін
жазып алыңыз);
— маникюр, педикюр жасайтын
құралдардың стерильдігіне көңіл
аудару;
— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау
деген күмәнді жағдайда міндетті түрде
дәрігерге көріну.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол
ізде» демекші, адамға денсаулық бір- ақ рет
беріледі, ал сіздің денсаулығыңыз –өзіңіздің
қолыңызда. Әр адамның мәнді де сәнді өмір
сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз
екен. Сондықтан да өмірдегі ең жарқын
жастық шақтарымызда дендеріміздің
саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық.
Жастық шақтарымыздың тамырына анаша,
арақ, темекі балта болып шабылмасын!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗ
ҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
ЖИТС және жүктілік
Аса қауіпті ауру қоздырғыштардың таралуы кезіндегі халықтың іс-әрекеті
Житс ауруының белгілері
Жұғу жолдары
СПИД ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘЛІМЕТ­ТЕРІ БОЙ­
ЖИТС туралы
Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы
ЖИТС туралы. Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы
Инфекция көзі
Иммундық жүйенің патофизиологиясы ЖИТС
Пәндер