Май өнімдерінің қосалқы өнімдері
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы
Тақырыбы: Май өнімдерінің қосалқы өнімдері.
Орындаған: Мекенова Жансая ТПРП-310
Тексерген: Тимурбекова А.К
Алматы 2018ж.
Жоспар
І. Кіріспе............................................................................................................1-2
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мұнай өнімдерінен және майдан сабын алу жолдары...........................3-4
2.2. Қазақтың қара сабынын алаботадан алу технологиясы.........................5-8
2.3. Үй жағдайында сабын алу технологиясы................................................9-11
2.4. СЖЗ-дың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері........................11-13
ІІІ. Қорытынды...................................................................................................14
IV.Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................15
І. Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасында бірқатар тұрмыстық
химия өндірісі бар, оның ішінде ең ірілері
консервіленген жағдайда тұрып қалады.
Жалпы алғанда жуғыш және тазалағыш
құралдардың нарығында жуғыш
құралдарды шығарумен айналысатын 20-
дан астам қазақстандық компаниялар
жұмыс жасайды. Синтетикалық жуғыш
құралдарды қазақстандық
өндірушілерінің тауар сұрыптамасын
талдау нәтижесі бойынша осы
компаниялар өндіретін өнімдердің 70-80
%-ын сұйық жуғыш құралдар құрайтыны
анықталды.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мұнай өнімдерінен сабын алу жолдары.
Мұнай-көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-
қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де
кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы
қазбалардың ең маңызды түрі.
Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері
құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:
2С36Н74 + 5O2 → 4С17Н35СООН + 2Н2O
Түзілген қышқылдарды бейтараптау арқылы сабын алынады
С17Н35СООН + NaOH → C17H35COONa + Н2O (қатты сабын)
С17Н35СООН + Na2CO3 → C17H35COONa + Н2O + СO2
Карбон қышқылы тұздарының (сабынның) гидролизі кезінде сілті түзіледі:
С17Н35СОО- + Na+ + НОН → С17Н35СООН + Na++ ОН-
Сілті майлы заттарды ыдыратады, ал карбон қышқылы — беттік белсенді зат
(ББЗ) . Ол екі сұйықтың немесе сұйық пен газ шекарасында беттік керілуді
төмендететін зат. ББЗ болу үшін оның құрамындағы топтар әр түрлі затпен әрекеттесуі
керек. Карбон қышқылы молекуласының беттік белсенді заты су мен органикалық
сұйықтық шекарасында. Карбон қышқылында гидрофобты (гр. hydro -су және phobos
— қорқады) көміртек қалдығы және гидрофильді (гр. hydro -су және рһіlіо-сүйеді,
ұнатады) карбоксил тобы бар.
Сабын молекуласы екі бөліктен тұрады, көмірсутек тізбегі майдың құрамында, ал
—COONa+ тобы суда болады.Сабындардың жуғыш қасиеті-жуылатын беткейлердегі
жабысқан кір бөлшектерін эмульсия, суспензия түріне ауыстыра алатын мүмкіндігіне
байланысты. Синтетикалық қышқылдардан алынатын сабындар химиялық табиғаты
жағынан кәдімгі сабындарға ұқсас бола тұра, кемшіліктері де бар, мысалы кермек суда
кір ашпайды. Сондықтан қазір жуғыш заттардың басқа түрлерін өндіру әдістері дамуда.
Сондықтан жуғыш заттар жасағанда олардың жоғары жуғыштық қасиеттерін ғана
қамтамасыз етіп қоймай, ол заттардың биологиялық ыдырағыштығына да - тіршілік
әрекеті процесінде микроорганизмдердің кейбір түрлерінің оларды соңынан жою
мүмкіндігіне басты назар аударса, қоршаған ортамызда таза ұстауда өз үлесін қосар еді.
Майдан сабын алу
Майлар дегеніміз- триглицеридтер- органикалық қосылыстар; негізінен
глицерин мен бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлері; глицерин мен
жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирлері липидтерге жатады. Табиғи
майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал
қанықпаған май қышқылдары олеин,линол,линолен қышқылдарынан тұрады. Табиғи
майлар жануар және өсімдік майлары болып екіге бөлінеді.
Сабын және басқа заттар алу үшін көбінесе қатты майлар керек. Ал қатты
майлар - өте бағалы азық-түлік. Сондықтан да қатты майлардан арзанырақ келетін
өсімдік майларын қатты майларға айналдырып, содан кейін оларды қайтадан қандай
да бір техникалық өңдеу арқылы алады. Сұйық майлардың қатты майлардан
ерекшелігі құрамының қанықпағандығы- көмірсутек радикалдарына қос
байланыстың болуы. Қанықпаған сұйық қышқылдардың құрамына сутегін қосып,
қатты қышқылдарға айналдыруға болатыны тәрізді, сұйық майлардың да құрамына
сутегін енгізіп, оларды қатты майға айналдыруға болады. Гидрленген май - сабын
өндірісіндегі бағалы өнім. Күрделі эфир болғандықтан, майлар - минералды
қышқылдар,сілті қатысында қыздырғанда гидролизденеді.
Реакция нәтижесінде глицерин мен карбон қышқылы түзіледі:
Күрделі эфир + Су = Глицерин + Карбон қышқылы
Сілті қатысында гидролиздегенде, глицерин мен карбон қышқылдарының тұзы
(сабын) түзіледі. Бұл реакция майдың сабындану реакциясы деп аталады.
Май + Сілті = Глицерин + Сабын
Егер майларды сода немесе сілті қосып қыздырса, сабын түзіледі. Сабынды бөлу
үшін натрий хлоридін (ас тұзын) қосады. Сабын алу үшін қатты майлар қолданылады.
Қатты майлар бағалы тамақ өнімдері, сондықтан құрамында қанықпаған қышқылдары
бар сұйық майларды қатты майларға айналдырады.
2.2. Қазақтың қара сабынын алаботадан алу технологиясы.
Тамыз айында бау-бақшадан немесе егістіктен 50 кг алабота жинау
керек.Алаботаны күн тимейтін көлеңке жерге кептіру.Алабота қызып, шіріп,
кетпес үшін күнделікті екі уақыт аударыстырып, отыру керек. Бір айдан кейін
кептірілген алаботаны өртеп, күлін алу.
Сақар алу. Ол үшін қазанға су құйып, қайнаған су үстіне алаботаның
күлін, күлдің нілі суға әбден шыққанша 20 минут отқа қайнату.Қайнау
барысында күл құрамындағы еритін тұздар ериді, түзілген ерітіндіні шұңғыл
ыдысқа құйып алып, күл түбіне шөккенше тұндырған дұрыс.Ерітіндінің
бетіне шыққан жеңіл затарды сүзгімен сүзіп алып, түбіндегі тұнбасын төгіп
тастау қажет. Қазанды тазалап жуып, ішін жақсылап күнбағыстың майымен
және тоң маймен майлау. Сүзіп алған 3 л нілді суды қазанға құйып, әбден су
алғанша қайнату.
Су тартылғанда ерітінді сақарға айналады. Су мүлде суалған кезде қазан түбінде пайда болатын ұнтақ-сақар деп
аталады. Сақардың да емдік қасиеті бар. Сақарды қазаннан салып алып, құрамында К 2СО3 – тің бар екені
төмендегі тәжіриебемен анықтауға болады.
Құрамындағы затты анықтаған соң, қазанды қайта жуып,900г тоң май салып, қатты қыздырады. Қайнаған
майдың үстіне 250 г сақар салып, отты жайлап қана жағып қазандағы затты қайнату(от көп жағылса сабын
жалындап күйіп кетеді). Сабын үйіріліп, біріккен кезде қазан құрғақ тегіс жерге түсіріліп, суытылады.
Нәтижесінде 750г қара сабын алынды .
2.3. Үй жағдайында сабын жасау технологиясы.
Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және
шығармашылық процесс. Өйткені, сіз оған өзіңіз қалаған
қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай
аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап
тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін
жасауыңызға болады. Сабын жасау
үшін:үккіш,ыдыстар(кішкентай және үлкен),бояу мен
қоспасыз балалар сабыны,сабынның массасын езуге таза
су немесе шөп қайнатпасы,глицерин және Е
дәрумені,эфир майлары,сабынға арналған қалып(міндетті
түрде сабынға арналған емес,кез келген
пластмасса,шыны т.б),сұлы ұны,май (зәйтүн майы,бадам
майы,өрік,шабдалы т.б) .Глицерин – түссіз шәрбат
тәріздес сұйықтық, тәтті дәмді, иіссіз. Глицерин барлық
қатынаста сумен және спиртпен араласады, эфирде және
майлы майларда ерімейді. Глицерин ерітінділері әр түрлі
жақпалар ретінде кеңінен қолданылады.
Көбінесе фармацевтикалық технологияда келесі майлар қолданылады: миндаль,
шабдалы, өрік, оливка және күнбағыс. Бұл майлардың сапасы МФ ХІ регламенттеледі, ал
ол өз кезегінде жеке басылымдарда көрсетілетін белгілі талаптарды – сандық
көрсеткіштерді: тығыздықты, сыну көрсеткішін, қышқылдық санын (2,5 астам емес),
сабындану санын, йодтық санын қамтиды.
Өрік майы-тері майының орнын толтырып, теріні сыртқы ортаның әсерінен
қорғайды.
Авакадо майы-ұсақ әжімдердің тартылуына ықпалын тигізіп, теріні ылғалдандырып,
қоректендіреді.
Базилик май- теріні тыныштандырып, бет пен мойын бұлшық еттерінің босаңсып
демалуына көмектеседі.
Грейпфрут майы-жасушалардың қалпына келуін қамтамасыз етеді. Теріні сергітіп,
майдың тым көп бөлінуімен күреседі, сол себепті оны майлы теріге қолдануға кеңес
береміз.
Жожоба майы-теріні жақсы ылғалдандырып, құрғағаннан сақтайды. Тым құрғап
кеткен, қабыршақтанған теріні емдей алады.
Какао майы-шаршаған кездері көмекке келе алады. Оның жұмсарту мен
тыныштандыру қасиеті құрғаған теріні ылғалдандырып, иісі бойыңызды сергітеді.
Қорытынды
Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп
ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін
ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған.
Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы
кәсіпкерге сай.Қолдан жасалған сабын:
• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған
сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі
ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы
өздігінен қызықты әрі ерекше.
• Сабынды қолдан жасау барысында өзіннің,достарының қалауы мен
қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайы
тапсырыс бойынша жасалына алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мұсабеков, С. М. Органикалық химия практикумы / С. М. Мұсабеков – Алматы:
Мектеп, 1981. – 250 б.
2. М. Қазбеков. Химия тұрмыста. Алматы, 1989ж.
3. М.Б.Усманова, К.Н.Сакарьянова . Химия Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына
арналған оқулық. 2009 Алматы: «Атамұра». 198-199 бет .
4. Н.Нұрахметов, Р.Жұмадилова, Ә.Темірболатова, С. Әлімжанов . Химия Жалпы білім
беретін мектептің жаратылыстану бағыты бойынша 11-сыныбына арналған оқулық..
Алматы: «Мектеп», 2011, 217-223 бет.
5. Н.Н. Нұрахметов, К.Б.Бекишев,Н.А.Заграничная . Химия Жалпы білім беретін
мектептің жаратылыстану бағыты бойынша 10-сыныбына арналған оқулық.. Алматы:
«Мектеп», 2010. 212 бет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz