Диен көмірсутектер (алкадиендер): құрылымы, алынуы, қасиеттері және полимерленуі


Slide 1

Диен көміртегі

Орындаған:Мекенова Жансая

Тексерген:Кауменова Назгүл

Тобы:ТПРП-109

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

1. 1. Диен көміртегі (Алкадиендер)

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Алкадиеннің құрылысы мен алынуы

2. 2. Алкадиеннің химиялық және физикалық қасиеттері

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Диен көміртегі (Алкадиендер) - құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкадиендер - қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі.

Алкадиендерді кысқартып диен көмірсутектері деп те атайды. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі пропадиен (аллен) СН2 = С = СН2. Диендерде қос байланыстардың өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін.

H2C = C = CH - CH2 - CH3

Slide 4

Лебедев Сергей Васильевич (1874-1934) - орыс химигі, академик. Негізгі ғылыми жұмыстары қанықпаған көмірсутектердің полимерлену, изомерлену, гидрогендену реакцияларын зерттеуге арналған. Мырыш-алюминий араласқан катализатор қатысында этил спиртін дегидрогендеп және дегидратациялап бутадиенді өнеркәсіпте алу жолын тапты. Металл натрий қатысында бутадиен-1, 3-ті полимерлеп, синтездік каучук (1928 жылы) алды. Каучуктан резеңке және резеңкеден жасалған бұйымдар алу әдісін ашты (1930 жылы) . Дүние жүзіндеалғаш рет бұрынғы КСРО-да 1932 жылы Лебедев тәсілі бойынша синтездік каучук өнеркәсіпте өндіріле бастады

Slide 5

Алкадиендердің құрылысы

Алкадиендердің құрылысын бутадиен-1, 3-тің мысалында қарастырайық. Зерттеулердің нәтижесінде, бутадиен-1, 3-тің молекуласындағы барлық атомдардың бір жазықтықта жататыны белгілі болды. С1 мен С2 және С3 пен С4 көміртектердің арасындағы қос байланыстар этиленнің қос байланысынан (0, 134 нм) гөрі ұзындау (0, 136 нм), ал ортадағы дара байланыстың ұзындығы алкандардың дара байланысынан (0, 154 нм) гөрі қысқалау (0, 146 нм) болатыны анықталды.

Slide 6

Алынуы

Диен көмірсутектерінің маңызды өкілдері бутадиен-1, 3-ті (дивинилді) және 2-метилбутадиен-1, 3-ті (изопренді) алудың негізгі жолдарына тоқталайық.

1. Өнеркәсіпте бутадиен-1, 3 пен 2-метилбутадиен-1, 3-ті Сr2O3 катализаторы қатысында 600 - 650°С температурада cәйкес алкандарды дегидрлеп алады:

H3C - CH2 - CH2 - CH3 → H2OCH - CH=CH2 + 2Н22. Алғаш рет С. В. Лебедевтің тәсілімен 1932 жылы бутадиен катализатор ретінде алюминий оксиді мен мырыш оксидтерінің қатысында этил спиртін дегидратациялап және дегидрогендеп алынды. Кейін бұл әдіс өнеркәсіпте қолданылды:

2С2Н5ОН → Н2С = СН - СН = СН2 + 2Н2О + Н2

Slide 7 Slide 8

Физикалық қасиеттері Дивинил ─ қалыпты жағдайда түссіз газ, балқу температурасы ─4, 5оС; изопрен ─ тез қайнайтын сұйықтық, tқайн═+34oC, суда ерімейді.

Slide 9

Химиялық қасиеттері 1. Қосылу реакциялары а) галогендеу

СН2═СН─СН═СН2 + Br2 →CH─CH═CH─CH2 + Br2 →

│ │

Br Br

1, 4 - дибромбутен - 2

→CH2─CH─CH─CH2

│ │ │ │

Br Br Br Br 1, 2, 3, 4 - тетрабромбутан

б) гидрлену:

СН2═СН─СН═СН2 + Н2 →СН3─СН═СН─СН3

Бутен - 2 Сутек атомдары мен галогендер шеткі көміртек атомдарына қосылады, ал бос валенттіліктер жаңа π-байланыс түзеді.

Қосылу нәтижесінде қос байланыстың жылжуы болады.

Slide 10

ІІ. Полимерлену реакциялары. Nan▪H2C═CH─CH═CH2 → n∙(─CH2─CH═CH═CH2─ )

бутадиен - 1, 3 полибутадиен n∙H2C═C─CH═CH2 →n∙(─CH2─C═CH─CH2─)

│ │

CH3 CH3изопрен

(2-метилбутадиен - 1, 3) полиизопрен Кейбір қосарланған (конъюгирленген) байланысты диен көмірсутектердің полимерлену өнімін каучуктар деп атайды.

Slide 11 Slide 12

Қорытынды

Қазіргі кезде химиялық өндірісте синтездік көксағыз түрлері көптеп шығарылады. Әсіресе қосарланған алкадиендерден алынған резеңкелер суыққа, май мен бензинге төзімділігімен, беріктігімен, созылғыштығымен, тотықтырғыштар мен ультракүлгін сөулелердің өсеріне түрақтылығымен сипатталады. Диен көмірсутектерінде екі қос байланыс болады, орналасу қарай үш түрге бөлінеді. Ең маңызды диен көмірсутек - молекуласында екі қос байланыс жай байланыс арқылы бөлінген қосарланган көмірсутектер. Бүл көмірсутектердің 1, 2- және 1, 4- орындарда қосылу реакциясы жүреді. Полимерленуге бейім келеді, көксағыз өндірісінде қолданылады

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Патсаев Ә. Қ., Шитыбаев С. А., Төребекова Г. А. «физикалық және каллоидтық химия» Шымкент 2010ж. 2. Жайлау С. Ж., Құлажанов Қ. С. «физикалық каллоидтық химия» Алматы, 1999ж. 3. Өтелбаев Б. Т. «химия» II том, Шымкент 2000ж. 4. www. google. kz


Ұқсас жұмыстар
Алкадиендер: құрылымы, изомерленуі, алынуы және химиялық қасиеттері
Алкадиендер: құрылымы, изомериясы, алынуы және химиялық қасиеттері
Қаныққан көмірсутектер (алкандар және циклоалкандар): алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Алкиндер: құрылымы, алынуы және химиялық қасиеттері
Альдегидтер мен олардың туындылары және көмірсутектер: құрылымы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Крахмалдың құрылымы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Бензол: құрылымы, физика-химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы және токсикологиясы
Аморфты материалдар: құрылымы, қасиеттері және алынуы
Ароматты көмірсутектер: бензол, арендер және олардың қасиеттері мен қолданылуы
Спирттер және фенолдар: құрылымы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz