Қазақстан мұнай-газды аумақтарының геотектоникалық құрылысы және жалпы сипаттамасы




Презентация қосу
Қазақстан мұнай-газды аумақтарының геотектоникалық
құрылысы және жалпы сипаттамасы

Тексерген:
Ермекбаева
Гульмира

Орындаған:
Аймишев
Алишер
Геотектоника

Геотектоника (гео... және tektonіkos —
құрылыс) — Жер қыртысының құрылысы,
ондағы деформациялар, жер қыртысының
кейпін өзгертетін қозғалыстар және осы
қозғалыстардың даму заңдылықтары, тұтас
алғанда, Жердің құрылымы мен дамуы
туралы ғылым, тектоника саласы.
Геотектониканың негізін 17 ғ-да Н. Стено, Р.
Декарт, Г.В. Лейбниц, кейіннен М.В.
Ломоносов, А.Г. Вернер, тағы басқалары
қалады. Жеке ғылым ретінде Дж. Геттон, Э.
Кант, А.П. Карпинский, А.Г. Вегенер, В.А.
Обручев, В.В. Белоусов, В.Е. Хайн, т.б.
еңбектерінің нәтижесінде қалыптасты.
Жарғыш (дизъюнктивных) қозғалысы – жер
қабаттарының және тау жыныстарының үзілістері
Геотектоника

Геотектониканың анализдік және синтездік
бағыттары бар. Аналитикалық геотектоника
Жер беті мен жеке бөліктерінің құрылысын
білу арқылы олардың түзілуі мен даму
механизмін анықтайды. Синтездік
Геотектоника жер қыртысы мен жердің
дамуы туралы ұғымдарды тұжырымдайды,
Жердің геол. теориясын жасайды.
Геотектоника геологияның басқа
салаларындағы зерттеулер үшін
құрылымдық негіз дайындап береді. Кен
байлықтарын іздеу, барлау, пайдалану үшін
және инж. геология саласындағы зерттеулер
үшін Геотектониканың маңызы зор.
Жер
қыртысы
Геотектониканың өзі бірнеше
түрлері болады:

- Морфологиялық геотектоника
- Аймақтық геотектоника
- Тарихи геотектоника
- Теориялық геотектоника
- Қолданбалы геотектоника және т.б.
Морфологиялық геотектоника

Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстар
туындатқан құрылымдық пішіндерін зерттей
отырып, сол пішіндердің жіктемелерін
жасақтайды. Қ.г.-ның жекелеген тарауы
ретінде тектонофизиканы, немесе
геомеханиканы атауға болады.
Геотектониканың соңғы онжылдықтарда
ғана дамып келе жатқан арнаулы тарауы
ретінде қаралатын бұл ғылыми пән
таужыныс қабаттары мен олардың бірегей
бірлестіктеріндегі тектоникалық бұзылыстар
(қатпарлар мен жыртылыс құрылымдары)
қалыптасуының физикалық жағдайларын
анықтаумен айналысады.
Аймақтық
геотектоника
Өз ауқымына әр түрлі тектоникалық
құрылымдар мен алуан түрлі шағын-шағын
құрылымдық пішіндерді кіріктіретін
жекелеген ірі-ірі өлкелердің (облыстардың)
геологиялық құрылыс ерекшеліктері мен
даму заңдылықтарын зерттейтін
геотектоника саласы. Өзіне жүктелген
міндеттерді шешу барысында нақтылы
тектоникалық зерттеулермен қатар
геофизикалық және геохимиялық
зерттеулер, сол сияқты геологиялық
карталау жұмыстары да кешенді түрде
жүргізіледі.
Тарихи геотектоника
Жер қыртысының тектоникалық құрылымдары (құрылымдық элементтері)
дамуының геологиялық тарихын сатылай отырып қадағалау шараларымен
айналысады. Бұл орайда, бір-біріне иерархиялық тұрғыдан бағынышты
тектоникалық құрылымдарды (құрылымдық элементтерді) зерттеу реттілігі
олардың ең кішісінен басталып, ірілеріне қарай ауыса береді десе де
болғандай. Мәселен, жекелеген құрылымдық-формациялық белдемдердің
(антиклинорийлер мен синклинорийлердің) даму тарихын сатылай отырып
қалпына келтіру осы белдемдерден тұратын құрылымдық өлкелердің
(облыстардың) даму тарихын саралауға мүмкіндік береді. Құрылымдық
өлкелердің (облыстардың) геологиялық даму тарихын анықтау бірнеше
өлкелерді біріктіретін құрылымдық белдеулердің уақыт пен кеңістіктегі даму
ерекшеліктерін сатылай отырып қадағалау мүмкіндін туғызса, осы
зерттеулердің нәтижелерін ой елегінен өткізу тұтас континенттік қыртыстың
қалыптасу, даму және тұрақтану заңдылықтары жайлы ой түюге жағдай
жасайды. Ал тұтас континенттік қыртыстың қалыптасу және тұрақтану
заңдылықтарын анықтау дегеніміз бүкіл Жер планетасының геологиялық
даму тарихы жайлы геология ғылымының өте маңызды теориялық мәселерін
шешуге апаратын бірден-бір жол болып табылады, себебі жер қыртысы, тіпті
литосфера деп аталатын планетаның сыртқы қатты қабаты (жер қыртысы
мен литосфералық мантияның қосындысы) сол жер қойнауларында етек
алған эндогендік процестер (тектоникалық, магмалық және метаморфтық
процестердің жиынтығы) нәтижесінде қалыптасып, планетамыздың бүкіл
геологиялық дамуы барысында (шамамен 3,7 млрд жыл) оның беткі бөлігінде
оқшауланып үлгерген өзіндік туындысы болып табылады.
Теориялық геотектоника

Геотектоника ғылымының жекелеген салалары мен
ғылыми пәндері тарапынан анықталған мәліметтерді
қорытындылай отырып, тектоникалық
қозғалыстардың уақыт пен кеңістікте көрініс беру
заңдылықтарын саралайды, тектоникалық
құрылымдар қалыптасуының тектоникалық режимін
(механизмін) және олардың бір-біріне ауысу (мәселен,
қозғалмалы белдеудің платформаға ауысу) уақыты
мен ерекшеліктерін нақтылайды, сөйтіп бүкіл жер
қыртысы мен жер литосферасы, тіпті тұтас Жер
планетасы қалыптасуының геологиялық эволюциясын
хаттайды. Геотектоника ғылымының бұл саласы
ауқымына Жердің жаралуы мен геологиялық
дамуының жалпылама заңдылықтарын түсіндіруге
тырысатын геотектоникалық жорамалдар
(гипотезалар) жасақтау шаралары да кіреді.
Қолданбалы
геотектоника
Геотектоника ғылымының өзге салаларының, әсіресе «жалпы
геотектониканың» ауқымында анықталған заңдылықтарды
минералдық шикізат шоғырлары мен жатындары орналасуының
өзіндік ерекшеліктерін анықтау мүддесіне пайдалану шараларымен
айналысады, сөйтіп әр түрлі пайдалы қазба кенорындарын болжау
және іздеу-барлау жұмыстарына нақтылы бағыт-бағдар сілтеу
міндетін қамтамасыз етеді. Түрлі-түрлі пайдалы қазба кенорындары
типтерінің жер қыртысында қалыптасу және шоғырлану
заңдылықтары да түрліше болып келетіндігі Қ.г.-ның да түрлі-түрлі
ғылыми пәндерге жіктелуіне себепші болған. Мәселен, Қ.г.
ауқымында «рудалы кенорындардың геотектоникасы», «мұнай-газ
кенорындарының геотектоникасы», «көмір кенорындарының
геотектоникасы», т.с.с. бірнеше ғылыми пәндерді даралауға
болады. Геотектоника арнаулы ғылым ретінде өзіндік зерттеу
әдістерімен сипатталады. Олардың кейбіреуі геотектониканың төл
әдістері ретінде қалыптасса, екіншілері кейбір жалпылама зерттеу
әдістерін геотектоникалық зерттеулерге қолдану тәжрибесі
нәтижесінде қалыптасқан. Сөз болып отырған геотектоникалық
зерттеу әдістерін жеке-жеке сипаттап өтелік.
Заголовок слайда
Геотектоникалық зерттеулердің келесі
сипатталатын екі әдісі қосалқы рөлдер
атқарады, олар «эксперименттік әдіс»
«тектонофизика», немесе «геомеханика»

Эксперименттік әдіс әр түрлі тектоникалық элементтердің жекелеген
бөлікшелерін кішірейтілген масштабта зертханаларда пішімдеу (моделдеу)
нәтижесінде кейбір тектоникалық тұжырымдар жасақтау шараларымен
айналысады. Жер қойнауының ғаламат температуралары мен қысымдары
жағдайында қалыптастын жер қыртысының құрылымдық элементтерін
зертханалық жағдайда айна-қатесіз пішімдеу (моделдеу), әрине, оңай емес.
Осылайша алынған пішімдердің (моделдердің) табиғи құрылымдарға
сәйкестік дәрежесі де күмән туғызады. Аталған сәйкестік дәрежесін тексеріп
көру де мүмкін емес десе де болғандай. Солай бола тұрса да, Э.ә. қазіргі
таңда біршама жақсы дамуда, ол «эксперименттік геотектоника» деген
атаумен геотектоника ғылымының арнаулы тарауы мәртебесін иеленіп
үлгерді.

Геомеханика әр түрлі пішіндегі қатпарлардың, жыртылыстардың,
жерсілкіністердің, т.с.с. тектоникалық құбылыстардың қалыптасу және
көрініс беру құпияларының физикалық жағдайларын зерттеу мәселесімен
айналысады. Қатты және тұтқыр денелердің физикасы саласындағы қол
жеткен табыстарға байланысты геотектоникалық зерттеулердің бұл әдісінің
болашағы біршама жемісті болуы әбден мүмкін.
Жетібай кен орны

Жетібай кен орны белгілі болғандай,
Оңтүстік-Маңғышлақ майысуының
шегінде тұр, оған тән ерекшелік,
оның көлденең құмды-ракушкалы
көтерілу аймақтары. Қараудандық
білек тәрізді тоқының және
Қараудандық аңғарының бірнеше
тереңдік изомертлік ойысымен
айырғандылық болып табылады.
Майысудың солтүстік бортында
оңтүстік шекараның Жетібай-
Өзендік-қақшабаттық тектоникалық
сатылары орналасқан, олар
шағылмалы горизонт бойынша
тіркелетін тереңдік айырмашылық
болып табылады. (Димаков А.И.,
Чвкабаев С.Б., 1967 ж.)
Жетібай кен орны
Жетібай кен орны

Солтүстігінде Жетібай-Өзендік тектоникалық
саты тереңдік сынулармен (шығыс жақ бөлігі
қазіргі уақытта әлі де болса айқындалмаған),
өзінің құрамына бір қатар ірі білік тәріздес
көтерілулермен майысулар кіретін
Маңғышлақтық дислокация аймағын Оңтүстік-
Маңғышлақ майысуын бөліп тұрады. Жетібай-
Өзендік тектоникалық сатысы едәуір айқын
болып табылады, онда Өзен, Қарамандыбас,
Жетібай, Теңге, Тасболат, Ақтас сияқты бір қатар
газ-мұнайлы кен орындары анықталған, олар
басқа да бір қатар құрылымдармен бірге үш
күмбез тәріздес орналасқан тік сызықтар түзеді,
оларға өз кезегінде ІІ кезекті құрылымдар
үйлескен.
Жетібай кен орны
І Өзендік-Өзен-Қарамандыбас, Асар-Қарамандыбай, Солтүстік
Жетібай құрылымдарымен бірге.
ІІ Жетібайлық-шығыс Жетібай, Ақтас, Оңтүстік-Асарлық
құрылымдармен бірге.
ІІІ Теңгелік-Теңге, Тасболат, Тарлы, Атанбай құрылымдармен бірге.
Осы аймақтардың геологиялық құрылыстардың жалпы ерекшелігі
Маңғышлақ дислокация аймағына қарай бағытта тектоникалық
сатыны бойлай сызықты шығыңқылық болып табылады. Жетібай
Өзендік тектоникалық сатының барлық айқындалған құрылымдары
антиклиналдық қатпарлары бар, өте тік, батыс шеті бір шама
жетілген және шығысында едәуір ауқымды ассиметриялық ақаулы
болып табылады. Сонымен қатар бөліктен нақты зерттеуден кейін
бірнеше өстер байқалды. Өзінің дамуында барлық құрылымдар
зерттелген болып табылады. Олардың құрылымдық қабаттарының
өте толық сәйкес келуі және морфологиялық лездік нақтылығы
тереңдігіне байланысты. Геологиялық құрылыс тән болып табылады.
Жетібай тектоникалық жағынан ірі жатық, субендікті бағытта
шығыңқы қатпарларды білдірді. Турон неоком табаны бойынша
құрылымдық карталарға талдау жасау көрсететіндей қатпарлардың
негізі пішіні және оның кеңістіктегі орны әртүрлі стратиграфиялық
горизонттар бойынша жақсы сәйкес келеді, бірақ-та онша үлкен
емес ауытқулар бар.
Жетібай кен орнының Тектоникалық сипаттамалары.
Кесте

Құрылымдық Қабатқа Қатпарлы Қатпарлардың өлшемі, Иілуді
бет жыныстардың қабаттард км соңғы
құлау ың нұсқлау,
Ұзын өс Қысқа өс
бұрышының амплитуда м
бойынша бойынша
орташа мәні, м сы

Туран 0 040*1010/0030 60 26 4,8 -270
Ауданы

Құмдық 20 *2030/10 115 25,3 4.1/0 -1275
аудан

Жамылу 2040*4010/1030 180 21,1 2,0/4,6 -2230
Жетібай кен орны

Кестеде көрсетілгендей тереңдеген сайын қатпарлардың
құлау бұрышы өседі, ал амплитуда кемиді. Туран табаны
бойынша оның сызықты өлшемдері мен құрылымының
жазық төбеге және едәуір жатық қанаттарға ие, төбенің
шығыс және батыс бөлікетерінде өстің әсерінен оны туран
табаны бойынша контурлайтын екі онша үлкен емес күмбез
тектес көтерілім байқалады. Оның иілуі 240 метрді, неоком
жату беті бойынша 1225 метрді құрайды. Олардың
арасындағы майысу амплитудасы үш және ондағанға
жетеді, және сәйкесінше батыс бөлігі -113, 3, 31, 27 ұңғылар
аумағындағы шығыс жақ бөлігінше салыстырғанда
желінген. Оңтүстік бағытта жыныстардың құлауы Оңтүстік
қанаттың батыс және шығыс бөліктерімен салыстырғанда
айқын бейнеленген. Жыныс жамылтқы бетінің құрлымдық
картасы бойынша шамамен бірдей, құрылымдық мұрындығы
байқалмайды, құрылымның пішіндері бірдей, батыс - қазір
шығыстағы төбе ауқымды кең. 92-ұңғы аумағында
амплитудасы 5-7 метр болатын майысу байқалады.
Өзен кен орны

Өзен кен орны ірі брахиантиклиналь қатпарына жатады,
оның өлшемдері 9х39 км. Қатпар пішіні симметриялы емес.
Оның күмбезі шығысқа ығысқан, соның нәтижесінде шығыс
периклиналь қатты созылған солтүстік-батыс периклиналге
қарағанда қысқа. Оңтүстік қанат шамалы тіктеу. Мұнда XІV
горизонттың жабыны бойынша құлау бұрышы 6-8°.
Қатпардың солтүстік бөлігі біршама жайпақтау. Солтүстік
қанаттың батыс жартысында ХІІ горизонттың жабыны
бойынша құлау бұрышы 1-3°. Құрылымның батыс бөлігінде
мұнай кеніштері бар күмбездер ерекшеленеді: Солтүстік-
батыс және Парсымұрын.
Өлшемдері үлкен емес Парсымұрын күмбезі Өзен
құрылымының оңтүстік қанатын күрделіндіреді. XVІІІ
горизонттың жабыны бойынша көтерілу амплитудасы 30
метрге жетеді, және соңғы 1300 м тұйық изогипс бойынша
құрылым өлшемдері 2,9х0,9 км. Солтүстік-батыс күмбез Өзен
құрылымының солтүстік қанатын күрделілендіреді. 1300 м
изогипс бойынша көтерілу өлшемдері 3,5х2 км, амплитудасы
32 м.
Өзен кен орны

Оңтүстік Маңғыстау сйыстары жүйесінің солтүстік қанатына
жататын Жетібай-Өзен тектоникалық баспалдағының
шектерінде қазіргі уақытта біршама құрылымдар
шоғырлары айқындалған, олармен мұнай және газ кен
орындары байланысты. Олардың қатарына Өзен, Жетібай,
Қарамандыбас, Теңге, Тасболат, Асар, Оңтүстік Жетібай,
Ақтас, Шығыс Жетібай кіреді.
Солтүстігінде Өзен құрылымы оңтүстік-шығыс антиклиналь
аймағымен шектеседі, олардың арасында жіңішке Қызылсай
ойысы жатыр, солтүстік қанатта жыныстардың құлау
бұрышы 3°. Жыныстардың құлау бұрышы 5-6°болатын
оңтүстік бөліктің қатпары да осындай жіңішке
ойыспен Теңге көтерілуінен бөлінеді. Ауданның батыс
бөлігінде Өзен қатпарының периклиналі үлкен емес белес
арқылы Қарамандыбас құрылымымен жалғасады. Ауданның
шығыс бөлігінде, Түнқарақшы ойпатының шығыс шегінде
Өзен көтерілуі күрт төмендейді.
Өзен кен орны
Өзен кен орны

Қатпар периклиналі де симметриялы емес. Солтүстік-батыс
периклиналдің оңтүстік бөлігінен басқа жағы төмендеген,
өте жайпақ, қатты созылған. Өзен қатпарының
периклиналдық аяқталуы мұнда ХІІІ горизонт жабынында
1700 м изогипспен ерекшеленеді. Келесі изогипстер Өзен
және Қарамандыбас қатпарларын N58 скважина ауданында
кішкене ойпат арқылы тұтас көтерілімгебіріктіріледі. Шығыс
периклиналь ендік бағытта созылған. Мұнда ХІІІ
горизонттың жабыны бойынша құлау бұрышы 3-4°.

Құрылым өсінің ундуляциясы назар аударады, оның
нәтижесінде негізінен құрылымның ұзын өсіне тураланған
күмбез тәріздес көтерілулер қатары белгіленеді. Өзен
көтерілуінің орталық бөлігіне Қумұрын күмбезі кірігеді, онда
да мұнай кеніштері бар. XІVгоризонт жабыны бойынша
күмбез өлшемдері 10.8х4.5 км, амплитудасы 105 м.
Оңтүстік Торғай ойпаты:
Арысқұм, Майбұлақ, Құмкөл кен орындары

Оңтүстік Торғай ойпаты туран плитасының солтүстік щығысында
орналасқан. Ойпат бар полеогеннің табан бойындағы кешенінің
шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, Ұлытау
антиклиналының арасына тіркелген және оның Оңтүстік жалғасы
шығыста, төменде Сырдария қосылған. Оңтүстік шығыс қыратымен
қамтылған, ал солтүстігінде қостанай седловинасымен қамтылған.
Өз ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді.

Арысқұм, Майбұлақ седловинасына бөліктенген антиклиналды
құрылымы Арысқұм иілімінің шегіне орналасқан. Бұндағы бор
полеоген кешенінің қалыңдығы 1500-1700 метрге жетеді. Бұндағы
триас-юра шөгіндісі өздігінен құрылымдық қабат құрап, ерекше
маңызды болып, ең үлкен қалыңдықтың тартылуы және толық
стратиграфиялық диапазоны жіңішке сызықтың грабень синклиналы
гетерогенді негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм
иілімінің шегінде субмеридиональды грабень синклинал бағытында
тартылған анықталды, бұрғылау жұмыстары нәтижесінде және
оларды бөліп тұратын, тектоникалық бұзылулар нәтижесінде
фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік-батыс болып және
солтүстік шығыс-шығысында созылып жоғалады.
Оңтүстік Торғай ойпаты:
Арысқұм, Майбұлақ, Құмкөл кен орындары
• Фундаменттің бұзылуы нәтижесі бір қатар горсты және грабеньге бөлінеді.
Шығыс бөлігінің құрылымында горсты ойпаты айырықша бөлініп, оның көлемі
2,5-3,5 километр және ұзындығы 24 километр болғанда амплитудасы 320 метрге
дейін барады. Фундаменттің бет жағының жатқан тереңдігі 1200-1620 метр
құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді, оның бірі Құмкөл
горизонтының жоғарғы юра ойпат ернегінің құрылуына шағылады, екіншісі
құмтас шөгіндісі ернегінің ойпатын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І
өнімді горизонтының ернегіне байланысты, осы индексте горизонтының
шағылысуы бар. Екінші беткі жағына ІV шағылысу горизонтына байланысты
келесі ретпен өнімді ІV горизонтының жамылғысына дәл келеді. Құмкөл ІV
шағылысу горизонт жамылғысы бойынша, өзін брахиантиклинал қыртысы
бойынша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойында 1150 метр құрайды, ең
үлкен амплитуда кезінде 160 метр.

• Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1030' құрайды, шығысында 2030' қыртыс
тектоникалық (F1, F2, F3) бұзылуларымен қиындатылған. Көпке созылған
F2амплитудасының кілт түсуі шығыстан 80-100 метр құрап қыртысты қамтиды.

• Солтүстік жағында бұл бұзылып F3 бұзылысымен түйістіріліп әрі қарай
сөнеді.Оңтүстік батыс бөлігі құрылымдағы 12, 17, 19 ұңғымаларының аудан
аймақтарындағы ұңғымалардан өзгешілігі орта юра шөгінділерінің жоқтығы
және жоғарғы юра жыныстарымен фундамент жабылған. Уақытша
қиындатылған өңделіп жасалған қимасында ортаңғы юра шөгінді қалыңдығы
фундамент бетіне көтерілу кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебіне
анық көрінеді. Бұны ұңғыма қимасындағы корреляция куәландырады.
Аудандығы ұңғымаларды аз ғана изометриялық 1х1,5 километр амплитудасы 25
метр өлшемі болып тұр. Батыстан, шығыс жағынан тектоникалық
бұзылыстармен шектеледі. Орта юраның шөгіндісі алаңының шегіне қарап 0-ден
Оңтүстік Торғай ойпаты:
Арысқұм, Майбұлақ, Құмкөл кен орындары

Құмкөл свитасының қалыңдығы алаң бойынша
тербелісі 55-75 метр шамасында, ал учаскесінде
фундаментті көтеріңкі ойпан учаскесінде 34-48 метрге
азаяды.

Құмкөл өзін сызықтық ассиметриялық антиклинал
қыртыста көрсетіп, Оңтүстікке қарай ығысқан. Опан
өлшемі 17х4 километр құрайды, 57 метр амплитуда
кезінде тұйықталған изогипс бойында 1000 метр.
Жоспардағы тәжірибе дәл келетіндей шығыс
құрылымы қанаты флексурамен қиындатылып,
F1тектоникалық бұзылуы Юра шөгіндісін кеседі.
Әртүрлі ойпан беттеріндегі жоспар бойынша
орындарына қоссақ, Арысқұм горизонтының ені
азаяды да, оның конфигурациясы өзгереді және
орталық шығыс Ю-І горизонт ойпан бөлігіне қарай
ығысқан.
Заголовок слайда

Описание
Жаңажол кен орны
Тектоникалық жағынан Жаңажол кен орны Каспий маңы ойпатының
оңтүстігінде орналасқан. Яғни, олар алды геосинклинальды аймағынан
Ащысай және солтүстік көпекті сызықтарынан көрінеді.
Геологиялық дамуының бір сипаттық қасиетті ауданның интенсивті түсуі
және қалың шөгінділердің қабатшаларда 7 шақырымнан 10 шақырымға
дейінгі аралықтарында болуына байланысты. Бұл қабаттың негізгі бөлігін
кунгур ярусының галогенді табан шөгінділері және кембрий іргетасына
дейінгі жыныстардың жоғарғы бетінде жатқан тұз асты жиынтығынан
құрайды.
Аталмыш моноклинал көлеміне екі жақтан алынған тізбек қатарлары
бөлінген. Соңғысы төменгі горизонттарда мықты байқалып, соған сәйкес
ойпаттың ортаңғы бөлігіне қарай қалыңдай бастайды.
Шығыстан батысқа қарай Жаңажол, Кенкияқ, Қожасай, Шұбарыш
қатарларының жүйесі бөлінеді және олардың көлеміне 3 немесе 3,5
шақырымдық тереңдіктерде (П ) тұз асты горизонтының қисығы түзілген.
Жаңажол қатарының бір ерекшелігі қуатты карбонат массивтерінің дамуы
болып табылады. Олар үлкен брохиантиклинал тәріздес дөңбектерден
құралған.
Сейсмикалық мәліметтерден бұрғылау жұмыстарының нәтижелерімен
салыстырғанда әр түрлі локалды дөңестерінің морфологиясындағы
өлшемдері, шөгінділердің тереңдік қатынастарында әр түрлі өзгешеліктер
байқалады.
Құрылым картасында жоғарғы карбон шөгінділерінің табаны бойынша екі
локалды дөңес анық көрсетіліп, 50-і ұңғы ауданына 2,5 шақырымдық изогипс
енгізуімізбен контурланған.
Жабық изогипс бойынша дөңес өлшімі 935 шақырым құрап, онша үлкен емес
седловина арқылы оңтүстік локалды дөңесімен қосылады, яғни 19-ы ұңғы
ауданына 2,55 шақырымдық изогипспен контурленген.
Жаңажол кен орны
Құрылым картасында жоғарғы желелі қиманың қисығы бойынша
гжелдік ярусының сульфатты карбонатты қабатының карбонат үсті
қалыңдықта терригенді қабатпен ауысуы жылдам тығыз шекараны
реттейді.
Жаңажол дөңестері ұзындық ось бойынша 28 шақырым болып,
қабаттың карбонатты массивінің ішінде субмеридианды құрылымдар
құрайтын брахиантиклиналды қырлардан тұрады.
Ол екі локалды дөңестен тұрады. 50-і ұңғы ауданына солтүстік
локалды дөңесі 2,3 шақырымдық изогипспен контурленген. 25
шақырымдық тұйық изогипс бойынша дөңестің ауданы 10,535
шақырым болады. Оңтүстік көтерілімнің дөңесі 50 метр төменде
жатыр және 2,3 шақырымдық изогипспен 19-ы ұңғы аймағында
контурланған. 2,3 шақырымдық изогипсті көтерілімнің өлшемдері
9,534 шақырым болады.
1982-1985 жылдар аралығындағы ауданды барлау ұңғыларымен
бұрғылаған кезде төменгі карбонатты қабаттыңғ қимасында
тектоникалық бұзулардың бар екені анықталды, олардың ішінде
созылғаны 100-150 метрлік ығысу амплитудасы еді. Сол
бұзылулардың болғанына байланысты барлық құрылым 3 блокқа
бөлінді: І (оңтүстік бөлігі); ІІ (61-і ұңғы аймағы); ІІІ (солтүстік бөлігі).
Флюидтердің қорлары негізінен І және ІІ блоктарда шоғырланған.
Жаңажол кен орны
Заголовок слайда

Описание
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Мұнай туралы
Биологиялық мониторинг
Мұнай - газ кендері
Мұнай
Қазақстан Республикасының мұнай кешені
Газды дайындау қондырғысы
Қазақстан Республикасының мұнай кешені жайлы
Газ өнеркәсібі жайлы
Мұнай және газ өнкәсібі
Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
Пәндер