Газ тарату жүйелерінің техника- экономикалық көрсеткіштері
Презентация қосу
Газ тарату жүйелерінің техника-
экономикалық көрсеткіштері
Орындаған: Жолшибек Жадыра
Тексерген: Ахметжанова К.М
Газ тарату жүйелері мен газ қоймаларының негізгі
мәліметтері.
Қалалар мен елді мекендерді газбен қамтамасыз
ету жүйелері – газбен қамтамасыз ету көздерінен, газ
бөлу желісінен, ішкі қондырғылардан тұрады.
Газ көздері дегеніміз – магистралды газ құбыр
өткізгіштері және оның желілері, жер асты газ сақтау
станциясы, сұйытылған газ сақтау станциясынан
тұрады.
Газ бөлу желісі дегеніміз – қаланың немесе елді
мекеннің өндірістік нысандары ішінде газды таратуға
және тасымалдауға арналған газ құбыр өткізгіштері.
Газдарды таратушы жүйе - газды оның
тұтынушыларына тікелей тасымалдау мен беруге арналған,
өзара ұйымдық және экономикалық байланысқан объектілерден
тұратын мүліктік өндірістік кешен;
Газдарды таратушы желі - елді мекендердің (қалалық,
ауылдық және басқа да), кент аралықты қоса алғанда сыртқы
газқұбырларынан, газдарды таратушы станцияның (бұдан әрі-
ГТС) ажыратқыш шығару құрылғысынан немесе газдың басқа
көзінен газды тұтыну объектінің енгізуші газқұбырына дейінгіні
құрайтын газдарды тарату жүйесінің технологиялық кешені.
Газдарды тарату желісіне газқұбырларындағы құрылыстар,
электрохимиялық қорғаныш құралдары, газды реттейтін орындар
(бұдан әрі-ГРО), шкафты реттейтін орындар (бұдан әрі-ШРО),
газдарды таратудың технологиялық үдерісін (бұдан әрі-ГТ ТҮ)
басқарудың автоматтандырылған басқару жүйесі кіреді.
Сыртқы газ құбыры-ғимараттан тыс жерде ендіретін
газқұбырының алдындағы ажыратушы құрылғыға немесе
ғимаратқа жер астынан кіргізген кезде құтыға дейін төселген
жер асты, жер үсті немесе жерден биік жерден газқұбыры
орнатылған.
Бақыланатын орындарды таңдау қауіпсіздік техника
талаптарына сәйкес және газбен жаблдықтау жүйесінің дамыу
келешегіне сәйкес жүзеге асырылады, осы ретте ТҮАБЖ ГҮС
немесе ГҮС-тің шығысындағы газ құбырларының нүктелерін,
жоғары және орташа қысымды желілерін жабдықтайтын барлық
ГҮП, тұйыққа тірелген төмен қысымды желілерді жабдықтайтын
ГҮП, төмен қысымды ГҮП қамтуы тиіс, оларды таңдау газбен
жабдықтау және 1000м3/сағ жоғары газ шығынына ие
энергетикалық және коммуналды-тұрмыстық кәсіпорындардың
ГҮП сұлбасының ерекшеліктеріне, газбен жабдықтаудың
ерекше режімдеріне немесе резервтік отын шаруашылығына
байланысты жасалады.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
жүйесі – газбен жабдықтау жүйелерінде
ақаулардың алдын алу үшін қажетті өзара
байланысты құралдардың, материалдардың,
құжаттамалар мен орындаушылардың жиынтығы;
Газ тарату жүйесінің және газ тұтынудың
объектілерін пайдалану кезінде бұйымдардың
(техникалық құрылғылардың) жұмысқа қабілеттілігін
қолдау жөніндегі операциялар кешені немесе
операция;
Тұрғын үйлердің комуналдық және өндірістің
кәсіп орынның ішкі газ құрылғылары үй ішілік және
өндірістік газ құбыр өткізгіштіктерінен сонымен
қатар газды жағуға арналған қондырғылармен
құрылғылардан тұрады.
Қазіргі кездегі газбен қамтамасыз етудің газ бөлу
жүйесі
Ол күрделі жинақ ғимараттарынан тұрады. Оларға
төмендегідей элементтер жатады:
1. Төменгі, орташа және жоғарғы қысымдағы газ желісі
2. Газ бөлі станциясы
3. Газ реттегіш пункт
4. Газ реттегіш қондырғы
Газ құбыры өткізілімінің газбен қамтамасыз ету жүйесі келесі
топқа бөлінеді:
5. Тасмалданатын газдын түрі бойынша: табиғи газ, мұнайға
ілеспе газ, сұйықтатылған көмірсутекті газ, жасанды газ.
6. Газ қысымы бойынша:
• Төменгі
• Орташа
• Жоғары
3. Қалалар мен елді мекендердің жобалау жүйесінің
орналасуы бойынша:
• Ішкі
• Сыртқы
4. Газ құбыр орнату принціпі бойынша:
• Сақиналық
• Түптік
• Аралас
5. Газ құбыр өткізгіштері материалы бойынша:
• Металды
• Металды емес
Сыртқы газ құбырөткізгіші дегеніміз – ғимараттың
ғимарат құрылымының сыртынан, ғимараттың ішінде
орналасқан газ пайдалану құрылысына дейінгі газ құбыр
өткізгіші.
Газ тарату жүйесі және газды пайдаланушылар
Әр түрлі қысымдағы газ құбырөткізгіштер арасындағы
байланыс газ бөлу станциясы газ реттеу пунктері арқылы
жүргізіледі. Қысымға байланысты газ құбыр өткізгішінің
топтасуы қазіргі кездегі қалалық газбен қамтамасыз ету
жүйесінің құрылымы арқылы ерекше көрінеді.
Жоғары деңгей құрамына: жоғарғы қысымдағы газ құбыр
өткізгіштері кіреді. Олар қалалық газ желісінің бас өзегін
құрайды. Жоғарғы қысымдағы газ құбыр өткізгішінің желісі
резервте болуы керек. Жоғарғы қысымдағы желі қысым
реттегіш арқылы басқа бөлшектермен гидравликалық түрде
байлансады. Реттегіштен кейін қысымның жоғарлауы
болдырмайтын сақтандырғыш құрылғымен жабдықталады.
Ірі елді мекендердің газ құбыр өткізгіштерінің пунктін 3-ке
бөледі:
1. Бөлу – газды өндіру тұтынушыларға, коммуналдық
кәсіпорындарға және тұрғын үй аудандарына бөлуге,
беруге болады.
2. Абоненттік таралу, газды бөлу желісінен бөлек
пайдаланушыларға беру.
3. Үй ішілі газ құбыр өткізгіштері
Газ – газ бөлу станциясы арқылы орташа және жоғарғы
қысымды газ беру желісі арқылы ірі пайдаланушыларға
және газ реттегіш пунктерге беріледі. Сол жерден қалалық
бөлу желісіне қосылады. Ірі қалалар үшін 3 сатылы газбен
қамтамасыз ету желісі ұсынылады.
Газ құбыр өткізгіштерінің ірі және орташа қалалар үшін
газ желісін сақиналы етіп жобалау қажет. Ал шағын қалалар
мен ауылдар үшін жоғарғы және төменгі сатылы қысымда
болса, түптік етіп жабуға болады.
Газ бөлу жүйесінің ірі қалаларды газбен қамтамасыз ету
жүйесінің принципиалды сұлбасы немесе үлгісі.
Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің
қауіпсіздігі жөніндегі талаптар
1. Осы Талаптарда отын ретінде пайдаланылатын артық
қысымы 1,2 МПа (12 кгс/ шаршы см.) аспайтын сұйытылған
табиғи газбен және артық қысымы 1,6 МПа (16 кгс/ шаршы м.)
артық сұйытылған мұнай газымен (бұдан әрі – СМГ) жабдықтау
жүйелерін жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын
талаптар белгіленеді.
2. Талаптар мыналарға:
1) қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің
(кентаралық елді мекендерді қоса алғанда), өнеркәсіптік, ауыл
шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың газ
құбырларына (бұдан әрі кәсіпорын – газ жабдықтау жүйелері
объектілерінің иелері болып табылатын заңды және жеке
тұлғалар);
2) газ реттейтін пункттерге (бұдан әрі – ГРП) және газ
реттейтін қондырғыларға (бұдан әрі – ГРҚ);
3) газ толтыру станцияларына (бұдан әрі – ГТС),
газ толтыру пункттеріне (бұдан әрі – ГТП), аралық
баллондар қоймаларына (бұдан әрі – АБҚ),
шкафты газ реттеу пунктіне (бұдан әрі – ШРП),
стационарлық автомобильді газ құю
станцияларына (бұдан әрі – АГҚС), сұйытылған
газдардың резервуарлық, топтық және жеке
баллон қондырғыларына;
4) газбен жабдықтау кәсіпорындарына
(ұйымдарына) – тауарлық немесе сұйытылған
мұнай газын бөлшек саудада өткізуді, сондай-ақ
газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануды жүзеге
асыратын газ тарату не газ желісі ұйымдарына;
5) барлық мақсаттардағы ғимараттардың ішкі
газ құбырлары мен газ жабдығына қолданылады.
Газ тарату станцияларына:
• Тораптар: станциясын ауыстырып қосу туралы
газды тасымалдау торабы гидра түзілуді
болдырмай торабы, газды жылыту торабы, газ
шығынын комерциялық өлшеу торабы,
одаризациялау торабы, автономды энергия көзі
торабы.
• Жүйелер: автоматтау және бақылау жүйесі,
термомеханика және байланыс жүйесі,
электрмен жарықтандыру жүйесі, найзағайдан
қорғау жүйесі, электрохимиялық қорғау жүйесі,
жылыту және желдету жүйесі.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz