Мемлекеттің анықтамасы, белгілері және басқару түрлері


Slide 1

Мемлекет

Slide 2

Анықтама

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты

Slide 3

Мемлекет ұғымы бірнеше мағынада қолданылады.

Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай.

Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес

Slide 4

Мемлекеттің белгілері :

1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т. с. с. пайда болды. 2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т. б. құралдар қажет болады. 3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол - ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. 4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. 5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады. 6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды

Slide 5

Мемлекеттің басқару түрі

Монархия

Республикалық

Slide 6

Монархия

Мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады.

Slide 7

Республикалық

Мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.

Slide 8

Мемлекеттік құрылым нысандары - бірнеше түрге жіктеледі:

• Мемлекеттік басқару нысандары;

• Мемлекеттік құрылыс нысандары;

• Саяси режимдер.

Slide 9

Мемлекеттік басқару нысандары

Жоғары мемлекеттік билікті ұйымдастыруды, оның құрылымын, құқықтық мәртебесін, және жоғары органдардың қызметінің ретін білдіретін ұғым. Мемлекеттік басқару нысандарын жіктеудің бастауларын антикалық қоғамдық - саяси ойшылдардың еңбектерінен кездестіреміз.

Slide 10

Мемлекеттік құрылыс нысандары

Мемлекеттің өз құрамындағы бөліністерді басқаруды ұйымдастыруын, орталықтың жергілікті басқару органдармен қарым-қатынасын реттейді. Қоғамның дамуы барысында оның үш түрі қалыптасқан: Унитарлық, федеративтік және конфедеративтік.

Slide 11

Саяси режим

Мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы.

Саяси режимдер түрлі тарихи жағдайларға байланысты мынандай типтерге жіктеледі:

• Демократиялық саяси режим;

• Тоталитарлық саяси режим;

• Авторитарлық саяси режим.

Slide 12

Назар аударғандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің анықтамасы, қызметі, даму сатылары және басқару құрылымы
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері, басқару формалары және Қазақстанның демократиялық негіздері
Мемлекеттің басқару нысаны: құрылымы, түрлері және саяси режимдері
Мемлекеттің пайда болуы теориялары, белгілері, түрлері және функциялары
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны: ұғымы, белгілері және тарихи түрлері
Мемлекеттің пайда болуы, негізгі белгілері, қызметтері және түрлері: Қазақстан мысалы
Мемлекеттің мәні, белгілері, құрылымы және функциялары
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің белгілері мен институттары
Мемлекеттің функциялары мен оның рулық құрылымнан ажыратылатын белгілері
Құқықтық мемлекеттің теориясы, қалыптасуы және негізгі белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz