ЖЕР СІЛКІНІСІ ТУРАЛЫ




Презентация қосу
ЖЕР СІЛКІНІСІ
• Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз
зілзала араб.:‫زلزااال‬, ағылш. earthquake) — жер асты
дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының
тербелуі.
• Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның
туындауына және дамуына байланысты
құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
• Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен
жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі.
• Пайда болу тегіне қарай былай бөлінеді:
• Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
• Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының
шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан
және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
• Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа
келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның
қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну
— Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым
қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік
жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді
тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
• Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады.
Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып
отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды
афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды.
Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж.
Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген.
• Жер сілкінісінің тақы бір зардабы цунамиға алып келуі.
Мысалға алатын болсақ 2011 жылдың 11 наурызда
Жапонияда 2 толқын тіркелген. Біріншісі 8,8 балл,
екіншісі 7,1 балл. Жер сілкінісі барлыұ Тынық мұхиты
бойынша цунамидың пайда болуына себепші болды.

Ұқсас жұмыстар
Жер сілкінісі
Апаттың салдары
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Тұрғындарды қорғау
Цунами толқынының пайда болуы
Жанартаудың күлі
Сабақты қорыту. Сабақтың тақырыбы
КҮШТІ ЖЕР СІЛКІНІСІ САЛДАРЫНАН
Жер сілкінісі, өрт және су тасқыны кезінде не істеу керек?
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жайлы
КҮШТІ ЖЕР СІЛКІНІСІ САЛДАРЫНАН ИНЖИНЕРЛІК
Пәндер