Жел энергетикасы: Қазақстандағы әлеует пен әлемдік тәжірибе


Slide 1

Жел энергиясы

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Жел энергетикасы

Жел қондырғысы

Жел энергетикасы Қазақстанда

Жел энергетикасы әлемде

Қызықты деректер

Slide 3

Жел энергиясы

Жел энергетикасы - жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы.

Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда.

Slide 4

Жел энергиясы

Артықшылығы:

Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;

Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;

Ластаушы қалдықтар жоқ;

Табиғи ресурстар үнемделеді;

Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;

Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;

Табиғаттың оттек қорын сақтайды;

Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.

Кемшілігі:

Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;

Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;

Ластаушы қалдықтар жоқ;

Табиғи ресурстар үнемделеді;

Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;

Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;

Табиғаттың оттек қорын сақтайды;

Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Жел энергетикасы Қазақстанда

Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде - бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.

Қазақстанда өте қолайлы жел дәліздері бар: жел бір бағытта соғатын аймақтар (Ерейментау, Жүзімдік) және қарама-қарсы бағыттарда алмасып отыратын аймақтар (Жоңғар қақпасы, Шелек, Қордай) .

Slide 8

Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы «жер полюсі» деп аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш - Алакөл ойпатын Қытай Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Желдің жалпы қуаты 5000МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, әсіресе, коршаған ортан ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Slide 9 Slide 10

Жел энергетикасы әлемде

2015 жылдың басындағы деректер бойынша барлық жел генераторларының қуаты - 369 Гигаватт.

2010 жылы әлемнің барлық жел генераторларымен өндірілген электр энергиясының мөлшері - 430Терраватт-сағат (Жер шары өндірген элтектр қуатының 2, 5%-ы) .

Кей елдер же энергетикасын ерекше белсенділікпен дамытуда, атап айтақанда Дания жел генераторларының көмегімен барлық электр қуатының 40%-ын өндіреді; Португалия - 23%; Испания - 16%; Ирландия - 14%; Германия - 8%. Ал Қазақстан - 0, 5%.

Slide 11 Slide 12

Қызықты деректер

Алғашқы жел фермасы 1980 жылы АҚШтың солтүстік - шығысындағы Нью-Гемпшир қаласында пайда болды.

Ең ірі электр станциясы АҚШтың Техас штатындағы Роско қаласында орналасқан. Жел паркінің қуаты - 781 МВт.

Ең ірі жел генераторы 2002 жылы Германияда жасалынған. Оның қуаты 4, 5МВт. Үш қалақты. Әр қалақтың ұзындығы 52 м, ені 6 м, салмағы 20т.

Эйфель мұнарасына реконструкция жасау жоспарына сәйкес онда екі жел турбинасы орнатылды.

Slide 13

Францияның инженерлер тобы Wind Tree атты ағаш түріндегі жел генераторын жасап шығарды. Құрылғының жапырақ түріндегі пластиналары желдің бағытына қарай орнын ауыстырып тұрады.

Ресейдің жел энергетикасы бір жылда өндіретін жел көлемін қытайлық жел агрегаттары екі сағатта өндіріп шығарады.

Google 2020 жылы ұшатын электр станцияларын шығармақ. Мұндай станцияның басты айырмашылығы ол әдеттегі жел станциялары секілді желді қажет етпейді.

Slide 14 Slide 15

Қорытынды

Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергиясы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет.


Ұқсас жұмыстар
Жел энергетикасы: теориясы, технологиялары және Қазақстандағы даму перспективалары
Жел энергетикасы: теориялық негіздері, тиімділік факторлары және Қазақстандағы даму
Жел энергетикасы: принциптері, қондырғылары және экологиялық аспектілері
Жасыл экономика және тұрақты даму: Қазақстандағы бағыттар мен әлемдік тәжірибе
Дәстүрлі емес қайта өңделетін энергия көздері: жел, күн, биоотын, жылу және су энергетикасы
Қазақстандағы экотуризмді дамыту: экономикалық әлеует, инфрақұрылым және инвестициялық талаптар
Агрохимияның тарихы және теориялық негіздері: әлемдік тәжірибе мен Қазақстандағы қалыптасуы
Күн энергетикасы: әдістері, күн батареялары және Қазақстандағы даму мәселелері
Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалар: әлемдік тәжірибе мен стратегиялық мақсаттар (Қазақстан-2030 және Қазақстан-2050)
Қазақстандағы жылу энергетикасы: орталықтандырылған жүйелер, жылуфикация және жаңартылатын энергия көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz