Аглопоритті гравий өндіру технологиясы




Презентация қосу
Аглопоритті гравий өндіру
технологиясы
Орындаған: Мәделі Жаннұр
Тобы:ПСМ-41
Қабылдаған: Захарова А.Т.
Аглопорит – жасанды кеуекті бетон толтырғышы.
Агломераттау торында сазды жыныстарды немесе
көмірді байыту және жағу кезінде шыққан
қалдықтарды (бос жыныстар, шлак, күл) термиялық
әдіспен өңдеп, алынған түйіршіктерді майдалау
(фракциялау) жолымен дайындалады. Аглопорит
жеңіл құйматас, аглопоритті бетон дайындауға және
жылу сақтайтын төсем ретінде қолдыналады.
Жасанды кеуекті толтырғыштар
өндірісінде қолданылатын шикізаттың
барлық түрлерін үш топқа бөлеміз:
1. Құрғақ, тығыз және дәнді шикізаттар
(отын қождары, сазды жыныстар)
жатады;
2. Борпылдақ таужыныстылар, шахталы
сазды жыныстар, саздар, сары
топырақты саздар.
3. Құрғақ шаң тәріздес материалдар
(ЖылуЭнергетикаОрталығы күл)
Бастапқы шикізаттың құрамына байланысты
түрлі маркадағы аглопоритті алуға болады. Ісінуі
жоғары саздар аглопорит өндірісіне жарамсыз
болып табылады, өйткені олар ісінген кезде,
дәнаралық қуыстарға ауаның өтуі тоқтайды,
осының салдарынан жану процессі баяулайды,
нәтижесінде жану процессі тоқтайды.
Жасанды кеуекті толтырғыштар өндірісінде
термиялық өңдеудің негізгі үш әдісі
қолданылады:
- айналмалы пештерде күйдіру;
- қайнау қабаты бар пештерде күйдіру;
- агломерациялық қондырғыларда күйдіру.
Өндіру технологиясы
Материалды агломерациялық қондырғыда
күйдіруге жіберер алдында, қалдықтарды
1-суретте көрсетілген шарлы диірменде
майдалап, одан шихта дайындалып
алынады. Дайындалған шихта тарекалы
грануляторда ірілендіріледі.
Лабороториялық тарелкалы
гранулятордың диаметрі 1,2м; еңкіштік
бұрышы 50°, айналу жылдамдығы 10
айн/мин шамасында болады.
Шарлы диірмен
Тарелкалы гранулятор
Шихтаны 5-20 мм-ге дейін ірілендіру былай
жүргізіледі. Дайындалған шихтаны
ылғалдап алған соң, ол гранулятор
тарелкасына салынады да, компрессордағы
сығылған ауаның көмегімен форсунка
арқылы су бүркіледі. Гранулятор
тарелкасының айналуы арқасында шихта
еңкіш тарелканың жоғары шеніне дейін
көтеріледі де, қырғышқа соқтығысып төмен
домалауы арқылы, олар бір-біріне жабысып
іріленеді. Домалау барысында іріленген
түйіршіктер шар формасына айналады.
Түйіршіктерді үлкейтілген
агломерациялық қондырғыда күйдіру
арқылы лабороториялық
эксперименттер нәтижесінде талдау
жүргізілдеді. Агломерация үрдісі
кезінде вакуум мөлшерінU тәрізді
шыны бағанада анықталады.
Агломерациялық қондырғы цилиндріне
дайындалған түйіршіктерді биіктігі 15
мм болғанша салып, цилиндр
толтырылады.
Түйіршіктердің агломерациялық
цилиндрде күйдіру
Агломерациялық пеште күйдірілген
аглопорит
Түйіршіктердің беткі қабаты жандырғыш
агрегаттың көмегімен жандырылады.
Жұмыс барысында түйіршіктердің беткі
жағын жандыру температурасын және
жандыру уақытының шамасын, вакуум-
камерадағы вакуум шамасын және түзілген
газдардың температурасы белгіленеді.
Агломерациялық күйдіру уақыты
түйіршіктердің беткі қабатын жандыру
мезетінен бастап, түзіліп жатқан газдардың
ең жоғарғы температурасынан төмендеу
уақыты болып саналады.
Ерекше қасиеттері
Аглопоритте басқа да кеуекті толтырғыштар
сияқты, алголопорит қиыршық тасының
немесе құмының фракциясының өлшемдері
кішірейсе, оның үймелі тығыздығы артады.
Бұл келесімен түсіндіріледі: аглопорит
кеуектерінің өлшемі әртүрлі болады, 3 мм
немесе одан көп. Майдалау кезінде ең бірінші
үлкен кеуектері бұзылады, сондықтан
фракция неғұрлым майда болса, түйіршік
кеуектілігі кем, ал тығыздығы мен беріктігі
жоғары болады.

Ұқсас жұмыстар
Пемзаны алу технологиясы
Бетон толтырғыштары
Жаңа байланыстырушы заттардың түрі. СНГ мен Қазақстанда әктас, гипс, цемент, шыны, керемика өндірісі. Заманауи құрылыс саласындағы Қазақстан зауыттарының орны мен ролі. Коагулянт өндірісінің материалды ағынын есептеу
Кулинарлық соустар рецептурасы
Қуаңшылық жағдайда алма көшеттерін тиімді өндіру технологиясы
Сүт өндіру технологиясы
Тағам өнеркәсібіндегі биотехнология
Сүттің түзілуі және сүт алу технологиясы
БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚҰНАРЛЫҒЫН АРТТЫРУ
ЛИМОН ҚЫШҚЫЛЫН АЛУДЫҢ ТЕРЕҢДІК
Пәндер