Көміртек пен басқа тұрақты қоспалардың болаттар қасиеттеріне тигізетін әсері




Презентация қосу
Көміртек пен басқа тұрақты
қоспалардың болаттар
қасиеттеріне тигізетін әсері

Орындаған : Мәделі Ж.Ы.
Қабылдаған: Иманғалиев А.С.
Болат – темірдің көміртек 2% дейін
және басқа элементермен қорытпасы.
Болат – өндіру технологиясы байланысты, қорытпа
құрамында көміртектен басқа марганец, кремний,
күкірт, фосфор т.б. Қосалқы элементтер болады.
Мұндай болатты көміртекті болаты д.а. Болат
сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром,
никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец,
кремний т.б. Элементтер қосылады. Мұндай қорытпа
легирленген болат деп аталады.
Болат – қара металлургия өндірісінің негізі – машина
жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын
негізгі материал.
Болаттар құрамындағы көміртегі бойынша:
Төмен көміртекті 0,25%-ға дейін;
Орта көміртекті 0,25-0,6%,
Жоғары көміртекті 0,6% асатын болып бөлінеді.
Пайдалану саласына қарай, болатты
басты – басты төрт топқа бөлуге болады:

Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде
құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері
мен вагон, кеме жасауда қолданылады.
Машина жасау болатынан негізінен әр түрлі машина
бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен
химиялық – термиялық өңдеумен өтеді.
Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп
аспаптарын жасауға пайдаланылады.
Айрықша – физикалық қасиеттері бар болат көюінесе
электр техникасы, химия, әскери техникаларын
жасауда пайдаланылады.
Болаттар:элементтері, классификациялары,
маркалары, түрлері
Болатқа белгілі бір қасиет беру үшін
қосынды деп аталатын элементтерді арнайы
қосу арқылы алынатын болатты қосындылы
деп атайды. Көміртегі – болаттың құрылымы
мен қасиетін анықтайтын негізгі элементтің
бірі. Кремний мен марганец пайдалы
элементтер қатарыфна жатады, олардың
мөлшері көміртекті болаттардағыдан асқанда
қосынды элементболып есептеледі.
Көміртекті болаттар қорыту технологиясына
байланысты қайнау және тыныш қорыту болаттары
болып екіге бөлінеді. Қайнау, тыныш қорыту
болаттарының тұрақты қоспалары кремний,
марганец, күкірт, фосфор, оттегі элементтері болып
табылады.
Түріне қарай болаттың құрамынды қоспа
элементтер мынадай мөлшерде кездеседі: кремний
0,16-0,5%, фосфор 0,05%, күкірт 0,05%, оттегі
0,05%. Сутегі мен азот процестің мыңнан бір
бөлігіндей мөлшерде кездесетіндіктен, олардың
мөлшері ерекше жағдайларда ғана көрсетіледі.
Егер тұрақты қоспа элементтердің мөлшері
болаттың құрамында әдеттегіден жоғары мөлшерде
кездессе, онда оларды легірлеуші элементтер
немесе легірлеуші құраушылар деп атайды.
Қоспа элементтер болаттың
қасиетіне түрліше әсер етеді.
Көміртегі – болаттың физика – химиялық қасиеттеріне әсерін
тигізетін элемент. Болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері
артқан сайын болаттың қаттылығы, беріктігі артып, пластикалық
қасиеттері нашарлай түседі.Көміртегі мөлшері 1-1,2%-тен
артқанда, болаттың морттық қасиеті артып, оңай сынатын болады.
Кремний болаттың құрамынды ферритпен ерітінді немесе металл
емес қоспа түрінде кездеседі. Феррите еріген кремний болатты
нығайтып, оның серпімділік қасиетін арттырады.
Марганец, кремний элементі сияқты, болаттың
құрамындаферрите еріген немесе марганец карбиді түрінде
кездеседі. Марганец элементінің мөлшері мол болған сайын
болаттың үйкеліске беріктігі артады.
Күкірт болаттың ұүрамына руда, шойын, металл
сынықтары, пеш газымен бірге еніп, оның жоғары
температурада сынғыштық қасиетін арттырады және
темірмен әрекеттесіп, балқу температурасы төмен,
металл түйіршіктерінің шекарасы бойымен
орналасатын эвтевтика түзеді.
Фосфор, күкірт сияқты, болатқа руда, шойын, металл
сынықтарымен бірге еніп, қалыпты температурада
оның сынғыштық қасиетін арттырады.
Оттегі жоғары температурада болаттың сынғыштық
қасиетін арттырады және ол темірмен өте қатты
қосылыс түзетіндіктен, болатты жону арқылы өңдеуді
қиындатады. Көміртекті болаттар мынадай түрлерге
бөлінеді: жалпы мұқтаждық, сапалы, жоғары сапалы,
арнаулы болаттар.
Қоспалаушы элементердің
ықпалы:
Никель болаттың коррозияға төзімділігін, жоғары беріктік пен
иілгіштігін арттырады,т қыздырушылығын күшейтеді, соққыға
қарсы кедергісін көтереді.
Вольфрам болат құрамында өте қатты қосылыс – карбид түзеді,
беріктік пен нығыздық қасиетін арттырады. Вольфрам қыздыру
кезіндегі түйіршіктердің көбеюіне кедергі жасап, морт
сынғыштықтан қорғайды.
Ванадий қаттылығы мен беріктігі жоғарылайды, түйіршігін
ұсақтатады. Болаттың тығыздығын арттырады.
Кремний құрамы 1% артық болған жағдайда болаттың
қасиеттеріне ерекше әсер береді: 1-1,5%. Кремний жабысқақтығын
сақтай отырып,беріктікті арттырады.
Марганец құрамы 1% жоғары болғанда болаттың
қаттылығы, тозуға төтеп беруі күшейеді, тозуға төтеп беруі
күшейеді, соққыға төзу ауыртпалығы иілгіштігіне әсер
етпей артады.
Кобальт қызуға төзімдігі мен магниттік қасиеттерің
арттырады, соққыға қарсы кедергіні үлкейтеді.
Молибден беріктігін, серпімділігін, созылу беріктігінің
шегін арттырады, коррозияға қарсылық және жоғары
температурада қышқылдануға қарсылық күшейеді.
Титан болаттың беріктігі мен тығыздығын арттырады,
түйіршіктендіреді, өңделу тиімділігі және коррозияға
қарсылығы күшейеді.Ниобий дәнекерленген
конструкциялардың қышқылдану мен коррозиялануға
қарсылық мүмкіндіктерін арттырады.
Алюминий қызуға төзімділік пен калийленуді
жоғарылатады.
Мыс коррозияға қарсылық қасиетін артырады.
Церий беріктік пен иілгіштік қасиеттерін арттырады.
Цирконий қажетті мөлшердегі түйіршікті болат алуға
жағдай жасайды.
Лантан, церий, неодим көпіршіктену мен болат
құрамындағы күкірттің көлемін азайтады, жазық бетінің
сапасын жақсартады, түйіршіктерді ұасқтайды.
Болаттың құрылыста
қолданылуы
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Төмен қосындылы құрылыс болаттары. Арматуралық болаттар
Құрылыс болаттар
Болат
Болаттың тотығу дәрежесі
Қоспалардың жіктелуі
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
Суық деформациялау штамптарына арналған болаттар. Ыстық деформациялау штамптарына арналған болаттар. Қатты қорытпа
Топырақтың жылулық қасиеттері мен құбылымдары
МЕТАЛЛ МАТЕРИАЛДАР
Тітіркендіргіш - өкпе немесе демалу жолдарының сілемейлі қабықшасының тітіркенуі
Пәндер