Құрылыс керамикасын өндіруге арналған саздық шикізат: химиялық, минералогиялық және түйіршіктік құрамы мен иілгіштігі


Slide 1

Құрылыс керамикасын өндіруге арналған шикізат

Орындаған: ПСМ-31 топ студенті Галиева А.

Тексерген: а. о. Жарылгапов С. М.

Slide 2

Мазмұны:

1. Саздық шикізаттарды топтастыру

2. Саздың химиялық, түйіршіктік және минералдық құрамы

3. Олардың негізгі саздарға бөлінуі

4. Саздың иілгіштігі

5. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Керамикалық бұйымдарды өндіру үшін шикізат ретінде каолиндер, саз қоспалары қолданылады. Каолиндер және саз балшықтар деп әртүрлі қоспалармен араласқан, табиғатта тараған сулы алюмосиликаттарды айтады. Олар су қосып илегенде пластикалық қамырға, ал күйдіргеннен кейін тасқа ұқсас күйге айналады.

Slide 4

Сазды шикізаттарды топтастыру

Керамикалық бұйымдар жасайтын шикізат массасы әдетте пластикалық (саз, каолин) және пластикалы емес материалдардан (азайып немесе күйіп кететін үстемелер, балқитындар) құрайды. Саздар мен каолиндерді сазды материалдар деген бір атпен біріктіреді. Бір қатар қолтума күйдірме материалдарды өндіруге диатомиттерді, трепелдерді, сондай-ақ таза немесе саз қосылған сланцыларды, енін өзгертуші және т. б. үстемелерді пайдаланады.

Slide 5

Саздың минерологиялық құрамы

Сазды құрайтын минералдарды, өзіне тән қасиеттері бойынша келесі топтарға бөледі:

Slide 6 Slide 7

Каолинит - кең тараған сазды минерал, құрамы бойынша сулы алюмосиликат (моноклинді), құрылысы қабатты, табиғатта гексагональды немесе өлшемі 1мк жуық дұрыс емес пішіндегі қабыршақ түрінде кездеседі. Қабыршақ пен пластинкалардың жалтырақтығы перламутр, сипап қарағанда майлы, орташа тығыздығы 1, 8-2, 2 г/см3, жұғу жылуы 1-2 ккал/г, гидрофильді қасиетке ие, сумен аараласқанда иілімді қамыр түзеді, бірақ ісінуі әлсіз, су мен онда еритін заттарды аз сорып жұтады; қышқыл ортада тұрақты; әр түрлі саздың құрамына кіреді.

Slide 8

Монотермит - қәзіргі кезде жеке сазды минерал болып бөлінбейді. Ю. А. Русько және В. П. Ананьевтің пайымдауынша ол гидрослюда мен каолиниттің жұқа механикалық араласы. Каолинитке қарағанда монотермиттің ісінуі мен жұту сыйымдылығы күштірек болып келеді.

Монотермит иілімді отқа төзімді саздың құрам бөлігі болып табылады. (Часов-Яр, Украина, Бускуль, Уралда және т. б. ) ;

Гидрослюда - сазда көбірек тараған гидрослюдалардың бір түрі. Әр түрлі қалыңдықтағы изометриялық слюдаға ұқсас қабыршақ немесе пластинка пішіндегі, кейде жарықшақтану және уатылу іздері болуымен сипатталады; гидрофильді қасиетке ие.

Slide 9

Саздың химиялық құрамы

Саздың химиялық құрамы пайыздық мөлшердегі тотықтар құрамымен сипатталады. Түрлі саздың құрайтыны болып ең негізгі және міндетті тотық кремнезем SiO2 (40-70% аралықта өзгереді) және глинозем Al2O3 ( 15-35% дейін) . Саздың тұрақты компоненті болып К2О және Na2O (қоса есептегенде 1 . . . 5), химиялық байланысқан Н2О (5. . 15% шамасында) . Fe2O3 (0. . 7%) жиі кездеседі. Сазда басқа қосылыстар, мысалы Ті2О, MqO, Са және Mq карбонаттары, органикалық қоспалар кездеседі.

Каолинит минералы 39, 5% Al2O3(глинозем), 46, 5% SiO2 - (кремнезем) және 14, 0% Н2О (химиялық байланыстағы су) тұрады. Бірақ, құрамында айтарлықтай әр түрлі аралас қоспалардың болуынан, табиғатта кең тараған саз көптеген химиялық қосылыстардан тұрады. Химиялық саралаудың нәтижесі бойынша саздың көп қасиеттері туралы айтуға болады. Құрамындағы глиноземның болуына байланысты сазды отқатөзімділігі бойынша әр түрлі класқа, Al2O3 + Ті2О қосынды құрамы бойынша күйдіру кезіндегі бұйымның деформацияланатын температурасы жайлы, Fe2O3+ FeO қосындысы және К2О - b Na2O сілтілері бойынша - саздың жеңілбалқығыштығы мен ісінуге қабілеттілігі жайлы айтуға болады. Мұнымен қоса, сілтілердің едәуір құрамы, әсіресе К2О, саздың құрамында слюда мен гидрослюданың көп екенін білдіреді.

Slide 10

Саздың химиялық құрамы

Сазды шикізаттың реті

SiO2

Al2O3

Fe2O3

ТiO2

CaO

MqO

K2O

Na2O

SO3

қ. к. ш

1.

65, 3-69, 6

22, 18-24, 14

0, 22-0, 44

0, 22-1, 1

0, 32-0, 43

іздер

0, 13-0, 15

0, 08-0, 01

Іздер 0, 12

7, 88-8, 85

2.

52, 34

31, 05

1, 81

1, 57

0, 49

0, 24

0, 311

0, 17

0, 42

12, 36

3.

54, 6

15, 29

6, 3

-

5, 37

3, 14

5, 9

5, 9

-

9, 4

Slide 11

Саздың түйіршіктік құрамы

Slide 12

Саздың түйіршіктік құрамы

Slide 13

Саздардың түйіршіктік құрамдарын Рутковскийдың тәсілімен шамалап анықтайды. Осы тәсіл бойынша саздар түйіршіктерінің ірілігіне байланысты үш түрге бөлінеді:

Slide 14

Саздың иілгіштігі

Саздың иілгіштігі деп саз қамырының сыртқы механикалық күштерінің әсерінен тұтастығын бұзбай (үзілмей және жарықшақсыз) деформациялануға және бұл күштердің әсері тоқтаған соң, түскен қалпын сақтауға қабілеттілігін айтады. Саз бұйымдарын қалыптау мүмкіндігі міне осы қасиетіне негізделген.


Ұқсас жұмыстар
Құрылыс керамикасын өндіруге арналған шикізат және саз түрлері
Батыс Қазақстан Құрылыс Материалдарының Корпорациясы АҚ жағдайында силикатты материалдарды өндіруге арналған шикізат даярлау технологиясы
Шыны өндірісінде бейорганикалық полимерлерді қолдану және клинкердің берілген минералогиялық құрамы бойынша шикізат қоспасын есептеу
Қазақстандағы химия өнеркәсібінің салалық құрылымы мен химиялық шикізат өндірісі
Керамикалық материалдар мен бұйымдарды жіктеу және дайындауға арналған шикізат
Биотехнологиялық өндіріс үшін қоректік ортаның құрамы және шикізат көздері
Төмен қоспалы құрылыс болаттары мен арматуралық болаттардың құрамы, қасиеттері және жіктелуі
Балмұздақтың құрамы, шикізат сапасы және өндірістік технологиясы
Газ тәріздес отындардың химиялық құрамы, физика-химиялық қасиеттері және моторлық қолданылуы
Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісі: құрамы, түрлері және шикізат көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz