Пемзаны алу технологиясы және кеуекті толтырғыштар


Slide 1

Пемзаны алу технологиясы

Орындаған:Исказиева А. К

Тексерген:а. о Досов Қ. Ж

Slide 2

Мазмұны:

Кіріспе

Кеуекті толтырғыштар

Табиғи кеуекті толтырғыштар

Жасанды кеуекті толтырғыштар

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кеуекті толтырғыштар

Табиғи

Жасанды

Slide 4

Табиғи кеуекті толтырғыштар

жанартаулық

шөгінділік

Жанартаулыққа пемзадан алынған шағал тас және құм, жанартаулық шлак, туф және туфтық құйылма жатады.

Шөгінділік толтырғыштарға кеуекті әктасы және әктік туф, опока, трепель, диотомиттер жатады.

Slide 5

Жасанды кеуекті толтырғыштар

Жасанды кеуекті толтырғыштарға - өнеркәсіптік түрлі қалдықтар: отындық және металлургиялық шлактар, күл, күл шлактық араластар және т. б. ; арнаулы жасалынатын толтырғыштар керамзит және оның түр-турлері ( шунгезит, күлдік гравий, саздық күлден алынатын керамзит ) , аглопорит, шлактық пемза, гранулданған шлак, күптірілген перлит және вермукулит жатады.

Slide 6

Пемза

Пемза жанартаулық жынысқа жатады . Жанар таулық жыныстар деп - қысымдылықпен бөлшектенген қалпында аспанға атылған жанартау лавасын - бос массаны айтады. Түйіршіктерінің ірілігіне байланысты оларды ж. таулық күлдер (түйіршік диаметрі 1 мм дейін ) , құмдар ( т. Диам - 5мм дейін) және пемзалар деп атайды.

Slide 7

Пемза - өте жеңіл кеуекті жыныс. Табиғатта пемза ірілігі 5 - 30 мм кеуекті түйіршіктерінен тұратын материал қалпында жатады. Кеуектерінің ірі және жабық болатындығынан пемза, әдетте суды онша сіңірмейді, сондықтан, аязға төзімді. Пемзаның кеуектілігіне ( 80 дейін ) сай оның жылу өткізгіштік коэффициенті - 0, 14 - 0, 23 Вт (м* К) , орташа тығыздығы - 500-600 кг/ м3, қысқандағы мықтылық шегі - 2- 4 МПа.

Құрылыста пемзаны жылытосқауылдағыш ( жылу қоршаушы) материал ретінде, жеңіл бетондар үшін толтырушылар алуға, құрылыс әгіне және цементке минералдық активті қоспа ретінде пайдаланады.

Slide 8

Пемза - саңылаулы шыны, вулкан атқыланғанда шығарылған магманың көпіріп қатаю нәтижесінде пайда болады. Ең ipi пемзаның пайдалы казбалар көздepi Арменияда орналаскан. Пемза Солтүстік Кавказ және Камчаткада бар. Талшықты және саңылаулы кұрылымды, түci ақ-сұрдан коңыр түске дейін.

Пемза көбіне құм, қиыршықтас және ipілеy сынықтары қабаты түрінде кездеседі. Пемзалық толтырғыштың өндipici карьерде өндіру, ұсақтау және материалдарды сорттаудан тұрады.

Көп жағдайда пемза химиялық құрамы бойынша қышқыл жыныстарға жатады және негізінен шыныдан тұрады (кристалды минералдардың құрамы әдетте 1 % темен) .

Slide 9

Пемзадағы саңылау өлшемдері миллиметр үлесінен 3 мм дейін, формасы дөңес немесе созылымды. Түйіршік саңылаулығы 85 % жетеді. Пемзалы құмның төгілмелі тығыздығы әртүрлі жерлерде 600-1100 кг/м3, қиыршықтастың 400-900 кг/м3, түйіршік тығыздығы - 0, 5-1, 9 г/см3.

Сығылу кезіндегі пемзаның беріктік шeгi 2, 5-40 МПа. Пемза ұялы құрылымға ие.

Саңылаулығы төмен, ауыр және берігірек пемзаларды (оларды литоидты, яғни тас сияқты) жеңіл конструктивті бетон алу үшін қолданады. Кавказда мұндай жоғары тиімділікті бетондардан әртүрлі конструкциялар, соның ішінде жабынаралық, көпір, гидротехникалық құрылыстар соғылады. Пемзаның жеңілірек түрлерін толтырғыш ретінде жылуоқшаулағыш және конструктивті-жылуоқшаулауғыш жеңіл бетондарда пайдаланылады.

Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер:

Үдербаев С. Н «Құрылыс материалдары мен бұйымдары»

Сатеков Б. С «Табиғи және жасанды құрылыс материалдары»

Садуақасов М, Батырбаев Ғ «Құрылыс материалдары»


Ұқсас жұмыстар
Полимолекулалық адсорбция: Полян және BET теориялары, капиллярлы конденсация мен кеуекті адсорбенттер
Сүттің түзілуі және өндірістік сүт алу технологиясы
Тірі вакциналарды алу технологиясы және өндірістік процестері
Сұйық өсімдік майларының түрлері және алу технологиясы
Аглопоритті гравий өндіру технологиясы: шикізат, грануляция және агломерациялық күйдіру
Өсімдік және жануар тектес дәрілік шикізаттан дәрілік препараттарды алу технологиясы
Жай ұн алу технологиясы және техникалық талаптары
Картоп крахмалының алу технологиясы, сапа көрсеткіштері және нарық сұранысы
Вакцина және иммунобиологиялық препараттарды алу технологиясы: COVID-19 вакциналарының ерекшеліктері
Моноклоналды антиденелер: қасиеттері, гибридома әдісімен алу технологиясы және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz