Полимерлі материалдар мен бұйымдар. Акустикалық материалдар




Презентация қосу
Полимерлі материалдар мен бұйымдар.
Акустикалық материалдар.

Орындаған: Мәделі Ж.Ы.
Группа: ПСМ-21
Қабылдаған: Маликова С.М.
.
Полимерлер – қарапайым кәдімгі
молекулалы (молекуладан тұратын
атомдары аз) органикалық
заттардың, яғни мономерлердің өзара
әрекеттесіп, байланысуынан түзілетін
үлкен молекулалы қосылыстар.
Құрылыста жасанды жолмен
алынатын синтетикалық органикалық
қосылыстар пайдаланылады. Мұндай
полимерлер ограникалық
байланыстырғыш заттар тобына
жатады.
Полимерлер – үлкен
молекулалы заттар.
Олардың молекуласы көп
қайталанылатын, қарапайым
құрылымы бірдей буындардан
(звенолардан) тұрады.
Молекуладағы бұл қарапайым
буындар тізбек құрады. Тізбектер
негізгі, тармақты және кеңістікті
болып бөлінеді.
Үлкен молекулалы қосылыстардың,
яғни полимерлердің молекулалық
массасы 5000 жоғары, ал кіші
молекулалы заттардың, яғни
мономердің молекулалық массасы –
500 ден төмен. Молекулалық
массасы ауырлаған сайын,
полимердің балқу температурасы,
иілгіштігі мен беріктігі өседі де,
ерігіштігі төмендейді.
Полимеризация әдісі арқылы
алынатын полимерлердің түрлері

Полиэтилен. Бұұл полимерді этилен деп
аталатын түссіз, әлсіз эфир иісі бар, жарық
жалын шығарып жанатын газды 0,25-300 МПа
қысымдап, ұнтақ не түйір ретінде өндіреді.
Ол қышқылдар мен сілтілердің әсеріне
төзімді газ, ауа, су өткізбейді.
Полиэтиленнен жасалған бұйымдардың
құрылыста көп қолданылатын түрлері – су
және құбырлары, газ түтіктері, су мен бу
өткізбейтін жұқа материалдар. Ол металл
бұйымдарды тотығудан қорғау үшін
жабындық ретінде көп пайдаланылады.
Полистирол – бензол этиленнің
полимерленуі нәтижесінде алынады.
Полистирол шыны тәрізді мөлдір,
қатты зат, күн сәулесінің 90%-ін
өткізеді. Көбінесе жылу және дыбыс
өткізбейтін көбікті пластикалар
өндіруде қолданылады. Оның негізгі
кемшілігі – морттылғы.
Полистиролды соққыға берік болу
үшін стиролды каучук қосып
полимерлейді.
Поликонденсация әдісімен алынатын
маңызды полимерлер
(пластмассалар)
Фенопластар – фенол мен
формальдегидтердің әрекеттесуі немесе
полвиовденсация реакциясының
нәтижесінде түзілген полимер негізінде
алынатын пластмасса. Бұл полимер
қабатталған пластиктер (қабатталған
қағаз, текстолит), желімдеп
ұштастырылған ағаш конструкциялар
мен минералды мақта негізінде істелетін
бұйымдар жасауға қолданылады.
Пластмассалар – негізгі
синтетикалық полимерден тұратын,
белгілі бір температурада
пластикалық күйге және қысыммен
керекті пішінге айналатын жасанды
материал. Олардың кейбір
қасиеттерін жақсарту үшін
органикалық (мысалы, қағаз, мақта,
ағаш) не органикалық емес, яғни
минералдық ( мысалы, газ, саз т.б.)
немесе оларды кеуектендіретін
( мысалы, газ, көбік) заттармен
толтырылады.
Еденге төселінетін
полимерлі материалдар
Линолеумдер өткен ғасырдың
аяғында рулонды материал түрінде
табиғи өсімдік майлары негізінде
өндіріле бастады. Линолеумдер
негізсіз немесе мата, киіз, т.б.
Негізді болып өндіріледі. Ең көп
тараған түрлері – бір немесе көп
қабатты негізсіз линолеумдер.
Еденге төсеу үшін осы көрсетілген
линолеум түрлерінен басқа да
рулонды түрлері – глифталды,
ворсалин, ворсонит, тақтайша
түрлері жоғарыда аталған
полимерлер негізінде және
кумаронды болып өндіріледі.
Мастикалық еден

Еден құрау үшін рулонды және
тақтайша материалдармен қатар,
мастикалық материалдар да
қолданылады. Мастикалық едендер
жасау үшін термопластикалық
полимерлермен қатар,
термореактивтік полимерлер де
қолданылуы мүмкін.
Акустикалық
материалдар
Шу – денсаулыққа зиян, ол нормадан
жоғары болса, адамның психикасын
нашарлатып, өндіріс өнімін
төмендетеді. Децибел шегі
өндірістік ғимаратта – 80-85,
әкімшілік ғимараттарда – 37 -71
ауруханаларда – 13 – 51, тұрғын
үйлерде – 40 – 60 дб болу қажет.
Тұрғын үйлер мен ғимараттар,
шудың қайдан пайда болғанына
байланысты қорғалады. Егер шу
музыка аспаптары, теледидар, т.б
жабдықтар жұмысынан ауада
таралған дыбыс толқындарынан
пайда болса, оны – ауалық шу дейді.
Үйдің, басқа да ғимарат
конструкцясын ұрғанда, мебельді
жылжытқанда, жабдық құрал
дірілінен пайда болатын шуды – ұру
шуы дейді.
Ауаның шуға қарсы, шағылған дыбыс
толқындарының энергиясын азайту үшін,
яғни үй ішіндегі шуды төмендету үшін
дыбыс жұтқыш мтареиал қолданылады.
Дыбыс жұтқыш материалдардың тиімділігі –
олардың дыбыс жұтқыш коэффициенті
арқылы анықталады.
Дыбыс жұтқыш материалдар ретінде –
бейорганикалық және органикалық талшық
құрылымды минерал мақталы және ағаш
талшықты плиталар маттар, рулондар,
акустикалық фибролит, тесіктелінген
асбестцемент тақталар мен кеуекті
толтырғыштары бар құрылыс ерітінділері
қолданылады.
Дыбыс өткізбейтін материалдарға –
едендердің жұмсақ төсемдері,
мысалы линолеум жатады.
Дыбыс өткізбейтін төсеулік
материалдардың тиімділігі –
олардың динамикалық серпіиділік
модулімен сипатталады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Сыртқы пішініне қарай жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар
Қазіргі құрылыста полимерлі материалдарды пайдалану. Полимерлерді бағалау және санитариялық эпидемиологиялық бақылау
Дәрілік полимерлер
ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Заманауи орауыштар мен қаптамалар туралы ақпарат
Жапсырылатын материалдар
Акустикалық (дыбыс жұтқыш жəне дыбыс өткізбейтін) материалдар
Термореактивті пластмассалар
Полимербетондардың түрлері мен жіктелуі
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
Пәндер