Материалдық – техникалық ресурстар, құрылыс жүйесіндегі логистика




Презентация қосу
Материалдық – техникалық
ресурстар, құрылыс жүйесіндегі
логистика
Топ: ПСМ-31
Орындаған: Мәделі Ж.Ы.
Қабылдаған: о. Мұхамбетжанов З.Е.
Кіріспе

Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар
кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі
үшін негіз болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда Қазақстанның
артықшылығы көп. Онда тек ішкі қажеттіліктермен қоса, әр түрлі
елдерге экспорттауға жетерлік шикізат және отын-энергетикалық
ресурстардың ауқымды бөлігі бар. КСРО құлағаннан кейін бұрынғы
одақтас республикалар тәуелсіз мемлекеттерге айналды, олардың
көпшілігі үшін отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету
үлкен мәселе тудырады. Бұл мәселе, әсіресе, Украина, Белорусия,
Армения, Грузия елдері үшін өзекті болып отыр. Мысалы, Украинаға
ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 40 млн тонна мұнай қажет
болса, бұл ел оның тек 5 млн ғана өндіреді. Сондай-ақ Украина газ,
ағашпен жақсы қамтамасыз етілмеген. Белорусияның да отын-
энергетикалық ресурстары жеткіліксіз, сондықтан ол Ресейден 15 млн
тоннаға дейін мұнай және үлкен көлемде газды экспорттаувға мәжбүр.
• Қазақстанның отын-энергетикалық кешені өте күшті.
Қазақстанда отын-энергетикалық ресурстарды өндіру
және өңдеу, оларды қолдануға ыңғайлы етіп
тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін мүмкіншілігі
мол кәсіпорындар, құралдар мен құрылғылар бар.

• Өндірістік шикізатты екі ішкі топқа бөлуге болады:

• — минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан
алынған шикізаттар;

• — жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын
шикізаттар мен материалдар.
Өнеркәсіпте өндірілген өнім мен шикізаттың сапасы
өндірістің экономикасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Олар төменде көрсетілгендей сараланады:
– өндіріс үдерісінде атқаратын рөлі бойынша: негізгі,
көмекші, қосымша;
– экономикалық нышаны бойынша: еңбек заты, дайын өнім;
– алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл шаруашылықтық;
– шыққан тегі бойынша : мал, өсімдік, кен қазбасы;
– өндіріс уақыты бойынша: маусымдық, маусымдық емес;
– өңдеу әдісі бойынша: алғашқы және қайталама
(қалдықтар, көмекші өнімдер).
Минералды және ауыл шаруашылық ресурстардың
сандық және территориялық шектеулілігіне
байланысты шикізат базасын кеңейту қажеттілігі
жасанды және синтетикалық материалдар өндірісін
құруды және интенсивті дамытуды талап етті. Осыған
байланысты кейбіреуінің қасиеті табиғи түрде жоқ,
жаңа материалдар алуға мүмкіндік туды. Олардың
ішінде неғұрлым құндылары – шағын салмағы, жылу
ұстағыштығы, жылуға төзімділігі,
қарапайымдылығы,т.б. Сонымен қатар жасанды және
синтетикалық материалдарды алуға бірдей қасиеттегі
натуралды материалдарға қарағанда аз шығын
шығады.
• Қазақстанда түсті, асыл және сирек кездесетін металдардың үлкен көлемін күрделі
және қоры аз рудалардан, руда үйінділерінен. Металлургиялық шлактар мен қайта
өңдеу қалдықтарынан алу жөніндегі ғылыми-инновациялық әзірлемелерді түсті
металлургия кәсіпорындарында енгізудің ғылыми әлеуеті мен тәжірибесі зор.
Металлургиялық қалдықтар мен руда үйінділерін ұқсату жөніндегі жаңа
технологияларды енгізу орта мерзімді болашақта қосылған құны жоғары өнімді алуда
мүмкіндік береді.

• Қазақстанға ірі инвестицияның ағылуы түсті металлургия, химия және жиһаз
өнеркәсібінің өнімдеріне және т.б. сұраныс тудырады. Осының бәрін мұнай-газды және
металдарды өңдеуді ұлғайту есебінен Қазақстанда шығаруға болады әрі болашақта бұл
өнім әлемдік нарықта өз орынын табады.

• Қазақстан әлемдегі ірі астық өндірушілердің бірі болып табылады. Астық өңдеу
үдерісін тереңдету көп салалы ҚҚТ-ны құрудың негізгі базасы болуы мүмкін. Осындай
тізбекті дамытудың бағыттары астық өңдеудің технологиялық үдерісін кеңейтуден де,
жемшөп өндіру, мал шаруашылығы, ет пен сүт өнімін шығаруды дамытудан да көрінеді.
Осы тізбекке сондай-ақ элеватор, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық
тыңайтқыштарды шығару жөніндегі зауыттар да, табиғи тағам бояғыштарды,
фармацевтік бұйымдарды, биотехнологиялар мен т.б. шығару жөніндегі кәсіпорындар
да кіреді.
Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету
құрылымы
• Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы деп өңдеу
саласындағы өнеркәсіптің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін өңдеу және
ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін кәсіпорындарының жиынтығын
айтамыз.

• Шикізат аймағының көлемі және құрамы өндіруші кәсіпорынның қуатына,
шикізаттың түріне, оның тасымалдау мүмкіндігіне, шаруашылықтың
мамандығына, шығаратын өніміне және т.б. факторларға байланысты.

• Шикізат аймағының көрсеткіші көбінесе сатып алу жиілігіне,
шаруашылықтардың санына, бір шаруашылықтың сатып алу көлеміне,
шикізатты жеткізу қашықтығына, мамандандырудың деңгейіне,
ықшамдылығына және т.б. байланысты болады.
Құрылыс жүйесіндегі логистика
• Логистика – клиенттердің немесе
корпорациялардың талаптарын
қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен
жеткізу нүктелерінің арасындағы реусрстар
ағымын басқаруды білдіреді. Логистика
ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу,
қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік
сияқты құруашылардың бірлесуән қамтиды.
Логистиканың негізгі мақсаттары
• Логистика көптеген кәсіпорындардың
негізгі функцяларының бірі болып
табылады. Логистиканың негізгі көздейтін
мақсаттары жұмыс өнімділігіне және
өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде
бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа
жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде
ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғары
деңгейде пайдалану.
Логистика салалары
• Логистиканы келесідей салаларға бөлуге
болады:
• Қамтамасыз ету логистикасы;
• Өндірістік логистика;
• Тарату логистика;
• Сатудан кейінгі логистика;
• Шығарып тастау логистикасы.
Қорытынды
Қазақстанда жылдан жылға көбейіп келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі
экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып саналады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негізгі қозғаушы
«локомотивтерінің» бірі және алдын ала бағалау бойынша ондағы көмірсутегілердің жалпы
қоры 8,0 млрд тоннаны құрайды. Сондықтан ол күтіліп отырғандай, Қазақстанда көмірсутгілер
өндіру дің неғұрлым елеулі өсімін қамтамасыз етеді.
Минералды және ауыл шаруашылық ресурстардың сандық және территориялық шектеулілігіне
байланысты шикізат базасын кеңейту қажеттілігі жасанды және синтетикалық материалдар
өндірісін құруды және интенсивті дамвтуды талап етті. Осыған байланысты кейбіреуінің қасиеті
табиғи түрде жоқ, жаңа материалдар алуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде неғұрлым
құндылары – шағын салмағы, жылу ұстағыштығы, жылуға төзімділігі, қарапайымдылығы,т.б.
Сонымен қатар жасанды және синтетикалық материалдарды алуға бірдей қасиеттегі натуралды
материалдарға қарағанда аз шығын шығады.
Ресурс-энергия сақтау технологиясын белсенді түрде енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу және
пайдалану жөніндегі қызметті ынталандыру қажет.
Өнімді пайдалану кезеңін экологиялық сертификаттау және төлемдерді жетілдіру бағдарламаларын
түзу мен іске асыру қажет.
Шикізат пен қалдықтарды кешенді пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасау бәсекеге
қабілетті өнімді өндіруге, бағалы құрамдас бөліктерді кәдеге жаратуға әрі онымен бір мезгілде
қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жұмыстар
Өндірісті ұйымдастыру және жобалау
Логистика және микрологистика
Логистикалық жүйе
Ақпараттық ресурстар
Инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы
Логистикалық тізбек және маркетингтік каналдар
Құнды құру тізбегін талдау
Қоймалық технологиялар
Ресурстардың жіктелуі туралы
БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ
Пәндер