Дәріс No8. Бағалы қағаздар портфельін қалыптастыру


Slide 1

Дәріс №8. Бағалы қағаздар портфельін қалыптастыру

Slide 2

Бағалы қағаздар портфелі - бағалы қағаздар нарығы субьектісінің

меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі бағалы қағаздардың жиынтығы. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру барысында оның құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы басқарушы менеджер тәуекел мен табыстың арақатынасы негізінде жаңа инвестициялақ сапаны қалыптастырады.

Slide 3

Қалыптастырылған бағалы қағаздар портфелі - тәуекел дәрежесі мен табыс деңгейіне, қамтамасыз етілуіне қарай корпоративті облигациялар мен акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді. Бағалы қағаздар портфелінің құрылымын бір бағалы қағаздың орнына басқа бағалы қағазды алмастыру арқылы өзгертуге болады.

Slide 4

Инвестор үшін бағалы қағаз портфелі минималды тәуекелділік деңгейінде, тұрақты табысты қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Бағалы қағаз портфелі бойынша табыс - тәуекел деңгейін ескере отырып, қандай да бір портфелде қалыптасқан барлық бағалы қағаздар жиынтығынан түскен жалпы табысты білдіреді.

Slide 5

Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын ескере отырып, нақты бір кезең ішінде портфельге тиесілі тәуекел мен инвестор күтетін табыс арасында балансы бар, әртүрлі бағыттағы портфельді қалыптастыруға болады. Аталған факторлар бағалы қағаздар портфелінің типтерін анықтайды. Бағалы қағаздар портфелінің типтері - бұл табыс пен тәуекелдің арақатынасына негізделген портфельдің инвестициялық сипаттамасы. Портфельдің типтерін жіктеудің негізгі белгісі - курстық құнының өсуі немесе ағымдағы төлемдер (процент пен дивиденд)

Slide 6

Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудағы негізгі қағидалар:

Slide 7

Өсу портфелі - курстық құны өсетін компаниялардың акцияларынан қалыптасады. Бұл типтегі портфельдің мақсаты - дивидендті алумен қатар, портфельдің капиталдық құны да өседі. Алайда дивидендтік төлемдер орташа мөлшерде төленеді. Портфельдің құрамына кіретін жиынтық акциялардың курстық құнының өсу қарқыны портфельдің түрлерін анықтайды:

Slide 8

Өсу портфелінің түрлері:

Агрессивті өсу портфелі

Консервативті өсу портфелі

Орташа өсу портфелі

Slide 9

Агрессивті өсу портфелі - капиталдың максималды өсіміне бағытталған. Бұл протфельдің құрамына жаңадан құрылған және тез өсетін компаниялардың акциялары кіреді. Агрессивті өсу портфелінің тәуекелі жоғары болады соған сәйкес алатын табысы да жоғары болуы мүмкін.

Slide 10

Консервативті өсу портфелі - тәуекелі төмен болып келеді. Аталған портфельдің құрамына танымал ірі компаниялардың акциялары кіреді. Консервативті өсу портфелінің құрамы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалады және капиталдың сақталуына бағытталады.

Slide 11

Орташа өсу портфелі - агрессивті және консервативті өсу портфельдерінің үйлесімділігін білдіреді. Портфельдің құрамы кезеңмен жаңаланып отыратын, ұзақ мерзімге сатып алатын сенімді бағалы қағаздардан тұрады. Сонымен бірге капиталдың орташа өсімі мен салым тәуекелдігінің деңгейі бір қалыпқа түседі. Сенімділік - консервативтік өсімнің бағалы қағаздарымен, ал кіріс агрессивтік өсімнің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етіледі. Инвесторлар тарапынан жоғары сұранысқа ие кең тараған типтегі портфель болып табылады.

Slide 12

Өсу және табыс портфелі - алатын табыстың және курстық құнының төмендеуінен пайда болатын шығынды азайтуға бағытталған. Осы типтегі портфельдің құрамына кіретін қаржылық активтің бір бөлігі капитал құнының өсуіне ал екінші бөлігі пайда алуға мүмкіндік береді.

Slide 13 Slide 14

Баланстандырылған портфель

бұл типтегі портфельге тәуекелі жоғары бағалы қағаздар сонымен қатар жай және артықшылықты акциялар, облигациялар кіреді. Бұл портфельдің ерекшелігі табыстар мен тәуекелдердің балансталуымен сипатталады. Әр түрлі инвестициялық салымдардың комбинациясы капиталдың өсіміне жетуге және жоғары табысты алуға мүмкіндік береді.

Қос бағыттағы портфель

жоғарғы деңгейде табыс алатын бағалы қағаздар кіреді.

Slide 15

Табыс портфелі - жоғарғы деңгейде табыс алуға мүмкіндік береді. Пайызы немесе дивиденді жоғары облигациялар мен акциялардың және басқада бағалы қағаздардың жиынтығынан тұрады. Сенімділігі жоғары бағалы қағаздар нарығының құралдары портфельдің объектісі болып табылады.

Slide 16

Табыс портфелінің түрлері:

Slide 17

Сұрақтарыңыз бар ма?

Slide 18

Тыңдағандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарының операциялары
Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы
Жекелеген қаржылық құралдардың пайдалылық деңгейі мен құнын бағалау
АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ – НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРІ
Ипотекалық несие
АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР
Инвестициялық салымдардың диверсификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz