Гормондар туралы




Эндокриндік жүйе - ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз - қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері) ;
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері) ;
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі) .

Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
өсуді;
ағзаның дамуын;
жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
эмоционалды реакциялардың;
адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.

Эндокринді бездер (эндокринные железы) ; (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon - ішкі, krino - бөлу) - инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) : орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді.

Химиялық табиғатына қарай гормондар төрт топқа бөлінеді:
Белоктік немесе пептидтік гормондар (инсулин, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары) ;
Тироксин, адреналин, норадреналин, т. с. с амин қыш қыл- дарының туындысы болып келетін гормондар;
Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек безі гор- моны, т. б. ;
Жергілікті əсер ететін гормондар (гормон тəрізді заттар) : по лиқанықпаған май қышқылдарының туындысы - простаглан- диндер.

гипофиз
гипоталамус
бүйрек үсті бездері
қалқанша без
бүйрек үсті бездері
жыныс бездері


Қалқанша безінің гормондары. Қалқанша безінің атауы гректің «тиреос» - қалқан, «идос» - ұқсас деген сөзінен шыққан. Қалқанша без гормонының ең қасиетті бөлігі йод болады. Сондықтан ағзаға йод жеткіліксіз болса, қалқанша бездің көлемі ұлғаяды да, без иек астында құстың жемсауына ұқсап шор болып тұрады.


Ұйқы безінің (панкреатиттік без) гормондары. 1869 ж. Лан- герганс ұйқы безінде ерекше аралшалар барын ашты, кейіннен ол аралшалар автордың есімімен аталады. Аралшаларда a жəне b 269 жасушалар типі бар. Олар бір-бірне қарама-қарсы екі түрлі гор- мон - инсулин жəне глюкагон бөліп шығарады. Канадалық ғалымдар Бантинг пен Бест 1921 ж. жаңа туған бұзаудың ұйқы безінен инсулин (латынша «insula» - арал) гормо- нын алып, қант диабетін емдеуде жаңа дəуір ашты.

Бізде инсулин 1922 ж. Г. Л Эйгорнның басшылығымен алын- ды. Ағылшын ғалымы Сэнджер 1955 ж. инсулиннің химиялық құрылысын анықтады. Инсулин - белоктік гормон, оның молекулалық салмағы 6000. Адам жəне жануарлар инсулинінің молекуласы 51 амин қыш қылының қалдығынан құралған, 5 полипептидтік тізбектен тұрады.

Гипофиз (ми қабаты гормондары) . Гипофиз (ми қосалқысы) - омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. Мидың астында орналасқан. Гипофиз - алдыңғы (аденогипофиз), ортаңғы (нақ аралық) жəне артқы (нейрогипофиз) үш бөліктен құралады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары: сомато- тропин, тиреотропин, адренокортикотропин жəне үш түрлі гона- дотропиндер
Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары: окситоцин жəне вазопрессин. Вазопрессин ағзада су-тұз алмасуын реттейді. Вазопрессин түзілу процесі бұзылған кезде адамда зəр көп бөлінеді, оның мөлшері тіпті тəулігіне 20 л шамасына дейін жетеді. Мұндай сырқатқа ұшырағандар суды көп ішеді, сусамыр болады.

Бүйрек үсті безі қабығының гормондары. Бүйрек үсті безінің қабығында үш түрлі гормон жасалып шығады: кортикостерон, кортизол жəне альдостерон. Үшеуі де кортикостероидтар деп аталады. Бұл гормондардың түзілуіне гипофиздің адренокортико- тропин гормоны əсер етеді. Кортикостерон мен кортизол глицерин жəне амин қышқыл- дары сияқты көмірсу емес заттардан глюкоза түзуге қатысады. Олар осылайша қан құрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты да қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Көмірсу емес заттардан глюкозаның түзілу процесін глюконеогенез деп атайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz