Жұмыр құрттар типінің жалпы сипаттамасы. Ішексорғы және үшкір құрттардың құрылысы. Олардың пайдасы мен зияны




Презентация қосу
Жұмыр құрттар типінің жалпы
сипаттамасы. Ішексорғы және
үшкір құрттардың құрылысы.
Олардың пайдасы мен зияны
Жұмыр құрттар - денесі созылыңқы, буылтықтарға
жіктелмеген, цилиндр пішінді, теңіздерде, тұщы
суларда, топырақта, кейбір түрлері адамда,
жануарлар мен өсімдіктерде паразиттік тіршілік
ететін жәндіктер.
Негізгі ерекшеліктері:

- Денесі үш қабаттан тұрады:
ең сыртқы қабат — сірқабық немесе кутикула; ортаңғы қабат —
гиподерма (тері астындағы қабат);
ең астыңғы қабат — бірыңғай салалы бұлшықет қабаты

- Денесі екі жақты симметриялы

- Көпшілігі паразиттік жолмен тіршілік етеді.
Ішексорғы Ол ақ түсті ондай үлкен
емес.Ішексорғының алдыңғы
ұшында ауызы, соңғы бөлігінде
аналь тесігі болады. Аузында үш
еріні бар.Сол еріндері арқылы
ішектің қабырғасына қадалып ,
зақымдаған жерінен қан сорады.
Дара жынысты , аналығынан
аталығы қысқа және
аталығының құйрығы
майысқан.Аналығы 40см, ал
аталығы 20см-ге дейін жетеді.
Ішексорғының
жұмыртқаларының түсі-түссіз,
жіңішке, ұзындықтары 1,05 мм,
тегіс және сыртқы қабаты
жақсы жетілген. Оның
жұмыртқасының бір жағы
тегіс, ал екінші жағы дөңес
және жұмыртқаның ішінде
қоймалжын зат бар. Лас қол
немесе ыдыс-аяқ, жуылмаған
көкөніс арқылы жұғады.
Үшкірқұрт Ол ең көп тараған құрттың бірі.
Оны социал- экономикалық
топтарда көп кездестіреді, әсіресе
балалар арасында. Олар қауіпті емес,
бірақ олар дискомфорт туғызады.
Олар көбіне ақ түсті болып келеді
және ол баланың тік ішегіне көп
жұмыртқа салады. Содан балада
ұйқысыздық, шаршау, іштің өтуі
байқалады.Кір қол арқылы қайта
ауызға түсіп қайталануы мүмкін.
Оның аталығы мен аналығы бөлек
орналасқан нематод түрі.
Аталығының ұзындығы 2-3 мм, ал
аналығының ұзындығы 9-12мм.
Үшкірқұрт үшкірлеу және ақшылт
болып келеді .Бас жағын
микроскоппен қарағанда үш ірі ерні
болады. Аталығының құйрығы
әрдайым құрсағына қарай имектеліп
майысып тұрады. Жасушаның
ішінде бір жасуша бар , ол қара
түсті болып келеді.
Паразит құрттардың көбеюі мен дамуы
1. Үшкірқұрт (Острица.Еnterobius vermicularis)
Үшкірқұрт адамның төменгі ащы шегінде және
тоқ ішегінде мекен етеді. Алдыңғы бөлігі арқылы
шектің қабырғасына бекінеді. Аналықтары
түнде қышу реакциясын тудыра отырып артқы
тесік арқылы қозғалып сыртқа шығады. Әрбір
аналық ішекте ұсталынып қалмайтын етіп
5000-15000 жұмыртқа салады. Ол жұмыртқалар
ақырын төмен қарай жылжып отырып, тік
ішекке түседі. Ал аналығы жұмыртқа салғаннан
кейін бір айға жетпей өледі. Зақымданған
адамның аналь тесігі қышиды. Егер адам
құйрығын тырнаса, ол адамның тырнағының
ішіне острица жұмыртқалары еніп, одан төсек
орынға, ойыншыққа, ыдыс-аяққа, тамаққа түседі
де , сосын қандай да бір жағдаймен адамның 8-сурет Баланың тік
ағзасына енеді. Үшкірқұрттар соқыршекке түсіп
кей кезде адамда соқыршек ауруына себепші ішегінен табылған
болады. Оның адам ішінде өмір сүру уақыты бір үшкірқұрт
ай , бірақ кейде острица кейбір адамда бірнеше
айға немесе бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Жұғу жолдары
Паразит құрттар адамға мынадай жолдармен жұғады:
1.Көбі ауыз арқылы.
А)геоорально- қолды жумағандықтан, тамақпен, жануардың жүнінен,
құстың қауырсынын ұстағанда, топырақ ұстағанда жұғады.
ә)ксентотрофты- шала пісірілген ішінде құрттың жұмыртқасы бар ет
және балық арқылы.
2. қарым-қатынас жасау арқылы:
а)жыныстық жолмен
ә)лас су арқылы
б)ауа арқылы
3.траноплацентарлы жолмен.
Балаға ана құрсағында жатып жұғу жолы.
Транамиссивті- маса, қоңыз , ұлу жәндіктердің жұғуы арқылы.
Паразит құрттар өте көп жұмыртқа салады.Сондықтан олармен дер
кезінде күресу керек. Олар адамға жұққан күнінен бастап ағзаны
уландырады, ал олардың ағзаға жұқандығын оның белгілері арқылы білеміз.
Ауру белгілері:
1. Шаршау
2. Тәбеттің болмауы
3. Ашуланшақтық , жүйкенің тозуы
4. Құсу ,іші өтуі, іштің үрленуі, газдың болуы
5. Сілекейдің көп бөлінуі
6. Қан аздық
7. Бұлшықет пен буынның ауруы
8. Бас ауруы
9. Дене температурасы(37-380) көтерілуі
10. Ұйқының қашуы

11. Денеде аллергиялық бөрту
12. Ұйықтап жатып тіс қайрау
13. Өкпе, (әсіресе бронхо, астма) ауруы.
Санитарлық – гигиеналық талаптар
Қорытынды:
Әрбір құрттың жұққаннан кейін белгісін
беретінін білеміз. Олардың әртүрлі
болатынын ұмытпайық. Мысалы: баланың
ішінде ішексорғы мен үшкірқұрт болғанда
оның шаршағанын, ашуланатынын,
ұйқысының қашуын, ұйықтап жатып тіс
қайрауын байқаймыз. Сиыр цепені кезінде
балаларда тәбеті нашарлап, есте сақтауы
төмендеп талма ауыруына шалдығады.
Үлкендерде іші жиі ауырады.

Ұқсас жұмыстар
Картоптың алтын түстес жұмыр құрты
Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы. Азқылтанақты құрттар класының өкілі, шұбалшаңның тіршілік ортасы және сыртқы құрылысы
Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары
ЖҰМЫР ҚҰРТТАР
Құрт ұрықтары қоздыратын, ларвалды стронгилятоздар
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ СТРОНГИЛЯТОЗДАРЫ
НЕМАТОДТАРДЫ МӘДЕНИЕТТЕНДІРУ
Құрттар бөлімі
Эхинококкоздың емі
Медициналық гельминтология
Пәндер