КӨКШЕТАУ


Slide 1

Көкшетау

Slide 2

Көкшетау - қала, Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 - 1997 ж. Көкшетау облысыныңорталығы болған) .

Slide 3

Халық жағдайы

Қалада тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Білім жүйесі саласында 3 жоғары оқу орны, 13 арнайы орта оқу орындары, жалпы білім беретін 23 мектеп жұмыс жасауда. 2 театр, филармония, қалалық кітапханалар жүйесі, 4 мұражай, көрме залы, 6 клубтық мекемелер қалалықтар мен қонақтарға мәдени қызмет көрсетеді. Қалада дене шынықтыру және спорт саласы жақсы жолға қойылған. 3 стадион, 3 жүзу бассейні, 1 шаңғы базасы, 6 спорт мектебі бар.

Slide 4

Ұлттық құрамы, %

1989 ж., санақ

1999 ж., санақ

2007 ж

Орыстар

-

-

35, 0

Қазақтар

18, 5

36, 0

49, 0

Басқалар

-

-

16, 0

Тұрғыны

Қала тұрғыдары 2010 ж. 146, 933 адамды құрады, ал 1999 ж. санақ бойынша 123, 300 адам болған.

Ұлттық құрамы

Slide 5

Тарихы

Көкшетау - Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған; Бурабай кеніші, Бурабай қонысы. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған.

Slide 6

Өнеркәсіп саласы

Көкшетау қаласындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары: алтын өндіретін “Васильков алтын” бірлескен кәсіпорны, оттектік тыныс алу аппараты, салмақ өлшеу техникасы, су шығынын есептеуіш аспабы, авиация техникасы агрегаттары мен тораптарын жасайтын “Тыныс” акционерлік қоғамы, әуе-ғарыш техникасындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне арналған агрегаттарды өндіретін “Наука-Восток” акционерлік қоғамы. Қалада ауыл-шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар желісі жақсы дамыған. Мысалы, ет комбинаты, май өнімдерін шығару зауыты, астық қабылдау пункті, сусындар шығаратын, жеңіл өнеркәсіп (тігін және тоқыма өнімдері) кәсіпорындары және фарфор бұйымдарын шығаратын зауыт жұмыс істейді. Қалада 4, 5 мың шағын кәсіпорын бар. Шағын бизнес 19, 5 мың адамды жұмыспен қамтыған (2001 ж. ) .

Slide 7

Демалыс орындары

Көкше өңірі сырға толы болғандықтан көптеген демалыс орындарының бар екені мәлім. Мысалы: Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т. б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан. Әр демалыс орындарының өзіндік ерекшеліктері мен сырлары бар. Мысалы үшін: Жеке батыр аңызы көп адамдар біле бермейтін ерекше демалыс орындардың бірі. Жеке батыр көне замандарда Көкше жерін қорғау үшін күндіз түні тынымсыз қарауылдаған. Елінің жан ашыры болып, елдің сүйікті батыры болған деседі. Алайда күндердің бір күнінде Көкшетау жеріне жау шауып, Жеке батыр тұтқиылдан шапқан жауға бір өзі қарсы тұралмай, сол жерде қаза табады. Дәл сол уақытта Жеке батыр жатқан жерден тау пайда болып, Көкше жері жау қолынан қорғалған. Байқап қарасақ шын мәнінде де тау бетіне үңілсек адам бейнесін көреміз.

Slide 8

Ұлттық саябағы[өңдеу]

Көкшетау ұлттық табиғи саябағы - Көкшетау қаласынан 60 км жерде орналасқан қорықтық аймақ.

1996 ж. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында құрылған. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқысы кіреді.

Саябақта 200-ге жуық археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар мен көне заманғы елді мекен орындары бар. Сырымбет тауының маңында 19-ғасырда тұрғызылған ағаш үй сақталған. Онда ұлы ғалым Шоқан Уәлихановқа тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылған.

Саябақтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі. Жануарлардан: бұлан, елік, борсық, түлкі, орман сусары, қасқыр, орқоян, ақтиін, құр мекендейді. Оларды аулауға тыйым салынған. Мұнда биотехникалық жұмыстар жүргізіледі: жабайы аңдарға арнап пішен, ағаш жапырақтары мен бұтақтары дайындалады, тұз себілген алаңдар жасалады. Саябақ жерінде туризм жақсы дамыған.

Slide 9

Көкшетау табиғаты туралы аңыз - әңгімелер

Slide 10

"Оқжетпес" туралы аңыздар

«Арқада жер жетпейді Бурабайға» дегендей, Бірабайдың төсінде аңызға толы «Оқжетпес» бар. Сол тау туралы бізге жеткен аңыздарға тоқталайық. Тіпті, ол туралы ақындардың өлеңдерінде де кеңірек айтылады.

Slide 11

Ертеде Қарауыл ауылдарының бірінде елдің көркі, бірақ дұшпандардың көз құрты болып апалы-сіңлілі үш қыз өмір сүреді. Үшеуі де бірінен-бірі өткен хас сұлулардың өзі болады. Орталарындағы жалғыз бауырлары Оқжетпес беті қайтпас ба­тыр болып өседі. Үш апасын қызғыштай қорғап, қамқоршы бола біледі.

Әбден өшіккен жау қапылыста баса көктеп, елді шауып, үш ару мен бауыры Оқжетпесті анталап қоршауға алады. Төртеуі шегіне атысып, кейін жылжи береді. Бір кезде ту сырттарына қараса, сыңсып тұрған жасыл орман, бау-бақша, мөлдір көл, көгілдір тауларды көреді. Құс жыртылып айырылады. «Туған жердің мұндай балауса бағын арам ниет дұшпандардың қара табанына қалай таптатамыз, қасиетті топырағымызды қалай ойрандатамыз, өзімізді қалай қорлатамыз?» - деп қайраттанған Оқжетпес пен оның үш ару қарындасы қатарласып, жауға қасқая қарсы тұра қалады да, шапса, алмас қылышы майыры­латын, сүңгітсе, қара найзасы қайырылатын, атса, оғы асып түсе алмайтын қамал тасты тік қаптал құзар шыңдарға айна­лып кетеді.

Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен:Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі - Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.

Slide 12

Бурабай туралы аңыз

Ескі аңыз-әңгіме бойынша Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суымен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын-шіркейлері тіршілік етеді. Табиғаттың осы бір көркем де сұлу таңғажайып бұрышын қазақтар ежелден-ақ Бурабай деп атаған. Бұл бура деген сөзден шыққан (түйенің атауы) . Халық Көкшетау өңірінде өмір сүрген түйелер туралы да аңыз сақтап қалған. Ол тау етегінде жайылып жүріп жау әскерінің жақындағанын сезіп, халықтың басына төніп тұрған қауіпті өзінің түйеге тән даусымен халыққа ескертіп отырған. Осы аңызға сәйкес Көкшетау тауларының бірінде екі өркешті түйенің бейнесі сақталған.

Slide 13

Биші қайыңдар. Билейтін орман туралы аңыз

Қазақстанда атақты Әулиекөлге жақын орналасқан «Биші қайыңдар орманы» бар. Бір-бірімен бітесіп, майысып өскен қайыңдардың керемет көрінісі келушілерді таңдандырмай қоймайды.

Slide 14

Аңызға сүйенсек, «Бурабай маңындағы ауыл жастары орман ішіндегі алаңқайға жиналады екен. Жігіттер мен қыздар ойын ойнап, ән шырқап, би ұйымдастырады. Хан жастардың талантын естіп, бұл нәрсені өз көзімен көрісі келеді. Бірақ ол жаққа бара алмайды да, жасырын түрде бармақ болады. Қарапайым жігіттің кейпінде хан ойынға келіп, қалың жұрттың арасына сіңісіп кетеді. Бір ойын екінші ойынға жалғасып, жиналғандарға би өнерін көрсететін уақытта келіп жетеді. Алаңқайдың ортасына толған айдың сәулесімен шағылысып, қайыңдай болып қыздар шығады да, билей бастайды. Айналған ақ көйлектер желбірі, бас киімдегі үкі қанаттары өз үйлесімін тауып, бәрі керемет билеп жатты, осы уақытта шыдамаған хан: «-О, тамаша сиқыршылар, бақытты болыңдар!»-деп айқайлап жібереді. -Мынау, хан иеміз ғой, - деп көптің арасынан біреу танып қояды. Сол кезде жиналғандардың бәрі хан аяғына жығылуға жүгіреді. Биші қыздар ұялғаннан қайда тығыларын білмей, бұралған күйлерінде биші қайыңдарға айналып кетіпті». Міне, бұл «Арқаның кербез сұлу Көкшетауында» орналасқан керемет жерлердің бірі. Табиғаты тылсым, жаратылысы таңдай қақтыратын «биші қайыңдардың» айтылмаған сырлары көп сияқты. . . Бұл қазіргі кезде Бурабай демалыс орнының ең көрнекілі орындарының бірі болып саналады.


Ұқсас жұмыстар
Көкшетау І.Жансүгіров
Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты
Қазақстанның ірі қалалары
Қашқын шоқысы
Шыңғыстаудың биіктігі Баянауылдың биіктігі
Уақыттың қадірін білгің келсе
КӨКШЕТАУ СӘКЕН
Бала Шоқан әңгімесі Сапарғали Бегалин туралы ақпарат
Сәкен Жүнісов атыдығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz