Ма ғжан Жумабаев (1893-1938)


Slide 1

Мағжан Жумабаев

(1893-1938)

Slide 2

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Молодежное селосы) Сасық көл деген көлдің жағасында әулетті жанұяда дүниеге келді. Ақынның әкесі Бекен Қазан революциясына дейнгі кезеңдегі ірі қазақ байларының бірі, Қызылжар өңіріне Кеңес өкіметі келгенше ол Полудин өңірінің болысы болған адам. Бекенде жеті ұл, екі қыз болған. Сол балаларының үшіншісі Мағжан. Мағжан төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады. Мағжанның оқу ға зеректігін көрген әкесі оны 1905 жылы Қызылжар қаласындағы Шалақазақ медресеге оқуға берді

Slide 3

Бұл медресені Стамбул университетінде оқып дәріс алған, араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген жергілікті интеллегент Мұқаметжан Бегішев ашқан екен. Ол өзі шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан бұл медресені 1910 жылы 17 жасында жақсы үлгілеріммен бітіреді. Ол арабша, парсыша, түрікше тіл біліп, сол тілдердегі әдебиетпен таныса бастайды. Оның ақындық талантының ояна бастағаны да осы жылдар болса керек. Оқуға зерек баласының бетінен қақпайтын ата-анасы Мағжанның оқуын әрі қарай жалғастыруына қарсы болмай, оны Уфадағы Ғалия медресесіне дәріс алуға жібереді.

Slide 4

19 жасар Мағжанның алғашқы өлеңдер жинағы «Шолпан» деген атпен Қазанда басылып шықты. Осы кезден бастап-ақ жас дарынның есімі тек қазақ оқырмандарына ғана емес, татар, башқұрт және басқа түрік тілдес халықтарға танымал бола бастады. Ақындық жолына айқын түскен Мағжан Жұмабаев өзіннің білімін байыту ниетімен Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясына түседі. Онда оқып жүргенде ол орыстың, батыстың әдебиеті мен тарихын көп оқып, көп зерттейді. Мағжан Омбыда Пушкиннің, Лермонтовтың, Гетенің, Гейненің, Байронның және басқа да көптеген орыс батыс ақындарының шығармаларын тәржімелеп, қазақ оқырмандарына таныстырады.

Slide 5

Мағжан Омбының мұғалімдер семинариясын тәмамдағаннан соң біраз жылдар бойы шығармашылықпен айналысады. 1918 жылы Омбыда шыққан «Балапан» қолжазба журналы мен «Кедей сөзі» газетінің жауапты редакторы, Омбы қаласында ашылған қазақ мұғалімдерін дайындайтын курстың директоры (кейін Петропавлғ көшіріліп, педтехникум болған, қазір орыс-қазақ балалары аралас оқытылып жүрген гуманитарлық-педагогикалық коледж) болып істеген.

Slide 6

Мағжан Жұмабаевтың 1920-шы жылдардағы жыр жолдарына үңіле қарап, зейінмен зерттей оқысақ, байқатынымыз халқымыздың ғасырлар бойы тырнақтап жинаған асыл қазыналарын-әдебиетін, тілін, мәдениет, әдет-ғұрып, әнін, күйін жоғалта көрме, айырылып қалма деп ескертеді. Ұрпағым, сендер сол мұрадан көз жазып қаласың-ау, - деп зар қағады.

Қазақ жастарын өнер-білімге, жоғары мәдениеттілікке шақырады. Жастарды ізгілікке, инабаттылыққа меңзеген ерекшелік Мағжан поэзиясында тұтастық тауып, айшықталып тұрады.

Slide 7

Патшалық заманның қатыгездігінен, үстемдігінен бұғып, қорқым қалған халқын ұлы ерлектерге, бостандық теңдік үшін күрестерге жігерлендіру үшін еліміздің тарихын, хандарының, батырларының ерлектерін тамаша да әсерлер жырлайды. 1920 жылдардың басында Мағжан Қызылжар қаласында «Бостандық туы» газетінде және аш адамдарға көмек көрсету комитетінде істейді, 1922-1923 жылдары Ташкентте оқу-ағарту институнды оқытушы болады әрі сонда шығып тұрған «Ақ жол» газеті мен «Шолпан», «Сана» журналдарына өлең-жырларын бастырып тұрады.

Slide 8

Мағжан Жұмабаев 1923-1927 жылдары Мәскеудегі Шығыс әдебиеті институтына түсіп оқиды, әр қызмет істейді. Мәскеуде Мағжан М. Горькийдің «Сұңқар жыры» кітабын қазақ тілінде бастырып шығарады. Қазақ өзбек және түркмен әдебиеттерін үш томдық жинағын В. Брюсовтың тапсыруымен Мағжан баспаға дайындайды. Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде қазақ әдебиетінің тарихы мен қазақтың әдеби тілінің стилистикасы деген тақырыпта лекция оқиды. Осы еңбектерін де баспаға дайындайды.

Slide 9

«Батыр Баян», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» және басқа жыр, дастандар әдебиетіміздің алтын қорына қосылған шоқтықты туындылар… Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық алуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін, деген екен.

Мағжан Жұмабаевтың кітаптары әлі аз. Баспадан шаққан оның кітаптарының тиражы да көп емес. Сол себептен жыр сүйер қауымға жерлесіміз, ұлы ақын Мағжан Жумабаетың ең таңдаулы шығармаларын ұсынып отырмыз.

Slide 10

1937 жылдың март айында Алматыға келген Мағжанды Сәбит Мұқанов өзі жападан жалғыз қарсы алады. Ол жөнінде. «Қазақ әйелдері» журналындағы естелігінде Мағжанның зайыбы Зылиха жазды. Сол күні Мағжан мен Зылиха Сәкен Сейфуллиннің үйінде қонақ болады. Сәкен сол жылы 24 сентябрь күні тұтқындалды, ал «Сәбит өзінің қателерін мойына әлі толық алып болған жоқ» деп тапқанғынан босатылып, көп кешікпей партиядан шығарылды. Сонда Сәкен мен Сәбитке ашық қойылған айып-Мағжан Жұмабаевты қанаттарының астына алып, байшыл-ұлтшылдармен ауызжалпсуларын қоймай келеді» - жалалар болатын.

Slide 11

Ал Мағжан Алматыға келгенмен ешқандай жұмысқа орналаса алмай көп қиыншылық көреді. Бұрынғы таныс жолдастарының көбі одан ат-тонын ала қашады. Өйткені бұл әйгілі 1937 жыл еді. Ақыры сол 1937 жылдың 28-ші декабрін де Мғжан ежовшылардың қанды шеңгеліне түсті. Бұл жолы арашалайтын кісі табылмады. НКВД-ның 1938 жылғы 11 ақпандағы № 377 іс хаттамасында жалғыз ауыз сөз жазылған: «Мағжан Жұмабаев қылмысты істер кдексінің 58 бабының 7, 8, 10, 11 - баптары бойынша қылмысты деп табылып ату жазасына кесілсін».

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Мағжанның сөзі
Мағжан Жұмабаев Түркістан өлеңі
Аталар өмірінен"
Қазақ ақыны
Таза бұлақ
Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары
Мағжан – ақынның ақыны
Айқап журналының қазақ тарихындағы орны
Қазақтың бес арысы
Дара және күрделі сан есім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz